Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет35/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

өз бастамасы бойынша істі бір органнан бір органға береді не өзінің іс жүргізуіне қабылдайды және 
оларды осы Кодексте белгіленген тергеулігіне қарамастан тергеп-тексереді
Ал бұл аталған кодекстегі тергеп-тексеру қағидаттарына қайшы келеді.
Атап айтқанда, ҚР Қылмыстық процестік кодекстің 23-бабының 1-бөліміне сай қылмыстық сот 
ісін жүргізуде айыптаушы мен қорғаушы тараптардың жарыспалылық пен тең құқықлық қағидатына 
көлеңкесін түсірмек. 
Яғни, бұл біржақты тергеп текерудің жүргізілмейтініне нық сенімнің болмауына күмән туды-
рады. ҚР Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 3-бөліміндегі кінәсіздік призумциясы қағидатына 
сәйкес туындаған күмән күдіктінің, айыпталушының, сотталушының пайдасына шешілуі тиіс
Жалпы, қылмыстық пен қылмыстық процесс заңнамаларының мақсаттарын жүзеге асы-
руда, Қылмыстық пен Қылмыстық процестік кодекстері бір-бірімен тығыз байланыста болады. 
Қылмыстық кодекспен байланыссыз Қылмыстық процестік кодексінің ережелері ешқашан еш жерде 
қолданылмайды. Қылмысқа қатысты субъективті факторларға қарамастан оған Қылмыстық кодекстің 
нақты бабын қолдану тәртібі біріңғай болуға тиіс. Қылмыстық құқық нормасын қолдану процеду-
расы қылмыстық процестік заңында орнықтырылған. Демек, аталған қайшылықтар ҚР Қылмыстық 
кодекстегі заңдылық қағидатына кері әсерін тигізбей қоймайды.
«Ағаш ұрлау туралы заң жөніндегі айтыстар» деген еңбегінде К. Маркс былай деп жазған: 
«Мысалы, өсімдіктер нысандары өсімдіктермен, ал жануарлар нысаны – жануарлардың етімен және 
қанымен қаншалықты тығыз байланысты болса, сот процесі мен құқық бір-бірімен соншалықты тығыз 
байланысты. Бір ғана рух сот процесін де, заңды да жандандыруға тиіс, өйткені процесс заңның өмір 
нысаны ғана, демек, оның ішкі өмірінің көрінісі... Егер нысан мазмұн нысаны болып табылмаса, онда 
ешқандай құныдылық болмайды». 
Сондықтан, прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында жасырын тер-
геу әрекеттерін санкциялау өкілеттіліктерін судъяның құзіреттілігіне беру қажет. Сондай-ақ, шет 
мемлекеттеріндегі аталып отырған модель ҚР Конституциясының 75-бабы мен судъялардың қызметін 
реттейтін заңнамларға да сай, санкциялау соттық құзыреттілігіне кіреді, яғни ұлттық моделге де қайшы 
келмейді. 
Неміс зерттеушісі Катарина Грефин фон Шлиффеннің сөзімен айтқанда, сот өндірістің қашан 
басталатындығын, қалай өтетіндігін, алғашқы нәтижесін де сот өзі анықтайды. Зерттеушінің «Өндірістің 
алғашқы нәтижесіне» – деген пікіріне сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі жасырын тергеу әрекеттерін 


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
66
санкциялауды жатқызуға болады. Сол себепті, әр қылмыстық іс бойынша әділ үкім шығаратын және 
ол үшін жауапты тұлға судья болғандықтан, прокурор қылмыстық процеске тергеп-тексеруші тұлғасы 
ретінде қатысуында жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау өкілеттілігінің де сотқа өткені абзал. 
Бұл модельдің сот құзіреттілігіне өтуі, ҚР Президентінің судъялардың бесінші съезіндегі: «Соттар 
қызметінің тиімділігі олардың шығарған шешімдерінің әділеттілігі мен жедел және толық орында-
луы – кез-келген мемлекеттің демократиялық дамуының негізгі көрсеткіші. Соттардың шешімдеріне 
қарап, қоғамның мемлекетке деген көзқарасы қалыптасады, заңның үстемдігін қамтамасыз ету және 
азаматтардың мүдделерін қорғау қабілеттілігі бағаланады» – деген пікірі жүзеге асырылмақ. 
Қылмыстық процеске қатысушы тараптардың жарыспалылық пен тең құқықлық қағидатын 
жүзеге асырудың тағы да бір жолы республикамыздағы қоғамдық қатынастарды реттеуде «Жеке детек-
тив туралы» заңның кейінге қалдырмастан қабылау қажеттігі туындауда. Аталған заңның қабылдануы 
әділеттіліктің туын желбіретіп қана қоймай, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарының ашылуына да 
(оның ішінде құқыққорғау органдарынан зейнетке шыққан кәсіби мамандарына да, жұмыссыз жүрген 
заңгер мамандығын игерген жастарға да ж.т.б қатысты), мемлекетке салықтардың төленуіне де оң 
әсерін тигізбек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет