Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет6/29
Дата10.01.2017
өлшемі2,33 Mb.
#1601
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

 
ӘДЕБИЕТТЕР  
 
1.
 
Қыраубайқызы А. Ежелгі әдебиет. – Астана: Елорда, 2001. – 224 б. 
2.
 
Жолдасбеков М. Асыл арналар. – А., 1986. 
3.
 
Қорғанбеков  Б.  Қожа  Ахмет  Ясауидің  «Диуани    хикметі»  және  қазақ 
фольклоры: Монография. – Астана: Сарыарқа, 2012. – 256 б. 
4.
 
Кенжетай Д. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы. – А.: Арыс, 2008. – 360 б. 
5.
 
Еңсегенұлы  Т.  Көне  түркі  шығармаларындағы  дәстүр  жалғастығы. 
/Түркология, №6 (62), 2012. 
6.
 
Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. – А., 1993. 
7.
 
Оғыз нама. Ұлттар баспасы. – Пекин, 1986. 
8.
 
Мағауин Е. Ел қамын жеген Едіге. Жыр мәтіні және зерттеу. – А.: Атамұра, 
1996. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  этой  статье  рассматриваются  художественные  особенности  раскрытия  образов 
мудрецов, советников в казахском фольклоре.  
(Тлеукабылов  К.  Раскрытие  образов  мудрецов,  советников  тюркского  дастана  в 
казахском фольклоре) 
 
SUMMARY 
This  article  deals  with  the  fictional  peculiarities  of  revealiny  the  seatures  of  wisemen  and 
advisers in Kazakh folklore. 
(Tileukabylov  K.  Revealiation  of  the  Feature  of  Wisemen,  Adviser  of  Turkic  Dastans  in  the 
Kazakh Folklore) 
 
 

46 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
ӘОЖ. 818 992 71 
 
Ә.ТӘШІМОВА 
Шымкент университетінің магистранты
 
 
РАХМАНҚҰЛ БЕРДІБАЙ – ӘДЕБИ ПОРТРЕТТІҢ ШЕБЕРІ 
    
 
Мақалада  ғалым-сыншы  Р.Бердібайдың  1960-1990  жылдардағы  әдеби  сын 
еңбектеріне,  шығармашылық  портреттеріне  шолу  жасалынады.  Р.Бердібай 
жазған  М.Әуезов,  Ғ.Мүсірепов,  Ә.Тәжібаев,  Ә.Әлімжанов  сынды  қазақ 
қаламгерлерінің  әдеби  портреттеріне  тоқталған.  Дарынды  қаламгерлеріміздің 
суреткерлік  келбетін  аша  білген  Р.Бердібай  қаламынан  туған  әдеби 
портреттер әдебиетімізге қосылған  сүбелі үлес екені дау тудырмайды. Автор 
аталмыш шығармашылық портреттерді талдай келе ғалым-сыншыны портрет 
жазудың шебері деп есептейді. 
 
Кілт  сөздер:  сын  жанрлары,  әдеби  портрет,  рецензия,  әдебиет, 
шығармашылық. 
 
Рахманқұл Бердібай  әдеби сынға  елуінші жылдардардың орта тұсында 
келіп, замандастары  Серік Қирабаев, Айқын Нұрқатов, Тұрсынбек Кәкішев, 
Мырзабек  Дүйсенов,  Қалжан  Нұрмаханов,  Мүсілім  Базарбаев,  Нығмет 
Ғабдуллин,  Әбділхамит  Нарымбетовтермен  үзеңгі  қағыса  жүріп  өскен, 
сынның қатардағы сарбазынан сардарлыққа көтерілген  көрнекті өкілі. Әдеби 
өмірге зер сала қарасақ, әдебиетке таланттар легі толқын-толқынымен келеді. 
Бір буын талантты сыншылар деп осы Рахманқұл ағаның тұстастарын айтуға 
болады. Сыншының  әдеби ортаға танымал етіп, топжара енуіне ықпал еткен, 
оның  әдеби  сын  мақалалары  болатын.  Ғалым  мақалаларын  жанрлық 
тұрғыдан  жіктейтін  болсақ:  әдеби  портрет,  шолу,  рецензия  т.б.  көптеген 
әдеби сынның жанрларында жазған. 
Рахманқұл  Бердібайдың  сыншылық  шығармашылығында  айрықша 
тоқталатын мақалалар шоғыры – әдеби портреттер. Әдеби портретке көбірек 
зейін  салып,  қазақ  әдеби  сынын  жанрлық  жүйеде  зерттеп  жүрген 
ғалымдарымыздың  бірі  Дандай  Ысқақұлы.  Д.Ысқақұлының  «Сын  сонар» 
(1993),  «Сын  жанрлары»  еңбектерінде    бұл  төңіректе  көп  мәселе  қозғалады.  
Ғалымның  пайымдауынша  Л.П.Гроссман  сынның  17  түрлі  жанры  бар  деп 
көрсеткенде, соның ішінде әдеби портретке айрықша тоқталған. 
«Сонымен  шығармашылық  (әдеби)  портреттің  жанрлық  ерекшелігін 
айқындайтын  басты  сипаттары  қандай?  Ең  алдымен,  зерттеу  обьектісіне 
қарасақ, рецензияда жеке шығарма, не кітап болса шығармашылық портретте  
белгілі  бір  суреткердің  бүкіл  шығармашылық  болмысы  сынның  обьектісіне 
айналады. Онда да кез келген қаламгер емес, әдетте бүгінгі әдебиетте өзіндік 
орны  бар  дарынымен  жұртышылықтың  назарын  аударған  қаламгерлер  ғана  
арнайы сөз болады» [1,144]. 

47 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
Зерттеуші   сонымен  қатар  әдеби  портреттің  басқа   жанрлардан  басты  
айырмашылығы ретінде мынаны атап көрсетеді: «шығармашылық портреттің 
негізгі  обьектісі  суреткер  дегенде  оның  шығармашылығына  ден  қойылады. 
Өмірбаяндық,  естелік,  толғаныс,  құжат  сияқты  түрлі  мағлұмат-әдістер 
кеңінен қолданылуы мүмкін. Бірақ осының бәрі белгілі бір шамада қажетіне 
қарай  пайдаланылып,  жазушының  қаламгерлік  қолтаңбасын,  яғни 
шығармаларының өзіндік болмыс-бітімін ашуға қызмет етеді.Сонымен қатар, 
шығармашылық  портрет  көбіне  қалың  оқырманға  арналып  жазылып, 
баспасөз  бетінде  жарияланатындықтан  да  көбіне  көркем  публицистика 
түрінде жазылады деп түйіндейді зерттеуші. Бұл ретте сыншы Р.Бердібайдың 
әдеби  портреттерінің  дені  публицистикалық  сипатта  жазылғанын  да  айту 
парыз.  Расында  да,  жанрдың  табиғаты  солай    шығар,  өйткені  Мәскеуден 
шыққан  «Қысқаша  әдеби  энциклопедияда  да  әдеби  портретті  «жазушы 
туралы  документальды  очерк»  деп  анықтаған.  Сонымен    ғалым-сыншының 
шығармашылық портреттеріне бойлайтын болсақ, олардың дені белгілі қазақ 
қаламгерлеріне  және  олардың  шығармашылығына  арналған.  Атап  айтқанда: 
«Кемеңгерлік келбеті» (Абай), «Жыр алыбы» (Жамбыл), «Позия Гималайы» 
(І.Жансүгіров),  «Сөз  зергері»  (М.Әуезов),  «Азаматтық  әуен»  (С.Сейфуллин) 
«Сұлтанмахмұт  Торайғыров»,  «Иса  Байзақов»,  «Мұхаметжан  Қаратаев»,  
«Заманмен  аяқты  тең  басып»  (Ғ.Мүсірпеов),  «Дәуір  суреткері»,  «Парасат 
шарты»,  «Советтік  сөз  сардары»  (С.Мұқановқа  арналған  портреттер), 
«Замана  жыршысы»  (Ғ.Мұстафин),  «Азамат  ақын»,  «Дүлділ  шабыс»,  «Көп 
қырлы  қаламгер»  (Ә.Тәжібаевқа  арналған  портреттер),  «Замандас  көзімен» 
(Ә.Әлімжанов), 
«Сын 
сардары» 
(С.Қирабаев), 
«Сырлы 
суреткер» 
(С.Шәймерденов), т.б. көптеген шығармашылық портреттері бар. Қазақ әдеби 
сынының  тарихында  жиі  кездестін,  қаламгерлеріміз  үшін  оңтайлы  пішін 
блып  келген  бұл  жанрда  Р.Бердібай  өндірте  жазғанын  байқадық. 
Алашұранды  әдебиетімізден  бастау  алатын,  атап  айтқанда  бұл  жанрға 
А.Байтұрсынов,  Ә.Бөкейханов,  М.Дулатов,  Ж.Аймауытов,  М.Әуезов  тағы 
басқа да қаламгерлеріміздің еңбектерін айтуымызға болады. Осыдан жүз жыл 
бұрын жарық көрген қазақтың тұңғыш жалпыұлттық газеті «Қазақ» газетінде 
басылған  Ә.Бөкейхановтың  орыс  зиялылары  мен  қаламгерлері  жөнінде 
мақалаларын  былай  қойғанда,  осы  басылымда  шыққан  А.Байтұрсыновтың 
«Қазақтың бас ақыны» атты әдеби портретін ерекше атап өтуге болады. Сол 
сияқты  М.Дулатовтың  «Шоқан  Шыңғысұлы  Уәлиханов»,  «Абай»,  кейінірек 
жазған    мақалаларын  да  айтуға  тұрарлық.  Сондай-ақ,  Ж.Аймауытовтың 
«Мағжанның  ақындығы»  атты  шығармашылық  портретін  бүгінде 
зерттеушілеріміз  әдеби  портреттің  классикалық  үлгісі  деп  бағалайды. 
А.Байтұрсыновтың мерейтойы қарсаңында жазылған М.Әуезовтің «Ақаңның 
елу  жылдық  тойы»  деген  портреттік  мақаласының  да  қазақ  әдебиеті 
тарихында маңызы зор туынды.  Бұл аталған мақалаларда обьектіге алынған 
суреткердің  өмір жолы, тұлғалық бітімі, даралығы бәрі-бәрі көрінген. Ал,  

48 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
ғалым-сыншының әдеби портреттерінің ішінде шоқтығы биік «Өшпес өнеге» 
және «Заманмен аяқты тең басып», «Замана жыршысы», «Замандас көзімен»,  
 «Көп  қырлы  қаламгер»  шығармашылық  портретіне  тоқталып  өткенді  жөн 
көрдік. 
Кемеңгер  жазушы М.Әуезов  жайлы  «Өшпес  өнеге»  шығармашылық 
портреті 1958 жылы  жазылып, алғашында «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық 
көрген. Сәтті шыққан әдеби портрет толықтырылып 1984 жылы  дербес кітап 
болып  шығады. М.Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша талдаулары мен 
зерттеулері  сыншының    докторлық  диссертациясында,  «Роман  мен  заман» 
(1967)  кітабында,  «Тарихи  роман»  оқу  құралындағы  (1976)  «Сөз  зергері»  
«Шеберлік сырлары» деген  тараулары (жалпы кітаптың  жарты бөлігі «Абай 
жолы»  эпопеясы  талдауға  арналған)  М.Әуезовтің  романдарына,  жалпы 
шығармашылығына  арналған. Бұдан бөлек ғалым-сыншы М.Әуезовтің өмірі 
мен  шығармашылығы    жайлы  «Өнер  биігіне»  атты  ғұмырбаяндық  зерттеу 
очеркін жазған.  Осы мақаласында автор Әуезовтің өмір жолы мен  сондай-
ақ, оның шағын жанрдағы шеберлік сырларына тереңдей барған. Сыншының  
«Сөз  зергері»  және  «Шеберлік  сырлары»  зерттеулерін  кезінде  әдебиетші 
қауым  тұщынып  оқып,  Мұхтартануға  қосылған  сүбелі  еңбек  деп  бағалады. 
Міне, осындай зор дайындықпен келген ғалым, 1997 жылы М.Әуезовтің  100 
жылдығы қарсаңында  жұртшылыққа «Мұхтар шыңы» атты монографиясын 
ұсынды. 1958 жылы «Өшпес өнеге» атты шағын шығармашылық портреттен 
бастау алған  жіңішке жылға  ізденімпаз ғалымның  зерделі зерттеулері мен 
тынымсыз еңбегінің нәтижесінде осылайша үлкен арналы ағысқа айналғанын 
көреміз.  Жалпы,  сыншы-ғалымның  кезінде  шағын  әдеби  рецензия,  шолу 
түрінде  жазылған  мақалалары  уақыт  өте  келе  үлкен  іргелі  зерттеулерге 
ұласып  жататынын  оның  шығармашылық    ерекшеліктерінің  бірі  деп  білу 
керек. 
Ғалым, сыншы  ұлы суреткердің туындыларының жетістіктерін көрсету 
арқылы  оның    шығармашылық  шеберліктерін  ашуға  тырысты.    Әуезовтің 
шеберлігіне  бару  арқылы,  Әуезовтің  көркемдік  әлемінің  тұңғиығына 
бойлайды.  Оның  шығармашылық  дара  бітімін  таниды.  Мұны  ғалым-
сыншының  мынадай  кемел  ойлы  пікірлерінен  көреміз:  «М.Әуезовтің 
шығармаларында  қазақтың  халық  әдебиеті  батыс  пен  шығыс  әлемінің 
көркемдік  жетістіктері  бірлестік  тапты.  Ол  қазақтың  нәсір-прозасын 
Азияның,  Еуропаның,  Американың  ең  озық  жазушыларының  шеберлік 
деңгейі дәрежесіне жеткізді» 
«...М.Әуезов - кеңестік болмыс жағдайында шыншыл шығарма жасаудың 
мүмкіндігі тар екенін  ерте бастан түсінген  суреткердің бірі. Сондықтан да ол 
көптеген  қаламгер  әріптестері  секілді  «ұрымтал»  тақырыптарға  әуестенбей, 
өзінің  бағытын    тарихи  және  фольклорлық  тақырыптардан  іздеді.  Уақыт 
оның таңдауының бірден-бір дұрыс екенін дәлелдеді» [2, 13]. 
Ғалым-сыншы  сөз  зергері,  классик  жазушы  Ғабит  Мүсіреповтің 
шығармашылық портретін де шеберлікпен жеткізген. Жазушыны орыс  

49 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
әдебиетінің 
корифейлері 
Чехов 
пен 
Гогольге 
ұқсатады. 
Оның 
шығармаларының  «өлеңдей  төгілген  мөлдір   тіліне,   идеясының биіктігіне,  
мұратының  асылдығына»  сүйсінеді.  Жазушыны  реалист,  романтик  сонымен 
қатар  шығармаларының  өн  бойында  кездесетін  жеңіл  юмор,уытты  әжуаның  
сарыны  бар  сатирик  ретінде  таниды.  Ғ.Мүсіреповтың  әңгімелері  мен 
новелларына   айрықша   мән  беріп  «Профессионал  биігі  жағынан  олардың 
қай-қайсысы  да  қазақ  әдебиетінің  ең  озық  деңгейінде  тұр.  Бұл 
шығармалардың көбінде романға бергісіз ой, парасат, проблема бар» [3, 61] -
деп көрсеткен. Сыншының Ғ.Мүсіреповты  «қазақ әңгімесінің бас шебері, сөз 
зергері,  үлкен  стилист»  деп  атағаны  жазушының    шығармашылығына 
берілген айқын  баға, дәл  сипаттама  іспетті. 
«Замандас  көзімен»  әдеби  портретінде  жазушы  Әнуар  Әлімжановтың 
шығармашылығына  тоқталған.  Тарихи  тақырыпқа  қалам  тартып  жүрген 
Ә.Әлімжановтың  суреткерлігі  сыншының  бұдан  да  басқа,  шолу,  тарихи 
романдар  жайлы  теориялық  мақалаларында  сөз  болып  келген.  Ал,  мына 
мақаласын  Д.Ысқақұлы  өзінің  зерттеуінде  ақын  Ж.Молдағалиевтің 
Ә.Тәжібаевқа  арналған  «Жырдария»  әдеби  портретімен  салыстыра  талдай 
келе: «Ал, Р.Бердібаев «Замандас көзіменінде» Ә.Әлімжановтың қаламгерлік 
келбетін  сәтті  жасаған.  Жұбанда  көтеріңкі,  ақындық  эмоция  басым  болса, 
Рахманқұл  нені  айтса  да  байыппен,  салмақпен  айтады.  Жазушының 
шығармашылығы  алғашқы  очерк-повестерінен  бастап,  жүйелі  зерттелінген. 
Әсіресе,  тарихи  тақырыптағы  сәтті  ізденістері  ғылыми  тұрғыдан  біршама  
талданады. 
«Жырдария» 
көркем-публицистикалық 
сипатта 
көрінсе, 
«Замандас  көзімен»  ғылыми  стильде  жазылып,  әрқайсысы  өзінше  даралық 
танытады» - дейді [1, 159]. 
«Көп қырлы суреткер». Ғалым-сыншының бұл шығармашылық портреті 
–  қазақ  поэзиясының  асқар  шыңы  -  Әбділда  Тәжібаевқа  арналған.  Сыншы 
Әбділда ақынға, оның шығармашылығына арнап үш әдеби портрет, төрт-бес 
рецензия жазған екен. Шығармашылық портреттердің ең алғашқысы «Азамат 
ақын»  1969  жылы  жазылып,  «Қазақстан  мектебі»  журналында  жарияланған, 
екіншісі  «Көп  қырлы  суреткер»  1984  жылы  Қызылорда  облыстық  «Ленин 
жолы»  газетінде  жарияланған,  үшінші  мақала  (эссе  сипатындағы) 
«Әдебиетіміздің  асқар  шыңы»  деген  атпен  2000  жылы  «Алматы  ақшамы» 
газетінде  жарық  көрген.  Осы  аталған  мақалалар  бірсыпыра  өңделіп, 
толықтырылып  «Дүлділ  шабыс»  деген  атпен  ғалым-сыншының  2005  жылы 
«Қазығұрт»  баспасынан  шыққан  көптомдық  шығармаларының  4-ші  томына 
енген.  Сыншы  Әбділда  ақынның  шығармашылық  портретін,  қаламгерлік 
болмысын сәтті аша білген. «Өлең-назымның дүлділі, Батыс пен Шығыстың 
көркемдік  жетістіктерін  терең  меңгеріп,  әйгілі  шығармалар  жаратқан, 
шыншыл,  жаңашыл,  батыл  туындылары  ХХ  ғасырдағы  әдебиетіміздің  әсем 
айшығы  болып  қаланған,  шығармашылық  энциклопедиялық  жан-
жақтылығымен  ерекшеленетін  корифейлеріміздің  бірі  –  Тәжібаев»  -  дейді 
[3,77]. С.Мұқановтың ақынның 30-жылдардағы алғашқы жыр жинағына  

50 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
алғыс  сөз  жазып,  батасын  бергенін,  М.Әуезов  «Әдебиет  тарихы»  аты 
монографиясына  «Әбділда  Тәжібаев» деген  тақырыппен  енгізіп,  өлеңдерін  
талдап,  келешек  үлкен  суреткер  деп  танығанын,  кемеңгер  жазушының 
«поэзиямызға жаңа ағын келді»  - деп сүйсінгенін де осы мақаладан білеміз. 
Сондай-ақ,  орыс  кеңес  ақыны  И.Сельвинский  «Әбекеңді  тек  Қазақстан 
көлемінде  ғана  емес,  бүкіл  Кеңес  еліндегі  ең  таңдаулы  суреткерлер 
қатарында  атағаны  есімізде»-деп  ақын  шығармашылығына  әдебиетшілер 
тарапынан  қандай  баға  берілгенін  хабардар  етеді.  Әбділда  ақын 
поэзиясындағы  негізгі екі арна-  сыршылдық (мұны Әуезов нәзік лирикалық 
ағын  деген)  пен  ойшылдық  жыл  өткен  сайын  тереңдей,  кемелдене  түскенін 
ақын  өлеңдерімен  өрнектеп,  нақты  мысалдармен  дәлелдеген.  «Отызыншы 
жылдардың  орта  тұсында»-дейді  сыншы,    көңіл-күй  лирикасына  бару  нағыз 
«идеясыздық»  болып  саналатын.  Соған  қарамастан  сол  кезде  ақынның 
тамаша  лирикалық  өлең  жазғанын,  солақай  сыншылар  «күйректік», 
«сентиментализм»  деп    талмай  жамандаған  өлеңдеріне  үңіле  қарасақ  ақын 
поэзиясының  ең    шырайлы,  әсем  иірімін  құрайтын  еді»-дейді  [3,79].   
«Сырдария», «Есіңде ме?» , «Сүйгенім сен», «Толқын жел», «Келші сәулем», 
«Сөйлеп жатыр су сылдырап», «Ұмытпа, сәулем сен оны» секілді өлеңдерін 
үздік туындылар қатарында атап көрсеткен. «Әбділда Тәжібаев  – көп қырлы 
суреткер. Оның ақын, драмашы, прозашы, аудармашы, сыншы, фольклоршы, 
публицист  сипатындағы  еңбектерінің  ішкі  байланыстары  терең»,-дей  келе 
қаламгердің шығармашылығын жан-жақты талдап, шығармашылық келбетін 
ашады.  Ақынның  «Біз  де  қазақпыз»  атты  драмалық  шығармасы, 
Р.Бердібайдың  баяндауынша  қаулыда  сыналып,  сахналанбай,  баспасөзде 
жарияланбай  кеткенін,  тіпті  оны  қудалауға  құрал  болғаны  40-жылдардың 
қысаң  әдеби  атмосферасынан  хабар  бергендей.  Отызыншы  жылдары 
«ақынның  арынды  қаламы  қазақ  поэзиясының  үлкен  белесі  болып 
табылатын,  бүгінде  асыл  мұрасы  халқына  ұсынылып  отырған  Мағжан 
Жұмабаев  сынды  ірі  ақынға  қаттырақ  тиіп  кеткеніне  өкінішті...»  -  дей  келе 
Ә.Тәжібаевтың Алаш зиялыларының әдеби мұрасын жарыққа шығару туралы 
жоғары  орындарға  хат  жазып,  бұл  мәселенің  табанды  түрде  көтергені 
«кезінде  түрлі  себеппен айтылып  қалған  жаңсақ пікірлерін  өзі  түзей алатын 
турашыл  қабілетін  байқатады»  -  дейді.  Осылай  ақынның  кезіндегі  жаңсақ 
басқан қателігін де әдептен озбай, сыпайы  түрде айтып өткен.  
Ғалым-сыншының Әбділда ақын жайлы  шығармашылық портретін оқи 
отырып,  оның  тартымдығы  жағы  қайсы,  әдебиетіміздің  асқар  тауына 
балауының  себебі  неде?  -  деген  сауалға  мынадай  жауаптар  берілгенін 
аңғарамыз: 
  -   Ә.Тәжібаев қазақ поэзиясында өзіндік орыны ерек ақын. 
-
 
ақын  поэзиясындағы  сыршылдық  пен  ойшылдық  оның  лирикасын 
құрайтын негізгі арналар; 
-
 
осынау басты бағыт, негізгі арналар әр он жыл сайын көркемдік өрісі 
кеңейіп, жаңа сапаға көтеріліп отырған

51 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
-
 
ақын    тап  тартысы  қатты  белең  алған  отызыншы жылдардың  өзінде, 
тап-тартысының жыртысын жыртатын арзан тақырыптарға бара бермеген; 
-
 
Ә.Тәжібаев  әдебиеттегі  жаттандылық  пен  схематизмге  қарсы 
күрескен рухы зор суреткер
-
 
Ә.Тәжібаевты  ұдайы  жетілдіріп,  жаңа  ізденістерге  бастаған  күш  –
халық  ауыз  әдебиетіне  қол  артып  отыратындығында  (бұған  «Абыл», 
«Толағай» поэмалары дәлел);   
-
 
«Ол  алыпқа  лайық  жүк  көтерген,  қазақ  әдебиетіндегі  алыптар 
шоғырына қосылатын тұлға»[3, 104]. 
-
 
Сонымен, сыншының шығармашылық портреттері жайлы ойымызды 
түйіндейтін  болсақ,  портреттік  мақалалардың  жазылу  ерекшеліктері  де 
әрқилы болып келетініне көзіміз жетті. Атап айтқанда: 
-
 
«портреттік  сын  мақалалар  көбіне  мерейтойларға  байланысты 
жазылады; 
-
 
портреттік  мақалада  кемшіліктер  аз  айтылып,  шығармашылық 
жетістіктері көбірек сөз етіледі; 
-
 
автордың  өмір  белестерінен  көбірек  түсінік  беріліп,  шығармаға 
байланысты айтылған  ескертпелер  (автордың көңіліне  тимей) сыпайы  түрде 
айқындалып сипатталады; 
-
 
сыншының  жазу  шеберлігі  мен  өмір  деректер  жымдасып  жатады. 
Автор ойы, пікірі ашық айтылып, салыстырыла түсіндіріледі; 
-
 
Замандастары  жайлы  бұрын  айтылмаған  тың  тың  пікірлер  ой-
толғамдар, көрген-білгендері қорытылып беріледі» [4]. 
Жалпы, 
Р.Бердібай 
сыншылық-шығармашылық 
өмірінде 
әдеби 
портреттер  мен  шығармашылық  портреттерді  өте  көп  жазған,  бұл  тарапта 
өнімді  еңбектер  берген  қаламгер.  Мысалы,  «Гүлстанның  бұлбұлдары», 
«Жұлдыздар  жарығы»  атты  кітаптары  тұтастай  осы  жанрға  арналған 
еңбектер.  «Жұлдыздар  жарығында»  Қожа  Ахмет  Иасауи,  Ж.Баласағұни, 
А.Игүнеки сынды ортағасырлық сопылық поэзия өкілдерінің шығармашылық 
тұлғасын  танытқанын  ескерер  болсақ,  сыншы-ғалымның  бұл  жанрда 
жарқырай көрінген  қаламгер екеніне көзіміз жетеді.. Бұл кітаптарында автор 
берісі қазақ ақындарынан бастап, арысы  «Гүлстанның бұлбұлдары» атанған 
Фирдоуси,  Рудаки,  Хафиз,  Омар  Хаям,  Ә.Науаи,  Ә.Жәми  шығыс 
шайырларының    өмірі  мен  шығармашылығы  жайлы  сөз  қозғайды.  Кезінде 
бұл еңбектің маңыздылығын айта келіп сыншы С.Әшімбаев: «...Атап айтатын 
жайт, мұндай еңбектердің оқушы қауымының танымын тәрбиелеуге пайдалы 
екендігі.Шығыс  ақындарын  жұртшылыққа  кеңірек  таныстыра  түсуде  елеулі 
мәні бар. Себебі, қазақ поэзиясының дамуында Шығыс поэзиясының тигізген 
ықпалы  орасан  зор  екені  даусыз.Абай  мен  оның  алдындағы,  кейінгі 
ақындардың  қай-қайсысы да осы бір шалқар дариядан рухани сусындағаны 
мәлім.Сондықтан да сыншының осы  екі арадағы эволюциялық байланысты 
арнайы зерттеуге ұмтылуы қуанарлық та құптарлық. Ең алдымен, Р.Бердібаев 
кітабының құндылығы осындай қажетті тақырыпты сөз еткенінде деп  

52 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
білеміз»  [5].  Ал,  1980  жылы  «Жазушы»  баспасынан  шыққан  «Биік  парыз» 
атты кітабының «Өнер асулары» атты  алғашқы бөлімінде төл  әдебиетіміздің  
жай-күйі мен проблемаларына арналған сын-зерттеу мақалалары топтастырылса, 
«Дәуір  үні»  атты  екінші  бөлімі  М.Әуезов,  С.Мұқанов,  М.Қаратаев,  С.Ерубаев, 
Ә.Тәжібаев  сынды  қазақ  әдебиетінің  он  үш  көрнекті  өкілінің  шығармашылық 
бейнесі  сомдалған.  Қорыта  айтқанда  Р.Бердібай  шығармашылық  портреттер 
жасауда  санаулы  мақалалар  ғана  емес,  тұтас  жинақтарымен,  кітаптарымен 
көрінетін  сыншы.  Өзінің  дарын  қуатымен,  терең  білімімен  төл  әдебиетіміз  бен 
түрік халықтары әдебиетінің  көрнекі өкілдерінің сом тұлғасын, шығармашылық 
дара  бітімін  танытқан  мол  мағлұматты  (танымдық  мәні  зор),  ғибратты  әдеби 
порттерттер  шоғырын  жасаған  қаламгер.  Сыншы  Т.Тоқбергеновтің  «Тәкен 
Әлімқұлов»  атты  әдеби  портретін,  эссесін  кейінгі  кезде  зертеушілер  «роман-
портрет» деп атап жүр. Сыншы, ғалым З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім» немесе 
сыншы С.Жұмабектің «Айтматов әлемі» бұл тарапта шоқтығы биік шығармалар 
екені  сөзсіз.  Р.Бердібай  сыншы  ретінде  белгілі  бір  қаламгердің  әдеби  әлемін 
ашып,  кесек  дүние  бермеген.  (Әрине,  М.Әуезовтің  («Абай  жолы») 
шығармашылық  лабораториясына  дендеуі  өз  алдына  бөлек  әңгіме).    Есесіне,  өз 
уақытысында  көптеген  қаламгерлеріміздің    әдеби  тұлғасын  танытқан,  сәтті 
сомдаған  тағлымды,  ғылыми  сипаты  басым  шығармашылық  портреттері  төл 
әдебиетімізге  қосылған  сүбелі  дүниелер  екені  дау  тудырмайды.  Р.Бердібай 
портреттерінің басты ерекшелігі, шығарма обьектісіне айналған қаламгер жайлы 
жұртшылыққа  жан-жақты,  толыққанды,  сараптамалық  сипаттағы  мағлұмат-
ақпарат  беретіндігінде  болса  керек.  Бұл  жағынан  қаламгердің  публицистік, 
ғылыми,  зерттеушілік  қабілеттерінің  көмегі  тиетінін  аңғардық.  Оның  үстіне 
портреттің  өзі  қамтымайтыны  кемде-кем  әмбебап  жанр.  Себебі  портрет 
жанрының  бойында  «көркемдік,  ғылыми  талдау,  жинақтау,  заман  рухы, 
проблема, пікірталас бәрі-бәрі бар» [1, 98]. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
   
Ысқақұлы Д. Сын жанрлары. – Алматы: Санат, 1999. 
1.
 
Бердібай Р. Мұхтар шыңы. – Алматы, 1997. – 208 б. 
2.
 
Бердібай Р. Бес томдық шығармалар жинағы. – 4 т. А.: Қазығұрт, 2005. 
3.
 
Бердібаев Р. Ғасырлар толғауы. – Алматы: Жазушы, 1977. 
4.
 
Керімбеков М. Ілияс Омаровтың әдеби-сыншылық мұрасы. Ф.ғ.к. канд.дисс. – 
Түркістан, 2002. 
5.
 
Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. – Алматы: Жазушы, 1983. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет