1
ISSN 2308-0590
Индекс 74661
РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС
Мағауин Мұхтар
Қазақстанның халық жазушысы
Ғарифолла Есім
академик
Жанболатов Сұлтан
профессор (Қытай)
Мырзахметұлы Мекемтас
филология ғылымдарының докторы, профессор
Сыдықов Ерлан
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық
университетінің ректоры,
тарих ғылымдарының докторы, профессор
Қалижан Уәлихан
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының директоры,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Әбдіғазиұлы Балтабай
Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің
филология институтының директоры,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Жұртбай Тұрсын
"Отырар кітапханасы" ғылыми орталығының
директоры, филология ғылымдарының докторы,
профессор
Хакім Мерием
PhD, профессор (Түркия)
Жақып Бауыржан
"Қазақ энциклопедиясының" бас директоры,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Ескендіров Мейір
тарих ғылымдарының докторы, профессор
Еспенбетов Арап
филология ғылымдарының докторы, профессор
Рамазан Айгүл
филология ғылымдарының докторы, профессор
Әубәкір Жандос
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени
қорық-мұражайының директоры, филология
ғылымдарының кандидаты, доцент
ШӘКӘРІМ
ғылыми-танымдық журнал
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 2013 жылдың
10 қазанында қайта тіркеліп,
№13921-Ж куәлігі берілген.
2005 жылдан шыға бастады.
БАС РЕДАКТОР
Әмірбеков Шәріпбек
Ағабайұлы
Семей қаласының Шәкәрім
атындағы мемлекеттік
университетінің ректоры, саяси
ғылымдарының докторы
БАС РЕДАКТОРДЫҢ
ОРЫНБАСАРЫ
Смағұлова Ақмарал
Төлеуғазықызы
«Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу
орталығының директоры,
филология ғылымдарының
кандидаты
ЖАУАПТЫ ХАТШЫ
Қадыров Айбар Қабыкенұлы
филология ғылымдарының
кандидаты, доцент
© Семей қаласының Шәкәрім
атындағы мемлекеттік
университеті, 2016
© «Шәкәрімтану» ғылыми-
зерттеу орталығы, 2016
2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ШӘКӘРІМТАНУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ
Шәкәрім. Ғылыми-танымдық журнал.
МАЗМҰНЫ
Жұртбай Тұрсын. Болатөзек (Қайым Мұхамедханов)........................................................................12
Ісмақова Айгүл.Абайтанушы, текстолог Қайым Мұхамедханұлы.......................................................29
Ердембеков Бауыржан. Абайтанудың «қаралы кезеңі» және Қайым Мұхамедханұлы.......................35
Mukhamedkhan Dina. Ethalon of conscience: Kayum Mukhamedkhanov’s life and fate............................42
Машакова Айнур. Эпистолярное наследие абаеведа Каюма Мухамедханова...................................61
Әубәкір Жандос. Қайым Мұхамедханұлы және көкбайтану....................................................................65
Қодар Әуезхан. Хранитель старины седой............................................................................. ........70
Төлебаев Жұмат. Ұлыларды ұлықтаған Қайым еді!................................................................................78
Сұлтанбеков Мұрат. Стойкий Каюм, непреклонный Каюм..................................................................82
Қожағұл Сайлаухан. Ғалым ғибраты, ұстаз шапағаты.............................................................................86
Сабырова Заида. Психологический портрет Каюма Мухамедханова.....................................................90
Кеңесбаева Шынар. Қайым Мұхамедханұлы - айтыс өнерінің жанашыры...........................................95
Ақтанова Айман.Қайым Мұхамедханов зерттеулерінің ғылыми құндылығы..................101
Ойсылбай Айсұлу. Қайым Мұхамедханұлы - Абайдың мұрагері, Мұхтардың шәкірті.........................105
Смағұлова Ақмарал. Қ.Мұхамедханов және әдебиет тарихы мәселелері..............................................109
АБАЙ АРМАНЫ
Еспенбетов Арап. Қайым Мұхамедханұлы: өмірі, мұрасы.........................................................3
МЕРЕЙТОЙ
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
«Қайым Мұхамедханов және қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференциясы........................................................................................................................................113
3
2016 №1 (30)
АБАЙ АРМАНЫ
«Абай арманы» зиялылар клубының кезекті мәжілісінде оқылған баяндама.
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ: ӨМІРІ, МҰРАСЫ
А.ЕСПЕНБЕТОВ, филология ғылымдарының докторы, профессор
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Қазақ әдебиетін зерттейтін ғылым бүгінде
кемеліне келіп, толысты. Тармақталған салалары
анықталып, жүйелі құбылысқа айналды. Биік
талап, азаматтық көзқарас қажет. Жәй әншейін
байбаламға салынып бізде әдебиет жоқ, сын жоқ,
поэзия кенже қалған, ғылым тоқырауда, тағысын
тағыларды тізбектеп айналаңа үңілмей, ештеңені
көрмей ділмәрсу жанашырлыққа жатпаса керек.
Әдебиетті тұлғалар жасайды, уақыт шыңдайды,
тарих таразылайды. Қазақ әдебиеті тарихында
есімі ғасырлар еншісіне тиесілі тұлғалардың бірі
– Қайым (азан шақырып қойған аты –
Ғабдұлқайым) Мұхамедханұлы.
Қайым Мұхамедханұлы 1916 жылдың 5
қаңтарында Семей қаласында ауқатты отбасында
дүниеге келген. Әкесі Мұхамедхан Сейітқұлов
(1870-1937) оқыған, көзі ашық, мәдениетті адам
болған. Жеке кітапханасында қазақ, татар, орыс
тілдерінде шыққан кітаптар жинақталыпты.
«Айқап», «Шора» журналдары мен «Қазақ»,
«Уақыт» газеттерін жаздырып алып тұрған.
Семей қаласында баспа көрген «Сарыарқа» газеті
мен «Абай» журналын қазақ меценаттары
шығарып тұрған, солардың жуан ортасында
Сейітқұлов Мұхамедхан да бар. Жанұялық
кітапханадағы аса бағалы кітап – 1909 жылы
Санкт-Петербургте жарық көрген Абайдың
тұңғыш жинағы екендігін Какең-ұстаз жазды да,
талай рет өз аузынан естідік. Сонымен Абайды
сүю, ұлы ақынды құрметтеу Қайым
Мұхамедханұлының балалық шағынан қанына
сіңген. Анасы Мақыпжамал – мейірімді, кең
пейілді, көзі ашық, дастарханы мол жан екен. Ол
кісі 1941 жылдың маусым айында өмірден озған.
Мұхамедханның төрт баласы болған. Үлкені –
Гүлсім (1912-1976), Қайым (1916-2004),
Құрманғали (1918 жылы туған - ?) Сталинград
түбіндегі сұрапыл шайқасқа қатынасқан, қан
майданнан аман-есен оралып елде бақилыққа
көшкен. Мәулетхан 1924 жылы туған, студенттік
шақта Отан қорғауға аттанып хабар-ошарсыз
кеткен.
Қайым ағаның өмірлік жан серігі Фархинұр
Ахметжанқызы (1918-1990) мәдениетті, ауқатты
жанұяда тәрбиеленген аяулы жан еді. Белгілі
қаламгер Ғаббас Қабышұлы: «Семей
молласының қызы, Ташкенттің белгілі діни
тұлғасының шөбересі Фархинұр 1936 жылы
сымбатты оқытушы жігіт Қайымға тұрмысқа
шықты»,-деген дерек ұсыныпты («Хаттар
сөйлейді», 269-б.). Қайым аға мен Фархинұр
апай он перзент сүйген. Олардың жетеуі
Қазақстанның түкпір-түкпірінде қызмет жасауда.
Жиырмасыншы ғасырдың төл перзенті бала
Қайым замандастары өткен жолмен жүрді.
Бірнеше рет қайталанған аштық, қуғын-сүргін,
атышулы репрессия жастық шағының қияметке
толы екендігіне куә. Жаппай қырғынға айналған
ӘОЖ 821.512.122
Мақалада автор Қайым Мұхамедханұлының өмірі туралы тың деректер ұсынады. Әдебиет
тарихы, Абайдың ақын шәкірттері тақырыбындағы ғылыми зерттеулеріне жан-жақты талдау
жасайды. Өлкенің тарихы жөнінде құнды естеліктеріне тоқталады.
Тірек сөздер: Қайым Мұхамедханов, қазақ әдебиеті, өлкетану, абайтану, шәкәрімтану.
4
қасіретті уақыт сезімтал Қайымды ерте есейтті,
ауыр қайғы жүрегіне беріш болып байланды.
Ол 1924-1928 жылдары қаладағы
бастауыш мектепте, 1929-1932 жылдары шаруа
жастары мектебінде (ШКМ) оқиды. Ерте еңбекке
араласады. 1935-1937 жылдары екі жылдық
мұғалімдер даярлайтын курсты тәмәмдайды.
Курста оқи жүріп, облыстағы қазақ тілі мен
әдебиетінен пән мұғалімдерінің курсында сабақ
береді.
1937-1941 жылдары Семей педагогикалық
институтын үздік дипломмен аяқтап,
оқытушылық қызметке қалдырылады. Ендігі
жерде бүтіндей шығармашылық жұмыспен
айналысады. Тырнақалды өлеңдері облыстық
«Екпінді» газетінде 1937-1938 жылдары жарыққа
шығады. «Қуаныш жыры», «Шаттық толғауы»,
«Қыраным», «Шаттық әні» өлеңдері шынайы
сезімге, патриоттық пафосқа толы азаматтық
рухта жазылған дүниелер.
Алғашқы аяқ алысынан, студенттік
шағынан өзіне де, өзгеге де биік талап қоюды
басты ұстанымына айналдырған ұстазымыздың
принципшілдігі таңдандырмай қоймас.
Қазақ әдебиетінен лекция оқитын
мұғалімдер бізді қанағаттандыра қоймаған соң
біз, студенттер Алматыға Сәбит Мұқановқа,
Есмағанбет Ысмаиловқа арнайы хат жазып,
бізге келіп, лекция оқуларын өтіндік. Олар
өтінішімізді қабыл алып, Семейге келіп,
С.Мұқанов 18-19 ғасыр әдебиетінен,
Е.Ысмаилов 20 ғасыр және совет әдебиетінен
лекция оқыды. Олардан кейін, белгілі жазушы
Зейін Шашкин келіп, әдебиет теориясынан
сабақ беріп жүргенде 1938 жылы жазықсыз
жазаға ұшырады [Мұхамедханов Қ. Көп
томдық шығармал ар жинағы. 9-том. –
Алматы, 2011. (Ұшқан ұямыз) 222-б.].
Бұл көп қайталана бермейтін, тіпті өмірде
сирек кездесетін құбылыс.
Студенттік шағынан Қ.Мұхамедханұлы
ғылыми-зерттеу жұмысымен шұғылдана
бастайды.
М.Әуезовтің
«Шекарада»,
Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», Ш.Хұсайыновтың
«Боран», К.Сағыровтың «Ер Тарғын» драмалық
шығармаларына сын мақалалар арнайды.
Ұстазы М.О.Әуезовтің нұсқауымен Абайдың
әдебиет мектебі және ақын шәкірттері Мағауия,
Ақылбай, Әубәкір, Әріп, жайлы тырнақалды
зерттеулерін жариялап үлгереді.
1940 жылы Абайдың әдеби музейін негізін
қалау кезінде зор ұйымдастырушылық қабілетін
танытады.
1941-1942 жылдары Кеңес армиясы
қатарына, еңбек армиясына шақырылады.
1942 жылдан Семей педагогикалық
институтының аға оқытушысы, Қазақстан
Жазушылар Одағының Семей облысындағы
өкілі, Республикалық Абай музейінің аға ғылыми
қызметкері міндеттерін ойдағыдай атқарады.
1945 жылы Қазақ ССР-інің әнұранына
ко нкурс
жарияланады.
Нәтижесінде
Қ.Мұхамедханұлы жазған мәтін ең үздік деп
танылып, тұңғыш әнұранның авторы атанады.
Ол 1947-1951 жылдары Семейдегі
Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайының
директоры қызметін ойдағыдай атқарады. Музей
көрсетілген мерзімде Қазақстан Ғылым
академиясының жүйесіне енген-ді. Яғни
ғылыми-шығармашылық жұмыстың жан-жақты
дамуына зор мүмкіндіктер ашылады.
1951 жылдың 7 сәуірінде «Абайдың
әдебиет мектебі» тақырыбында кандидаттық
диссертация қорғайды. Қорғау үлкен дискуссияға
ұласады. Ақырында Абайдың әдебиет мектебіне
«ұлтшыл ақындарды» әдейі, біле тұра енгізгені
айып болып тағылып, 1951-1954 жылдары
жазықсыз жазаға ұшырайды. Жиырма бес жылға
бас бо стандығынан айыру жөнінде үкім
шығарылады. Карлагтың қатыгез қапасынан
құтылысымен
диссертациясын
«Абай
төңірегіндегі ақындар» (1959) деген атпен қайта
қорғайды.
1955-1990 жылдары Семей педагогикалық
институтында аға оқытушы, доцент, профессор
қызметтерін атқарады.
Өмірін жан-жақты ғылыми-зерттеу ісіне
бағыштаған ғалым артынан мол мұра қалдырады.
1959 жылы «Мағауия Абайұлы Құнанбаев»,
«Абай шығармаларының текстологиясы
жайында», 1984 жылы «Комиссар Ғаббасов»
пьесалар жинағы, 1996 жылы «Абай
мұрагерлері» зерттеулері, 1993-1997 жылдары
«Абайдың ақын шәкірттері» төрт кітаптан
2016 №1 (30)
АБАЙ АРМАНЫ
5
тұратын жинақ жарық көреді.
1991-1995 жылдары М.О.Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институтының абайтану
бөліміне қызметке шақырылып, 1995 жылы ұлы
ақынның екі томдық кітабының дүниеге келуіне
үлесін қосады. Осы еңбектері үшін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік сыйлығы
беріледі (1996).
2004 жылдың 30 маусымында 88-ге
қараған шағында қайтыс болады.
Ол – Қазақ ССР гимнінің авторы, КСРО
Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан
Жазушылар Одағы сыйлығының, Халықаралық
«Алаш» әдеби сыйлығының, Халықаралық Абай
академиясы (Лондон) Алтын медалінің иегері.
Семей, Аягөз қалаларының, Жаңасемей, Абай
аудандарының құрметті азаматы.
Абайды тану қайтпас қажыр-қайратты
тілейтін ғылым саласы
еді. Қайым
Мұхамедханұлы абайтануға сүйікті ұстазы
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің тікелей
ықпалымен, ақыл-кеңесімен келген. Мұхамедхан
әулетімен сыйлас, адами қарым-қатынасы
үзілмеген Әуезов ақындық қабілетін ерте
танытқан, қазақ халқының батырлық, ғашықтық
жырларын, шығыстық дәстүрдегі қисса-
хикаяларды жатқа соғатын жасқа көңілі түсіп,
жанына жақын тартқан. Алаш ардақтылары
сыйлы қонақ, мәжілістес, дос болып, қазақтан
шыққан әйгілі азаматтарға үнемі жылы қабақ
танытып, қонақжай отбасы болғаны жөнінде
әредік жазылып келеді.
Қайым аға бір сұхбатында («Егемен
Қазақстан», 2001, 26 қыркүйек): «Әкем
Мұхамедхан соншалықты оқымысты кісі
болмағанымен, заманына сай көзі ашық сауатты
адам еді. Бойына біткен кісілігінің арқасы шығар,
ертеден ұлы Абай төңірегімен аралас-құралас
болған»,-дей келе: «Төңкеріс болған жылы сен
аяғыңды енді ғана басқан сәби болатынсың.
Сонда Семейге Әлекеңнің келгені ерекше
салтанатты жағдайға ұласып еді. Бүкіл қазақ
қауымы үлкен қуанышпен оны ханнан кем қарсы
алған жоқ. Шындығында Әлекең ұлт көсемі еді
ғой. Мұны енді, сол шақта Сұлтанмахмұт та
келістіріп жырлады емес пе! Ахаң мен Жақаң –
Ахмет пен Міржақыпты айтамын, сондай-ақ
Мағжан мен осы Сұлтанмахмұттар Әлекеңнің
қасынан табылатын. Біздің үйде қона жатып
әңгіме-дүкен құратын, сөйтіп ел болашағын
алыстан бо лжайтын сол ұлылардың сен
тізесінде отырып өстің ғой, шырағым! Соны
ұмытпа дейтін әкем жарықтық!»,-деп ерекше
ілтипатпен еске алатын. Әкесі айтқан естелікті
жадында жаңғырта түсіп: «Иә, мақтанды деме,
қарағым, сол еңселі шатырлы үйде кімдер
болмаған десеңші! Шәкәрім, Көкбай, Турағұл
болып бұл тізім жалғаса береді. Алдыңғы
ағалардың асыл жүздері есімде еміс-еміс
сақталса, кейінгілерді есейіп қалғанда
көргендіктен бәрі де есте» дейтұғын.
Алаш қайраткері тоқайласып, емін-жарқын
ой өрбітіп, пікір жарыстыратын зиялылар
мәжілісі өтетін ерекше статусы бар жиын
орталығына айналған қасиетті құт-мекенді көз
алдымызға елестетеді Мұхамедхан шаңырағы.
Сол жылы [1925 – А.Е.] Мұхаң «Қарагөз»
пьесасын аяқтап, Семейде театр өнеріне
тікелей араласып жүрген кезінде менің ол
кісімен көбірек жанасуыма тура келген еді.
«Қарагөздің» әр актысын бірнеше дана етіп
көшіріп, оны алдағы қойылуында басты рольдер
атқаратын артистерге беру міндетін
Шаймерден екеуміз алғанбыз.
Осыдан бірқыдыру уақыт өткен соң
«Қарагөз» Қазақстандағы пьеса конкурсында
бірінші бәйге алыпты деп естідік.
Енді сол «Қарагөздің» қолжазба күйінде
тұңғыш рет қалай қойылғанын айтайын.
Семей қаласындағы қаратаяқтарды – қазақ
зиялыларын жақсы білетін Мұхаң «Қарагөзде»
ойнауға қатысатындарды өзі іріктеп алған
екен. Соларды бер жақтағы (Жаңасемейде)
Қайым Мұхаметқановтың үйіне жинатып,
пьесадағы рольдерді әрқайсысының икемі мен
дауысына, денесі мен кейіпіне қарай өзі бөліп
берді. Қарагөз ролін Өжен деген мұғалім (қазір
Семейде, пенсионер), Сырым ролін Ахмет
Әуезов пен Смағұл Әмзин, Наршаны Сүлеймен
Ержанов (финанс қызметкері) пен Ахметбек
Шикібаев, Асан сал ролін Дүйсебай Есенжолов
деген мұғалім (қазір пенсионер) және басқа
рольдерді әркім-әркім ойнайтын болды
[Сармурзин Ғ. Өнеге. М.Әуезов туралы естелік,
2016 №1 (30)
АБАЙ АРМАНЫ
6
22-25 б.].
1922 жылы июнь айында, қасында Ғаббас
Тоғжанов бар Мұхтар арнайы сапармен
Семейге келді. Мақсаты – жұтқа ұшыраған
Торғай губерниясы жұртшылығына жәрдем
ұйымдастыру. Қаладағы барлық жауапты
қызметкерлер уездерге, болыстарға өкіл
ретінде аттанды. Мұхтардың өзі Шыңғыс,
Шаған, Бұғылы, Мұқыр және Қызыладыр
болыстарына, яғни қазіргі Абай ауданының
жеріне баратын болды. Мен де төрт болыс елді
аралайтын болдым. Сол жолы 1922 жылы 24-
июньде маған берілген 173-номерлі мандат күні
бүгінге дейін өзімде сақтаулы.
Мұхтар августа Семейге қайтып оралды.
Келген бетінде таныстарын Жаңасемейдегі
Мұқаметханның үйінде (жазушы Қайым
Мұқаметхановтың әкесі) қонақ етті. Содан соң
Орынборға жүріп кетті [И.Әлин «Ол қоғамшыл
еді». Кітапта: Біздің Мұхтар (М.О.Әуезов
туралы естеліктер). 336-б.].
Мұхаң сол кезде, 1926 жылы, елге
демалысқа келгенін, кейін, 1940 жылы
кездескенімізде есіне алып, аса қызықты әңгіме
айтқан еді. Сол жылы Көкен тауына (біздің ел)
саяхат жасағандарын әңгіме еткенде Мұхаң
Абай заманынан бастап шежіре шертетін.
Бұның бәрі жеке бір жазылатын естелік
әңгіменің тақырыбы.
Менің Мұхтарды шын түсініп, оның
айтқандарын аңғарып, ұғып, әңгімелесуге
жараған шағым 1939-1940 жылдар еді
[Мұхамедханов Қ. «Кемеңгер жазушы». Көп
томдық шығармалар жинағы. 5-том, 176-б.].
Осы мәселені неге соншама ежіктеп жіберді
дерсіз?
Басты
мақсат
–
Қайым
Мұхамедханұлының ұлтжанды азамат,
шығармашылық тұлға ретінде қалыптасудағы
өскен орта ықпалын көрсету.
Қайым Мұхамедханұлының табиғи
дарыны мен шығармашылық мүмкіншілігін
бірден аңғарған кемеңгер ұстаз М.О.Әуезов
салмақты тапсырмалар береді. Олар:
• Абайдың өмірі мен шығармашылығын
жүйелі зерттеу, ақынға қатысты ірілі-ұсақты
деректерді ұқыптылықпен жинақтау, әсіресе
қолжазбаларға жете мән беру;
• Абайдың ақын шәкірттері жөнінде
деректерді іздестіру, бір ізге түсіру, жарияланбаған
шығармаларын жазып алу, зерттеу объектісі етіп
алу,
бір
сөзбен
түйгенде
болашақ
диссертацияның тақырыбын белгілеу;
• Абайдың мұражайын ұйымдастыру, оған
барынша көмекте су, экспонаттар жинау,
естеліктерді бір ізге түсіру, т.б.
• Абайдың 100 жылдық мерейтойына
дайындық жүргізу мақсатында 25 жасар Қайым
үкімет тарапынан құрылған юбилейлік
комиссиясының Ғылыми хатшысы қызметіне
тағайындалады (1941 жылдың 16 ақпаны күні).
Қарап отырсаңыз, аталған жауапты міндеттерді
мүлтіксіз орындайтындығына ұстазы сенген.
Зейінді, оқығаны
мо л, әр
мәселеге
шығармашылық ықтиятпен қарайтын шәкірт те
жетекшісі талап еткен биік нысана үдесінен шыға
алған. Қандай жарасымдылық!
Өзі де Абаймен «ауырып» жүрген жас
ізденуші мұхиттай терең Мұхаңның салиқалы,
терең логикаға құрылған ойларына дендеп енген
сайын болашағын біржолата анықтауға бел
шешіп кіріседі. Қияметі мол, мехнаты зор ғылым
сапарындағы адастырмас Темірқазық – Абай
болатын.
Студенттік шақтан Абай мұрасын зерттеуге
кіріскен жас облыстық «Екпінді» (бүгінде «Семей
таңы») газетінің 1940 жылғы бес санында
«Абайдың әдебиет мектебі» мақалалар циклын
жариялайды. Бүгінгі күннің тілімен айтсақ,
Абайдың әдебиет мектебі, ақын шәкірттері
концептілерін ғылыми қауымның алдына
кесекөлденең тартады. Әдеби ортаға, ғылыми
жұртшылыққа ой-өріс ашқан жаңалық терең
талдауларға зәру қазақ әдебиеттануына олжалы
табыстар әкелді.
Бұдан кейін баспа көрген «Абайдың ақын
ұлы Мағауия», «Абайдың ақын ұлы Ақылбай»,
«Ақын Әубәкір», «Ақын Әріп» мақалалары
аталмыш концептілік ұғымдардың әдебиет
ғылымына жатырқамай ірге тебуіне жол ашты.
Қайым Мұхамедханұлы 1951 жылдың 7
апрелінде М.О.Әуезовтің жетекшілігімен
«Абайдың әдебиет мектебі» тақырыбында
кандидаттық диссертация қорғайды. Қорғау ірі
2016 №1 (30)
АБАЙ АРМАНЫ
7
айтысқа ұласады. Түн ортасы ауғанша шешендер
бірнеше мәрте сөз алып, тырнақ астынан кір іздеп
диссертантты қорғатпауға тырысады. Бұл
ғылыми дискуссия емес, ұстаз бен шәкіртке кір
жағу, ұяттан, ардан безініп, ғылымға көпекөрнеу
қиянат жасауға бағытталған пасық әрекет деп
ұғыңыз. Бірақ ол іс-әрекет жүзеге аспады.
Жасырын дауыс беру (жақтап – 10, қарсы – 7)
нәтижесінде диссертациясын қорғап шықты.
Іле-шала Қазақ ССР Ғылым академиясы
мен Қазақстан Жазушылар Одағының бірлескен
мәжілісінде 1951 жылдың 15 июнінде «Абайдың
әдеби мұрасы мәселесін талқылауға арналған
айтыс» ұйымдастырылды. Айтыс барысында
Қазақстан тарихы мен абайтанушылардың «қате
көзқарастары» ашып көрсетіліп, көптеген
тұлғалар жазаланды.
Вообще надо отметить, что в
послевоенный период не прекращались
необоснованные репрессии против видных
деятелей культуры и науки Казахстана. Были
арестованы и осуждены на длительный срок –
историки Е.Бекмаханов, Б.Сулейменов, также
арестовали ученых-филологов Е.Исмаилова и
К.Мухамедханова,
последнего
за
«националистические ошибки» в вопросах
изучения литературной школы Абая [Кунаев Д.,
О моем времени. – Алматы, 1992, стр.76-77.]
Абай мен оның дарынды шәкірттерін
зерттеудегі өрескел қателіктері мен байшыл-
ұлтшылдардың біздің идеямызға жат
шығармаларын тықпалап әдебиет тарихына
енгізбек болған әрекеттері үшін 1951 жылдың 1
желтоқсанында тұтқынға алынып, 25 жылға
Карлагқа жөнелтіледі. Нағыз «тамұқты» бастан
кешіреді.
Түрмеден оралғаннан кейін ғылыми
жұмысын тиянақтауды қолға алып, кандидаттық
диссертациясын «Абай төңірегіндегі ақындар»
атты тақырыппен 1959 жылдың 12 маусымында
қайта қорғауға мәжбүр болды.
Абай үшін қандай қиыншылық көрсе
ұстаған мұратынан қайтпайды. Абай өлеңдерінің
мәтіні
адам
айтқысыз
бұрмаланып,
«редакцияланып» кеткендігіне көзі жеткен ұстазы
Какеңе текстологиямен шұғылдануға бағдар
сілтейді. Талантты шәкірт бұл аса қиын шаруаны
да орнына келтіреді. «Абай шығармаларының
текстологиясы жайында» (1959) аталған
фундаментальды
еңбек
тек
қана
Мұхамедхановтың табысы емес, тұтастай қазақ
әдебиетін зерттейтін ғылымда бұрын-соңды
кездеспеген бітімі ерек жаңалық ретінде
қабылданады.
Қазақ
әдебиеттануы
текстологияның теориясы мен практикасына
тыңнан түрен салған тұңғыш ғылыми
монографиямен байыды. Бүгінгі таңда басылып
шыққанына жарты ғасырдан астам уақыт
өткенімен жеке қаламгердің мәтінін жан-жақты
зерделеуді мойнына алған басқа монографияның
бой көрсетпеуі Какең еңбегінің күні бүгінге
актуальдылығын танытады. Бірен-саран
ұжымдық жинақтар мен анда-санда жылдар
араға салып ұшырасатын жекелеме мақалалар
Қ.Мұхамедханұлының мәтінтанудағы ашқан
жаңалығын жалғастырар жас ғалымдардың
суырылып шықпауы ойландырады.
Какең
жалғыз
монографиясымен
шектелмей Махамбет өлеңдерінің, Бұқар жырау
толғауларының, батырлық жырлардың, айтыс
өлеңдерінің, Абайдың ақын шәкірттері
шығармаларының мәтіндерін қалпына келтіру
жолында аянбай тер төкті. Әдебиетті, ғылымды
тағдырына балаған ізденімпаз ұрпақ Қайым аға
мұраларына қайта-қайта қайрыла қарары хақ.
Саналы өмірін абайтануға арнаған ғалым 1947-
1951 жылдары Абай музейін басқарады. Ол кезде
музей Ғылым академиясының қарамағында.
Ғылымға, зерттеушілікке кең жол ашылған уақыт.
Абайдың
заманына
қатысты
бағалы
экспонаттар, сирек кездесетін кітаптар, газет-
журналдар, қолжазба материалдардың мейлінше
мо л жинақталатыны осы тұс. Қайым
Мұхамедханұлы өмірінің соңғы минутына дейін
мұражайдың көркейе түсуіне үнемі ат салысқан.
Ғылыми Кеңестің мүшесі, музей жанындағы
мәдениет университетінің ректоры ретінде
алдағы атқарылмақ істерді үнемі жоспарлап,
қадағалап ақыл-кеңе сімен жол сілтеуді
дағдысына айналдырып өтті.
Қайым – ұстаздың зерттеушілік
лабораториясындағы қомақты үлес Шаһкәрім
(Шәкәрім)
Құдайбердіұлының
шығармашылығына тиесілі. Кандидаттық
Достарыңызбен бөлісу: |