БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж.
МЕНЕДЖМЕНТ В
ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г.
71
үдерісіне тікелей әсер ету;
—
баланың
құқықтары
мен
қызығушылықтарын, түрлі инстанцияларда
және мектепте баланың қорғанышы ретінде өзі
немесе басқа да мамандарды қатыстыра оты-
рып қорғайды;
—
отбасына бала тәрбиелеу бойынша
әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету.
Тұлғалық қалыптасу үдерісіне кері әсерін
тигізетін әлеуметтік жайсыз отбасыларды
анықтайды;
—
қорғаншылары мен қамқоршыларды
қажет ететін балалар мен жастарды анықтау
және есепке алу жұмыстарын жүргізеді;
—
мінез-құлқында ауытқу байқалатын
балалар
мен
жастарды
дер
кезінде
анықтау,
асоциалдық
мінез-құлықтың
алдын
алу
жұмыстарын
(қылмыстың,
құқық
бұзушылықтың,
маскүнемдіктің,
таксикоманияның, наркоманияның және т.б. ал-
дын алу);
—
салауатты өмір салтын ұйымдастыру
мәселелерімен
айналысады, оқушылардың
ақыл-ой және физикалық дамуына байланысты
түзету, оңалдыру әрекетін ұйымдастырады;
—
түрлі
әлеуметтік
топтарда
сенімді қарым-қатынасқа түсе алуына көмек
көрсету, әлеуметтену үдерісіне (кәсіп таңдауда,
жұмысқа тұруда, денсаулығын нығайтуда, бос
уақыттарын ұйымдастыруда және т.б.) ықпал
ету;
—
ата-аналарға, педагогтарға, басқа да
ұйымдардың қызметкерлеріне әлеуметтік-
педагогикалық кеңес берумен айналысады.
Сонымен қатар:
—
балалар мен отбасының мүшелеріне
жүргізілетін
психодиагностикалық,
психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп,
сараптайды және өңдейді;
—
социумдағы
әлеуметтік
жағдайды
зерттейді және оған болжам жасау арқылы от-
басы мен балаларға әлеуметтік-педагогикалық
нақты көмек формаларын және түрлерін
ұсынады;
—
баланың жан-жақты психологиялық да-
муына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс
көзқарасты жою, салауатты өмір салтына
оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы
дамуының бұзылуы себептерін анықтап, алдын
ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат
жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың
психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары
болуын қамтамасыз ету [2].
Қазақстан Республикасының мемелекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандартында
болашақ әлеуметтік педагогқа қойылатын
өмірдің өзгерістері мен белгісіздіктің қарқынды
дамуы
жағдайында әлеуметтік, экономикалық,
кәсіптік рөлдердің ауысуына, әлеуметтік
жинақылыққа қойылатын талаптар көрсетілген.
Ол қазіргі өмір сүру қоғамы мен қоршаған
ортаның проблемаларына біртұтас және жүйелі
талдау жасау қабілеттілігі: педагогикалық
еңбектің жоғары сапасы мен тиімділігін
қамтамасыздандыру, өндірістік жағдаяттарды
анықтау, мақсатқа лайықты шешім қабылдау
қабілеті; диагностикалық негізде білім беру
ұйымдарының
түземе-тәрбиелік
үдерісін
жобалау моделін жеке таңдау, балалардың,
жеткіншектер мен жастардың құзыреттілік
дамуының Индикаторлары жүйесі негізінде
баланың даму резервтерін анықтауды жүзеге
асыру жатады [1].
Сондай-ақ, жалпы білім беру пәндері
бойынша білімділігіне қойылатын талаптар:
—
Қазақстан
тарихын,
философияны,
қазақ/орыс/шет тілдерін, информатика мен
экологияны қарастырылатын көлемде білу;
—
әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану
бакалаврінің кәсіптік іс-әрекетіне қажетті
әлеуметтік-гуманитарлық
және жаратылыста-
ну негіздерін меңгеру;
—
әлеуметтік тәжірибесін, негізгі құндылық
мәдениетін үйрену, сақтау мен жеткізу тәсілдері
туралы түсініктерінің болуы;
—
қоғамның даму заңдарын және оның
әлеуметтік-саяси, құқықтық, экономикалық,
экологиялық
негіздерін
ұғынуды
қамсыздандыратын жеке тұлғаның тұлғасын
қалыптастыруды, сондай-ақ мәдени-тарихи
құндылықтарды, тілдік қарым-қатынастарды,
компьютерлік ақпараттандыру мен салауатты
өмір салтын білуі;
—
қазақстандық құқықтық жүйе мен заң
шығарушылық негіздерін, кәсіптік іс-әрекет
саласындағы құқықтық және адамгершілік-
этикалық нормаларды білуі тиіс.
Әлеуметтік педагогтың кәсіби рөлі және
байланысы:
—
әлеуметтік қызметкер;
—
заңгер, қорғаушы;
—
мұғалім;
—
психолог;
—
кеңес беруші, көмекші;
—
сарапшы;
—
медик;
—
делдал.
Әлеуметтік педагогтарды даярлау –
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж.
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г.
72
педагогикалық әрекеттің жаңа бір саласы.
Әлеуметтік білім беру тәжірибесін жинақтау
ондағы әлеуметтік білім беру мемлекеттің
әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға, елдің адами
капиталының қалыптасуына,
азаматтардың
бәсекеге қабілеттілігін, инновациялық ептілігін,
белсенділігін арттыруға ықпалын тигізу ұлттық
мүддеге сәйкес екендігін көрсетті. Көпшілікке
мәлім, әлеуметтік педагогика институты 1990
жылы ендірілген болатын. Оған әлеуметтік
өмірді ізгілендіру және демократияландыру
үдерістерін пайымдау алғышарт болды. Соңғы
20 жыл ішінде әлеуметтік педагогиканың
институтының құрылуы мынадай үш міндетті
шешуді талап етті: қоғамда әлеуметтік
педагогтардың кәсіптік қызметі саласын
қалыптастыру, ғылыми білімнің сәйкес саласын
дамыту және маман даярлаудың жүйесін жасау
[1].
Ресейде
әлеуметтік
педагогтарды
дайындауда біршама өзгешеліктер бар. Мәселен
ондағы әлеуметтік педагогтарды дайындаудың
құрылымдық жүйесі келесідей бағытта
жүзеге асырылады. Бұл білім берудің келесі
деңгейлерінде анық көрінеді: 1) кәсіптік және
медициналық училищелерде (лицейлерде)
берілетін бастауыш әлеуметтік
білім беру; 2)
колледждер немесе техникумдарда берілетін
орта арнайы әлеуметтік білім беру; 3) бакалавр
деңгейіндегі жоғары әлеуметтік білім беру;
4) университеттерде, академияларда және
институттарда желілік модельдермен 5–6 жыл
ішінде терең жоғары кәсіптік білімді маман
деңгейінде даярлайтын жоғары әлеуметтік білім
беру; 5) кәсіптік және арнайы пәндер циклдері
бойынша зерттеу-талдаушылық және оқытуға
бағдарланған магистр даярлайтын жоғары
әлеуметтік білім беру; 6) жоғары оқу орнынан
кейінгі әлеуметтік бағдарлы аспиранттық
даярлық.
Ал біздің елімізде тәуелсіздік алған кезден
бастап, әлеуметтік педагогика, әлеуметтік
жұмыс мәселелері туындауы осы саладағы
қызметкерлерді
даярлаудың
қажеттілігін
арттыра түсті. 1991 жылы аталмыш мамандық
классификаторға енгізілгендіктен, еліміздің
бірнеше оқу орындарында ашылған болатын.
1992 жылы жалпы білім беретін орта
мектептерде әлеуметтік педагог қызметін
ендіру жағдайы қолға алына бастады.
Дегенменде ол уақытта әлеуметтік педагогтар
орта мектеп жағдайына аса қажет болғанымен,
елдегі
барлық
оқу-тәрбие
мекемелерін
әлеуметтік педагогтармен қамтамасыз ету
мүмкін болмады. Сондықтанда әлеуметтік
педагогтың қызметтерін мектеп мұғалімдері
атқарды. Осыған байланысты сол кезеңдерде
мұғалімдердік
әлеуметтік
педагогикалық
қызметке дайындау бағытындағы ғылыми
зерттеу жұмыстары жүргізіліп жинақталды.
Араға біршама уақыт салып, Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің
2005 жылдың 19 наурызындағы № 185
бұйрығына және 2010 жылдың 8 ақпанындағы
№ 42 бұйрығына сәйкес Қазақ мемлекеттік
қыздар
педагогикалық
университетінде
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігінің әлеуметтік педагогика және
өзін-өзі тану мәселелері бойынша жоғары
және жоғары білімнен кейінгі білім берудің
Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі секциясы
жұмыс жасай бастады. Секция «Әлеуметтік
педагогика және өзін-өзі тану», «Педагогикалық
өлшемдер»
мамандықтары
бойынша
жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру
стандарттарын, типтік оқу бағдарламаларын
және
оқу-әдістемелік
әдебиеттерді
даярлауды
ұйымдастыру
бағытындағы
жұмысқа басшылық етіп келеді. «Жоғары
педагогикалық білім беру жүйесінде мамандар
даярлауды
әдіснамалық,
оқу-әдістемелік
және ақпараттық-технологиялық жағынан
қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбындағы
секцияның
мәжілістерінде
(2008–2012
жылдары) жоғарыда аталған мамандықтар
бойынша білім берудің мазмұнын жетілдіруді
әлемдік білім кеңістігінде ғалымдардың
әдіснамалық, теориялық қағидалары және
жоғары мектептің практикалық тәжірибелері
негізінде ұйымдастыруды ойластырып, жұмыс
жүргізудің жолдарын қарастырды. Оның
ішінде «Білім беру» тобы мамандықтары
мемлекеттік
стандарттарының
тәрбиелік
әлеуетін, үздіксіз педагогикалық практика
жүйесі, бейіндік оқытудың теориясы мен
технологиясы, жаңа мамандықтар мәртебесін
анықтаудың
ұстанымдарының сипаттамасы
Ресей
Федерациясы
және
Қазақстан
Республикасы
ғалымдарының
ғылыми-
практикалық тәжірибесінде көрініс тапты;
бесіншіден, осы бағытта «Қос дипломдық
білім беру» бағдарламасын іске асыру үшін
Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарымен
шығармашылық байланыстар орнатылуда. Бұл
тәжірибені пайдаланғанда әлеуметтік білім
берудің бейімділік, икемділік, үнемі дамушылық,
сабақтастық,
болжаушылық,
тұрақтылық,
тұтастық сияқты түпнұсқалық қасиеттері
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж.
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г.
73
бар екенін, Қазақстандағы әлеуметтік өмір
ерекшеліктерін, еңбек нарығын, бизнес пен
жұмыс берушілердің талаптарын да ескерген
жөн.
Бүгінгі күні әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің жалпы және этникалық
педагогика кафедрасында және еліміздегі
өзгеде
Педагогикалық
университеттерде
әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
саласы мамандары бакалавриат (4 жыл)
магистратура (2 жыл) және 2014 жылдан бастап
доктарантура (3 жыл) деңгейінде даярлануда.
Сондай-ақ, оқу орындарында соңғы жылдары
ендірілген «Тұлғаның дамуына арналған білім
беру», «Тұлғаның әлеуметтенуі», «Әлеуметтік-
педагогикалық акмеология», «Жеке тұлғалық
және кәсіби өсу» атты таңдау пәндері әлеуметтік
білім беру мазмұнын, жастардың өмірлік
тұжырымдарын байытуда.
Достарыңызбен бөлісу: