Issn 2306-7365 Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет12/40
Дата06.03.2017
өлшемі6,74 Mb.
#7648
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40

Выводы.  Задача  анализа  фрагментальных  знаний  (формы)  объекта  чаще 
всего  сводится  к  аппроксимации  ее  линейной  комбинации  базисных  функций, 
являющейся  строками  ТЭД.  Если  функция  важности  задана  на  целочисленной 
решетке 
плоскости, 
то 
базисные 
функции 
оценивающие  важности 
фрагментальных  знаний  получают  путем  решения  алгебраических  уравнений 
гистограммного  характера  собственных  значений  для  матриц  фрагментальных 
знаний объектов. В чем суть предлагаемого (и далеко не единственного) подхода.  
  
ЛИТЕРАТУРА 
1.
 
Рустамов  Н.Т.  Прикладное  распознавание.  –Туркестан,  1999.  –  84  с.  –ISBN-
9965-450-13-7. 
2.
 
Рустамов  Н.Т.,  Темирбеков  А.Н.,  Анарбаев  Ж.О.  Семантическое  представление 
знаний. //Вестник МКТУ им. Х.А.Ясави. –№1, 2012. –С. 37-44. 
3.
 
Рустамов Н.Т.,  Темирбеков А.Н.,  Кантуреева М.А.  Валидность представления 
знаний //Вестник ЕНУ им. Л.Н.Гумилева. –№4(71). –Астана, 2009. –С. 57-63. 
4.
 
Темирбеков  А.Н.,  Садыбеков  Р.Ш.,  Кожанова  А.С.,  Лесбаев  Е.Д.  
Математические  проблемы  формализации  пространства  знаний  //Вестник  МКТУ  им. 
Х.А.Ясави. –№3 (78). –Туркестан, 2012. –С. 40-45. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Бұл  жұмыста,  локалдық  (жергілікті)  және  глобалдық  қасиеттерге  ие  болған 
фрагменталдық  білімдердің  қажеттілігін  бағалаудың  гистограммалық  әдісі  қарастырылады. 
Фрагменталдық  білімдердің  локалдық  және  глобалдық  қасиеттерінің  анықтамалары 
келтірілген.  Эксперименталдық  (тажірибелік)  мәліметтерді  визуалдық  өңдеу  негізінде, 
фрагменталдық білімдердің қажеттілігін бағалау алгоритмі ұсынылады. 
(Темірбеков  А.Н.,  Төрежанов  С.К.  Қожанова  А.С.  Беркінов  Е.С.  Фрагменталдық 
білімдердің  қажеттілігін есептеу) 
SUMMARY 
In  this  work  the  gistogrammny  method  of  an  assessment  of  importance  of  fragmental 
knowledge  having  local  and  global  properties  is  offered.  Definitions  local  and  global  property  of 
fragmental  knowledge  are  given.  The  algorithm  an  assessment  of  importance  of  fragmental 
knowledge on the basis of visual processing of experimental data is offered. 
(Temirbekov  A.N.,  Torezhanov  S.K.,  Kozhanova  A.S.,  Barkinov  E.C.  Calculation  of 
Importance of Fragmental Knowledge) 

91 
 
    
 
              АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
   
ӘОЖ 004.028  
Т.У.ЖҰМАШОВА  
физика-математика ғылымдарының кандидаты, 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті 
  
М.АБИШЕВА  
 Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 
  
ИНФОРМАТИКА  БОЙЫНША САБАҚТАН  ТЫС  ҚОСЫМША  
ОҚЫТУ  ЖҰМЫСТАРЫ  МАЗМҰНЫ МЕН ФОРМАЛАРЫНЫҢ  
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Информатикадан сабақтан тыс қосымша оқыту жұмыстары компьютер 
мен  ақпараттық  технологияларды  қолдану  мүмкіндіктерін  беретін  пәнаралық 
байланыс түрінде ұйымдастырылады. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, формасы мен 
жолдары  жағынан  білімділікті  қажет  етеді.  Бұл  мақалада  информатика  
бойынша  сабақтан    тыс    қосымша    оқыту    жұмыстарының    мазмұны  мен 
формалары  қарастырылады.  Сонымен  қатар  оларды  оқу  үдерісінде  қолдану 
мәселелері  мен  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамытудағы  рөлі  
баяндалады.  
 
Кілт сөздер: Web графика, фронтальды форма, ұжымдық форма.  
 
Келешек  қоғам  иелерін  жан-жақты  жетілген,  ақыл-парасаты  мол,  мәдени, 
ғылыми  өресі  озық  азамат  етіп  тәрбиелеу  қай  кезеңнің  де  басты  мақсаты.  Ал 
білімді,  мәдениетті,  іскер  жастарды  тәрбиелеуді  бүгінгі  ұрпақтың  санасына 
ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.  
Осы  орайда,  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 
«Қазақстан-2050»  стратегиясы:  «Қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты» 
атты Қазақстан халқына жолдауында атап айтқандай, бәсекеге қабілетті дамыған 
мемлекет  болу  үшін  біз  сауаттылығы  жоғары  елге  айналуымыз  керек.  Осы 
жолдаудың  төртінші  бағыты  «Білім  және  кәсіби  машық  -  заманауи  білім  беру 
жүйесінің,  кадр  даярлау  мен  қайта  даярлаудың  негізгі  бағдары»  деп  аталады. 
Мұнда Елбасы қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз екендігін, 
біздің  азаматтарымыз  үнемі  ең  озық  жабдықтармен  және  ең  заманауи 
өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуы керектігін, сондай-
ақ  балаларымыздың,  жалпы  барлық  жеткіншек  ұрпақтың  функционалдық 
сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажеттілігін басты назарға алды [1]. 
Ал,  жасөспірімдердің  бойына  осы  қабілеттер  мен  машықтарды 
қалыптастыру  үшін  мұғалімдердің  сабақтан  тыс  қосымша  оқыту  жұмыстарын 
ұйымдастыра білуінің рөлі орасан зор. Мұндай жұмыстарды ұйымдастыру үшін 
алдымен  қосымша  оқыту  жұмыстарының  мазмұны  мен  формаларын  білуіміз 
қажет. Осы мәселелерге тоқталып өтейік. 
Сабақтан  тыс  қосымша  оқыту  жұмысының  мазмұны.  Сабақтан  тыс 
қосымша  оқыту  жұмысының  мазмұнына  баланың  жеке  әлеуметтік тәжірибесі,  

92 
 
  АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
эмоционалды  бастан  кешірген  және  жеке  басында  жүзеге  асқан  әртүрлі 
аспектілері  кіреді.  Сабақтан  тыс  қосымша  оқыту  жұмысы  мазмұнының 
ерекшелігі келесі факторлармен сипатталады: 
-
 
ақпараттықтан  эмоционалдық  аспектіге  ие  болу:  тиімді  тәрбиелік  әсер 
ету үшін баланың сезіміне, оның уайымына, яғни эмоция арқылы оның санасына 
көңіл аудару керек; 
-
 
Сабақтан тыс жұмыстарда білімнің практикалық жағы негізгі маңызға ие 
болады,  яғни  сабақтан  тыс  жұмыстар  ең  алдымен  әртүрлі  шеберлік  пен 
дағдыларды жүзеге асыруға бағытталған. Сабақтан тыс жұмыста оқу дағдылары 
шыңдалады,  жаңалықтар  ізденуде  өз  бетінше  жұмыс  істеу  шеберлігі 
қалыптасады,  әртүрлі  сабақтан  тыс  істер  ұйымдастырылады,  жан-жақтылықты, 
бірге еңбек ету, этикалық ережелерді орындау қалыптасады [2]. 
Сабақтан тыс қосымша оқыту жұмыстарының танымдық қызметі әртүрлі іс-
шараларда  оқушылардың  ізденімпаздық  қабілетінің  дамуына  көмек  береді. 
Сабақтан  тыс  жаттығулар  оқушыларды  бағдарламалық  материалды  тереңдетіп 
оқытуды, олардың логикалық ой-өрісін дамытуды, ойлау мүмкіндігі мен ізденуші 
қабілетін арттыруды, информатика тарихы бойынша оқушыларға жаңалықтарды 
хабарлауды  орындайды.  Сабақтан  тыс  жаттығулар  практикалық  мазмұны  бар 
есептерде  қолданылады,  ол  оқушыларды  модельдеу  және  бағдарламалық 
құралдарды жасауға үйретеді. 
Оқушыларды  тәрбиелеуде  мектепте  қосымша  әдебиеттерді  оқытуды 
ұйымдастырудың  рөлі  зор.  Бұл  жұмыс    оқушыларға  кітапты  білім  көзі  ретінде 
пайдалануға  және  оқу  мәдениетін  меңгеруге  көмектеседі.  Жоғарғы  сынып 
оқушыларына  тек  көркем-әдеби  бағыт  қана  емес,  ғылыми-танымдық, 
анықтамалық,  сонымен  қатар,  түрлі  кәсіби  бағыт  беретін  қызықты  кітаптарды 
ұсыну  қажет.  Конференциялар  мен  әртүрлі  пікірталастардың,  библиография 
бойынша  ізденістердің  пайдасы  зор.  Бұл  жұмыстың  түрі  баяндамалар  мен 
рефераттар дайындау кезінде іске асады. 
Демалыс  уақытындағы  (ойын-сауық)  істер  қызметі  оқушылардың 
толыққанды демалуын ұйымдастыру, ұжымдағы ізгілік, достық атмосферасының 
болуын қамтамасыз етеді. Осы формалардың түріне КТК, "Компьютерлік ойын" 
және  т.б.  жатады.  Сабақтан  тыс  жұмыстарда  танымдық  және  ойын-сауық 
аспектілері  жиі  біріктіріледі.  Мысалы  "Ғажайыптар  алаңы",  "Қызықты 
информатика", фантазерлер сайысы, сұрақ-жауаптар және т.б. Бұл аспектілердің 
қайсысы жоғарғы деңгейде екенін анықтау үшін, мұғалімдер олардың мақсатын, 
тапсырмаларын, артықшылығын салыстыра отырып бақылайды.  
Сабақтан  тыс  қосымша  оқыту  жұмыстарында  еңбек  істерінің  қызмет 
түрлері  көп  болып  келеді.  Мұғалім  үшін  еңбек  ісін  ұйымдастыруда  кейбір 
қиындықтар  туады,  бірақ  оның  күш  жігері  тәрбиелік  нәтиже  береді, 
оқушылардың  әртүрлі  іспен  айналысуына  көмектеседі.  Сабақтан  тыс 
жұмыстарда  оқу  құралдарын  жасауды  ұйымдастыруға,  кабинетті  көркемдеуге 
және педагогтің бағдарламалық құралдарын шығаруға болады. 
Шығармашылық  қызмет  оқушылардың  бейімдік  қабілетін  дамытады, 
шығармашылық потенциалын ашады. Шығармашылық қызметтің формалары 
 

93 
 
    
 
              АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
 
бағдарламашылар     сайысында,     компьютерлік     графика    көріністерінде,
 
шығармашылық жобаларда және т.б. айқындалады. Сабақтан тыс және мектептен 
тыс  жұмыстарда  тәрбие  мәселесі  ең  алдыңғы  орында  тұрады,  басты  мәселенің 
бірі ол оқушылардың көпшілік алдында өз міндетін сезінуі және оны орындауды 
күнделікті әдетке айналдыру тұрады.  
Информатикадан  сабақтан  тыс  жұмыстарда  оқушыларды  ақпараттық 
бағдарламалық  құралдарды  пайдалану  үшін  міндетті  түрде  құқықтық 
нормалармен таныстыру керек.  
Эстетикалық тәрбие бойынша сабақтан тыс қосымша оқыту жұмыстарының 
оқушыларды  жан-жақты  дамытуда  маңызы  өте  зор.  Мектепте  эстетикалық 
тәрбие  берудің  жалпы  мәселелеріне:  эстетикалық  сезімі  мен    эстетикалық 
талғамын қалыптастыру, жағымды жаңалықты қабылдай білу, онымен рахаттану, 
қоршаған ортаға оны ендіру, табиғаттағы әдемілікті дұрыс ойластыруды дамыту, 
қоғамда және адамның іс-қимылында, шығармашылық қабілетін, көркемөнерлік 
ой-өрісін  дамыту;  оқушыларды  өнердің  жан-жақты  түрімен  таныстыру  жатады. 
Бұл  тапсырмаларды  шешу  үшін  көркемөнерлік  жұмыстарда  тәрбиелеуді  талап 
ету  керек,  оқушыны  көркемдік  істердің  барлық  түрімен  айналысуына  үйрету 
керек.  Информатикадан  сабақтан  тыс  жұмыстарда  бұл  компьютерлік  графика 
сабағы болуы мүмкін. Оқушылардың көбіне қызығатын сабақтарының түрі, бұл - 
Web  графика  және  дизайн,  интернет  бағдарламалау.  Эстетикалық  дамудың 
шексіз  мүмкіндіктері  мектепке  компьютерлік  анимация  студиясын  ашу  болып 
табылады.  Мектептегі  сабақтан  тыс  қызығып  қарайтын  жұмыстардың  бірі  ол  - 
видеостудия.  Компьютерлік  технологияның  көмегімен  мұғалімдер  оқулық  және 
көркем    видеофильмдер    мен    мультипликациялар  шығарады,  оқушыларға 
эстетикалық  және тәрбиелік мән беретін фильмдерді қолданады [2]. 
Әрбір  мектеп  пен  білім  ұйымдары  сабақтан  тыс жұмыстарының  мазмұнын 
өз  мүмкіндіктеріне  байланысты  анықтай  алады.  Сабақтан  тыс    жұмыстардың 
мазмұны  барлық мектепте бірдей емес.  Оларға мына келесі ықпалдар әсер етеді:  
1)  Мектептің дәстүрі мен ерекшеліктері. 
2)  Жас ерекшеліктері, сыныптары, оқушының жеке ерекшеліктері. 
3)  Компьютерлік техниканың  мүмкіндіктері мен ерекшеліктері, компьютер 
кабинетінің мүмкіндігі және т.б. 
4)  Мұғалімнің өзіне тән ерекшелігі, қызығушылығы, бейімделуі, ұстанымы.  
Информатика  мен  компьютерлік  техниканың  тез  дамуы  информатика 
бойынша    сабақтан  тыс жұмыстар  мазмұнының  тез  өзгеруіне  алып  келеді және 
мұғалімнің өзін-өзі дамытып отыруын талап етеді.    
Сабақтан  тыс  қосымша  оқыту  жұмыстарының  формалары  мен 
құралдары. 
Сабақтан  тыс  қосымша  оқыту  жұмыстарының  формаларының көптігі  оның 
мазмұнының  кеңдігі  мен  әртүрлілігіне  байланысты.  Сабақтан  тыс  қосымша 
оқыту жұмыстарының формалары деп - оның мазмұнының жүзеге асырылатын 
жағдайларын айтады.  
Сабақтан  тыс  қосымша  оқыту  жұмысының  формалары  өте  көп.  Бұл  көп 
түрлілік олардың жіктелуінде қиындықтар туындатады, сондықтан олардың  

94 
 
  АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
бірыңғай  жіктелуі  жасалмаған.  Әсерлесу  объектісі  және  бағыттары  бойынша, 
оқыту мен тәрбиелеу міндеттері бойынша жіктелуі бар (1-сурет). 
 
 
1-сурет. Қосымша оқыту жұмыстарының формалары 
 
Сабақтан  тыс  қосымша  оқыту  жұмысының  кез  келген  формасы  қалай 
болғанда да, адамгершілік, ақыл-ойлық, физикалық, экологиялық, экономикалық 
және  т.б.  оқыту,  тәрбиелеу  және  дамыту  міндеттерін  шешуге  жағдай  жасайды. 
Осыған  байланысты,  сабақтан  тыс  қосымша  оқыту  жұмысының  әсер  ету 
объектісі бойынша жіктелуін қарастырайық [4]. 
Жеке  жұмыс  –  жеке  оқушылардың  өзін-өзі тәрбиелеуіне,  мұғалімнің  және 
ұжымның  тапсырмаларын  орындауға  бағытталған  өз  бетінше  жұмысы.  Бұл 
жұмыс  оқу  бағдарламасына  кірмейді.  Жеке  жұмыстың  мәні  баланы 
әлеуметтендіруде, 
оның 
өзін-өзі 
дамытып, 
тәрбиелеуіне 
қажеттілігін 
қалыптастыруда болып табылады.  
Жеке cабақтан тыс жұмыстағы жалпы мақсат – нақты тұлғаның толыққанды 
дамуы  үшін  педагогикалық  жағдайлармен  қамтамасыз  ету.  Оған  оң  Мен-
концепциясын қалыптастыру және жеке потенциалын, әртүрлі қырларын дамыту 
арқылы қол жеткізіледі. 
Сабақтан  тыс  қосымша  оқыту  жұмысының  басқа  түрі  –  оның  жаппай 
формалары.  Оларды  оқушылардың  іс-әрекетінің  сипатымен  ерекшеленетін  екі 
үлкен топқа бөлуге болады.  
Бірінші  топ  –  фронтальды  форма.  Оқушылардың  іс-әрекеті  «қатар» 
қағидаты  бойынша  ұйымдастырылады:  олар  бір-бірімен  өзара  әрекеттеспейді, 
әрқайсысы  бірдей  істі  өз  бетінше  қатар  жүзеге  асырады.  Педагог  әр  балаға  бір 
мезгілде әсер етеді. Кері байланыс оқушылардың шектеулі санымен ғана жүзеге 
асырылады.  Сондықтан,  жалпысыныптық  сабақтардың  көпшілігі  осы  қағидат 
бойынша ұйымдастырылады. 

95 
 
    
 
              АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
Екінші топ – ұжымдық форма. Сабақтан тыс жұмыстар формаларының бұл 
тобы «бірге» қағидатымен сипатталады. Әрбір қатысушы жалпы ортақ мақсатқа 
жету үшін өз рөлін орындайды және жалпы нәтижеге өз үлесін қосады. Нәтиже 
әр  оқушының  іс-әрекетіне  тәуелді  болады.   Мұндай   ұйымдастыру  үдерісінде  
оқушылар  бір-бірімен  тығыз  байланысуы  керек.  Мұндай  іс-шара  ұжымдық 
жұмыс  деген  атқа  ие  болды,  ал  сабақтан  тыс  жұмыс  –  ұжымдық  сабақтан  тыс 
жұмыстар  болып  табылады.  Педагог  әр  балаға  жеке  әсер  етпейді,  ол 
оқушылардың  өзара  байланысуына  әсер  етіп,  олардың  мұғаліммен  және 
оқушылармен жақсы кері байланыс жасауына жағдай жасайды. «Бірге» қағидаты 
бойынша  іс-шаралар  жұптар  түрінде,  кіші  топтар,  сыныптар  түрінде  жүзеге 
асырылады. 
Бірінші  топ  педагог  үшін  оңай  ұйымдастырылатындығымен  ерекшеленеді, 
бірақ  ұжымдық  әрекет  жасау  дағдысын  аз  қалыптастырады.  Екінші  топ 
серіктестік  жасау,  бір-біріне  көмектесу,  өзіне  жауапкершілік  алу  шеберлігін 
дамыту  үшін  таптырмайды.  Алайда  төменгі  сынып  оқушыларының  жас 
ерекшелігіне байланысты ұжымдық формаларын ұйымдастыру педагогтан үлкен 
уақытты шығындауды және арнайы ұйымдастырушылық шеберлікті талап етеді. 
Осы  жағы  педагог  үшін  қиындық  тудырады.  Әр  бағыттың  өзінің 
артықшылықтары мен  кемшіліктері  бар, олар  бір-бірімен  байланысты және бір-
бірін толықтырады. 
Мектептегі  сабақтан  тыс  қосымша  оқыту  жұмысының  ерекшелігі,  олар  
теледидардан  берілетін  КТК,  «Не,  қайда,  қашан?»,  «Әуенді  тап»,  «Ғажайыптар 
алаңы»  сияқты танымал хабарлар түрінде қолданылады. Сабақтан тыс қосымша 
оқыту  жұмысының  формасын  таңдаған  кезде,  оның  мақсатына,  міндетіне, 
қызметіне байланысты оқу-тәрбиелік маңызын бағалау керек. 
Жаппай  сабақтан  тыс  жұмыс  формалары  педагогқа  әрбір  оқушыға  ұжым 
арқылы  қосымша  әсер  етуге  мүмкіндік  береді.  Олар  басқаны  түсіну,  ұжымда 
өзара  байланыс  орнату,  өз  құрдастарымен  және  үлкендермен  серіктес  болу 
шеберлігін дамытуға жағдай жасайды.  
Келесі  сабақтан  тыс  қосымша  оқыту  жұмысының  формаларын    үйірмелік 
(топтық), біріктіруші және жалпылай деп бөледі. 
Үйірмелік  (топтық)  сабақтан тыс жұмыс  оқушылардың  бағдарламалық 
материал  бойынша  ғылымның,  техниканың,  өнердің,  спорттың    белгілі  бір 
облысындағы тереңдетілген білімін анықтауға және дамытуға, жаңа мағлұматтар 
беруге және дағдыларды қалыптастыруға  мүмкіндік береді. 
Үйірме  –  информатика  бойынша  оқудан  тыс  іс-шаралардың  негізгі 
формасының  бірі.  Оның  жұмысының  мазмұны  негізінен  оқушылардың 
дайындығы  мен  қызығушылығына  байланысты  анықталады.  Ал  кейбіреулері 
үшін  бағдарламалар  да  жасалады.  Информатика  бойынша  үйірмелер 
компьютерлік 
мүмкіндіктерге 
байланысты: 
компьютерлік 
графикаға, 
бағдарламалауға,  компьютерлік  модельдеуге  байланысты  түрлі  бағытта  болуы 
мүмкін.  Үйірмелерде  түрлі  типті  жұмыстар  жүргізіледі.  Олар  баяндамалар, 
жобалық  жұмыстар,  экскурсиялар,  кабинеттерге  көрнекі  құралдар  мен 
жабдықтар  жасау,  зертханалық  жұмыстар,  қызықты  адамдармен  кездесулер, 
виртуальды саяхаттар, т.б. болуы мүмкін. 

96 
 
  АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
Үйірменің жұмысы күнделікті тіркеледі. Есеп беру кеш, конференция, көрме 
байқауларда жүзеге асады. Кейбір мектептерде нәтижелер мектеп мерекелерінде 
жылдық  есеп  түрінде  беріледі.  Мысалы,  бүкіл  мектептік  информатика 
апталығында.  
Жұмыстың  бірлескен 
(біріктіруші) 
формасына 
клубтар, 
мектеп 
мұражайлары,  бірлестіктер, уақытша ұжымдар, т.с.с. жатады. Осыдан біраз жыл 
бұрын  демалыс  күні  өтетін,  атаулары,  эмблемалары  жарғылары  мен  ережелері 
бар,  өзін-өзі  басқаратын  қызықты  кештер,  жоғары  сынып  оқушыларының 
халықаралық достастық, комсомолдық, пионерлік, саяси клубтары кең өріс алған 
еді. 
Клубтар  жұмысы  жаңа  ақпараттық  технологиялар  негізінде  туындайды. 
Қазіргі  уақытта  көптеген  мектептер  шетелдік  мектептермен  байланыс  жасайды. 
Осы  мақсатта  халықаралық  достық  клубтары  пайда  болады.  Бұл  клубтарда 
аудармашылар,  тарихшылыр,  географтар,  зерттеушілер  секциялары  болады. 
Клуб жұмысында ақпарат жинау және жалпы жобаларды орындау үшін, хат жазу 
үшін электронды пошта сияқты интернет мүмкіндіктері кеңінен қолданылады.  
Бірқатар  мектеп  оқушылары  қызығушылықпен  интернет  жүйесіндегі 
электронды,  виртуальды  мұражайлар,  көрмелер  және  галереялар  ашады. 
Жұмыстың  бұл  түрі  өз  бетінше  де,  сонымен  бірге  шынайы  мектептерде  бар 
мұражайлар,  көрмелер  және  галереялар  үшін  қосымша  көмек  түріндегі  іс-
әрекеттер бола алады.  
Жалпылай жұмыс формасы  мектепте ең көп тараған түрге жатады. Ол алуан 
түрлі  болады.  Оның  сыныптан  және  мектептен  тыс  басқа  жұмыстармен 
салыстырғанда  артықшылығы,  оқушылардың,  көпшілігін  бір  мезгілде 
қамтитындығында.  Бұл  формаға  көркемділік,  салтанаттылық,  айқындылық, 
оқушыларға үлкен эмоционалдық әсер етушілік тән.  
Осындай  сабақтан  тыс  жалпылай  жұмыс  формаларына  сайыстарды, 
байқауларды,  олимпиадаларды,  конкурстарды  кеңінен  қолданған  жөн.  Олар 
ұжымды  нығайтуға,  ынтаны  дамытуға,  белсенділікке  жағдай  жасайды.  Жаппай 
жұмыс оқушылардың  белсенді  болуына  үлкен  мүмкіндік  тудырады.  Бірақ  оның 
деңгейі  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Өйткені  конкурс,  олимпиада,  сайыс-ойын  әрбір 
оқушының тікелей белсенділігін талап етеді. 
Сұхбат,  кеш  өткізу  кезінде  оқушылардың  тек  бір  бөлігі  ғана 
ұйымдастырушы  және  орындаушы  ретінде қатысады. Ал,  есептеу  орталықтары, 
кинофильм  көру,  қызықты  адамдармен  кездесу,  дәрістер  сияқты  іс-шараларда 
барлық оқушылар көрермен немесе тыңдаушылар болып саналады.  
Соңғы жылдары информатиканы оқуға жоғары қызығушылығы мен қабілеті 
бар  оқушылар  арасында  сырттай  физика-математикалық  мектептер  (СФИМ), 
информатикаға  бейімделген  сыныптар  мен  мектептер,  жазғы  компьютерлік 
лагерьлер  сияқты  тереңдетілген  сабақтан  тыс  жұмыстар  формалары  кеңінен 
танымал болып отыр.  
Мұғалімнің оқушылармен атқаратын жалпылай жұмыс формасы - ол сынып 
жетекшісінің  сынып  сағаты  болып  табылады.  Ол  сабақ  кестесінде  бөлінген 
уақытта жүргізіледі және сыныптық ұжымның тәрбиелік ісі жүйесінің құрамдас  

97 
 
    
 
              АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
бөлігі болып табылады.  
Қорыта  келе,  қазіргі  таңда  сабақтан  тыс  жұмыс  формаларын  қолдануда 
үлкен  тәжірибе  жинақталған.  Алайда  бұл  істің  тиімді  болуын  өздігінен  жүзеге 
асыра  алмайды.  Маңыздысы,  оның  мазмұнының  пайдалы  болуы,  сондай-ақ  бұл 
жерде мұғалімнің педагогикалық шеберлілігінің маңызы шешуші рөл атқарады.  
 
Сабақтан  тыс  жұмыс  құралдары  оқыту,  тәрбиелеу  және  дамыту 
құралдары  болып  табылады.  Оларды  таңдау  сабақтан  тыс  қосымша  оқыту 
жұмысының  формасы  мен  мазмұнына  қарай  жүзеге  асады.  Жұмыс  құралы 
ретінде  -  сыныпты  безендіру,  музыкалық  рәсімдеу,  ойын  атрибуттары, 
видеоматериалдар, кітаптар, бағдарламалық құралдар қолданыла алады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР  
 
1.
 
ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2050»  стратегиясы:  Қалыптасқан 
мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауы//  Егемен 
қазақстан, Астана, 14.12.2012.  
2.
 
Вульфов  Б.З.,  Поташник  М. М.  Организатор  внеклассной  и  внешкольной 
воспитательной работы. - М.: Просвещение, 1983. –192 с. 
3.
 
Василевский  А.Б.  Задания  для  внеклассной  работы  по  математике.  -  Минск: 
Нар.асвета, 1988. –175 с. 
4.
 
Малев  В.В.,  Малева  А.А.  Внеклассная  работа  по  информатике:  Учебно-
методическое  пособие  для  студентов  физико-математического  факультета.  – 
Воронеж: ВГПУ, 2003. –152 с. 
 
РЕЗЮМЕ 
Внеурочная  дополнительная  учебная  работа  по  информатике  организовывается  в  виде 
межпредметной  связи  с  применением  компьютера  и  информационных  технологий.  Это 
требует: знаний содержания, направления, метода, форм и путей использования. В этой статье 
рассматривается  содержание  и  формы  внеурочных  дополнительных  учебных  работ  и  их 
применение в учебном процессе. 
(Жумашова  Т.У.,  Абишева  М.  Особенности    форм    и    содержаний  внеурочных 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет