БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж.
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г.
65
—
жасөспірім кезеңіндегі дағдарыстардың
ерекшелігі;
—
жасөспірімдердің жыныстық жетілуі;
—
еліктеу және оның маңызы.
Аталмыш кезеңдегі бала психологиясындағы
өзгерістерге мән беріп психодиагностикалық
әдістер жүргізіп, дер кезінде кеңес беріп, түзету
жаттығулары арқылы дер кезінде көмек беру әр
психолог маманның, ұстаздың, ата-ананың және
тәрбиешінің міндеті.
Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы
девиантты әрекеттерден арылтуда келесідей
мәселелерді де ескеру қажет:
—
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
(газет, журнал, радио, телепрограмма) қоғамның
назарын аудару;
—
жастар арасында салауатты өмір салтын
насихаттайтын ақпараттар тарату (жарнамалар,
аудио-видиоматериалдары);
—
білім беру ұйымдарында нашақорлыққа,
ішімдікке
және
т.б.
қарсы
пікірді
қалыптастыратындай практикалық сабақтар,
тренингтер өткізу.
Әрбір
девиантты
мінез-құлықты
жасөспірімнің өзіне ғана тән қайшылықтары
болатындықтан, оны тәрбиелейтін мұғалімнің
сан салалы тапқырлықты қолданатын, жан-
жақты білімдар ұстаз болуын талап етеді.
Сондықтан да тәрбие жұмысын балалардың
жасына, мінезіне қарай жүргізу педагогтан, ата-
анадан үлкен ұстамдылықты, нағыз шеберлікті
талап етеді. Оқу жылының барысында да, жазғы
демалыс кезінде де ата-ана дұрыс тәрбие беріп,
олардың ұжымшыл болуына ықпал жасау керек.
Қорыта келгенде, жоғарыда шолу жасалған
мәселелердің шешімі – психодиагностикалық
әдістер мен түзету жолдарын өзіміздің
ұлттық ерекшеліктерімізді ескере отырып
таңдау қажет, себебі қандайда бір шараны
қолданар кезінде әр адамның жеке және жас
ерекшеліктерімен қатар, ұлттық ерекшеліктерді
ескеру айтарлықтай нәтиже бермек. Демек,
жасөспірімдердің бойында ауытқымалы мінез-
құлық нышандарынан арылу арқылы, олардың
бойына қоғамда қабылданып, орнығып келе
жатқан рухани жаңа құндылық бағдарларды
соның ішінде, ұлтжандылықты, азаматтылықты,
жоғарғы моральдық және адамгершілік қадір-
қасиеттер мен мұраттарды, өзге ұлт өкілдеріне
деген құрмет пен сыйластықты, қоғамдық
тәртіп ережелері мен құқықтық нормаларының
талаптарын мүмкіндігінше орындаушылықты
қалыптастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: