Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



жүктеу 2.32 Mb.
Pdf просмотр
бет1/15
Дата06.03.2017
өлшемі2.32 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

1

ISSN 2308-0590

Индекс 74661

РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС

Мағауин Мұхтар

Қазақстанның халық жазушысы



Ғарифолла Есім

 академик



Жанболатов Сұлтан

профессор (Қытай)



Мырзахметұлы  Мекемтас

филология ғылымдарының докторы, профессор



Сыдықов Ерлан

     Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық

университетінің  ректоры,

тарих ғылымдарының докторы, профессор



Қалижан Уәлихан

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер

институтының директоры,

филология ғылымдарының докторы, профессор



Әбдіғазиұлы  Балтабай

Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің

филология институтының директоры,

 филология ғылымдарының докторы, профессор



Жұртбай Тұрсын

"Отырар кітапханасы" ғылыми орталығының

директоры, филология ғылымдарының докторы,

профессор



Хакім Мерием

PhD, профессор (Түркия)



Жақып Бауыржан

"Қазақ энциклопедиясының" бас директоры,

филология ғылымдарының докторы, профессор

Ескендіров Мейір

тарих ғылымдарының докторы, профессор



Еспенбетов Арап

филология ғылымдарының докторы, профессор



Рамазан Айгүл

 филология ғылымдарының докторы, профессор



Әубәкір  Жандос

«Әзірет  Сұлтан»  мемлекеттік  тарихи-мәдени

қорық-мұражайының директоры, филология

ғылымдарының кандидаты, доцент



ШӘКӘРІМ

 ғылыми-танымдық журнал

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат

министрлігінде 2013 жылдың

10 қазанында қайта тіркеліп,

№13921-Ж куәлігі берілген.

2005 жылдан шыға бастады.



БАС РЕДАКТОР

Әмірбеков Шәріпбек

Ағабайұлы

Семей қаласының Шәкәрім

атындағы  мемлекеттік

университетінің ректоры, саяси

ғылымдарының докторы

БАС РЕДАКТОРДЫҢ

ОРЫНБАСАРЫ

Смағұлова Ақмарал

Төлеуғазықызы

«Шәкәрімтану»  ғылыми-зерттеу

орталығының директоры,

филология ғылымдарының

кандидаты

ЖАУАПТЫ ХАТШЫ

Қадыров Айбар Қабыкенұлы

филология ғылымдарының

кандидаты, доцент

© Семей қаласының Шәкәрім

атындағы  мемлекеттік

университеті, 2015

© «Шәкәрімтану» ғылыми-

зерттеу орталығы, 2015



2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ШӘКӘРІМТАНУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ



Шәкәрім. Ғылыми-танымдық журнал.

МАЗМҰНЫ

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ



Қауысқызы Нағима. Шәкәрім Құдайбердиев ән мұрасын мектептегі музыка пәнінде оқыту.....84

Әбдіхалық Күнімжан. Абай және «Дала уалаятының газеті»....................................................................6

Камалқызы Жанымгүл. Абай - ренессанстық тұлға.................................................................................11

Көшенова Тоты. Абай және шығыстың классикалық поэзиясы.............................................................20

Тумабаева Мадина. Абайдың «Жаз» өлеңінің текстологиясы.................................................................25

Кудушева Нұрғайша. Абай шығармаларындағы адам мінез-құлқы......................................................29

 

АБАЙ АРМАНЫ



Сәрсеке Медеу. Ермұхан Бекмаханов - қазақтың аса көрнекті тарихшысы.......................................3

Елікбаев Серік. Қазақ әдебиетіндегі «қонақ» пен «бөтен» концептілері...............................................50

Кемеңгер  Қайырбек.  Мағжан  Жұмабаевтың  «Жас  Мағжанға»  өлеңінің  жазылу

тарихы..........................................................................................................................................................54



'Ibrayeva Aigul ,Orazayeva Gulzhanat. Modern status of languages in the republic of Kazakhstan...................58

ШӘКӘРІМТАНУ

АСЫЛ СӨЗ

Кемелбаева Айгүл. Ер Төстіктің дүниеге келуі.......................................................................................87

АБАЙТАНУ


МҮШЕЛТОЙ

Әубәкір Жандос. Руханият ордасы...........................................................................................................61

Қайрамбаева Мейрамгүл. Абай музейінің ғылыми жетістіктері...............................................................65

Мұхамедова Маржан. Ел тамсанған көрмелер.........................................................................................69

Мұқатаева Салтанат. Абай мұражайының халықаралық деңгейі.......................................................74

Елекенова Раушан. Қазақстандағы алғашқы әдеби-мемориалдық музей...............................................79

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ



Мәдібай Қанипаш, Солтанаева Еркінгүл. Ш.Құдайбердіұлы дастандарындағы мұсылманшылық

ұстанымдар.......................................................................................................................................................33



Кенемолдин Мұратбек. Шәкәрім айтқан, қазақ оқығандары....................................................................41

Ағалиева Нұргүл. Шәкәрім өлеңдерінің жанрлық сипаты..........................................................................47

3

2015  №4  (29)

АБАЙ АРМАНЫ

   ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВ - ҚАЗАҚТЫҢ АСА КӨРНЕКТІ ТАРИХШЫСЫ



М.СӘРСЕКЕ, жазушы, «Құрмет» орденінің,  «Еңбектегі ерлігі үшін»

медалінің иегері.

«Абай арманы» зиялылар клубының кезекті мәжілісінде оқылған баяндама.

Мақалада  белгілі  тарихшы  Е.Бекмахановтың  Қазақстан  тарихын  жазудағы  ерлігі

баяндалады.

Тірек сөздер: Е.Бекмаханов, тарих, А.Панкратова, К.Қасымұлы.

Е.Бекмаханов  1937  жылы  Ресейдің

Воронеж  қаласындағы  педагогикалық

институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық

ағарту  комиссариатының  жанындағы  ғылыми

зерттеу институтында еңбек еткен. Отан соғысы

жылдарында  Республиканың  халық  ағарту

комиссариатының  басқарма  бастығы  болған.

Сонымен  қатар  Алматының  жоғарғы  оқу

орындарында ұстаздық қызмет атқарған.

1946-1947  жылдарда  Қазақ  КСР  Ғылым

ӘОЖ 957.4

Е.Бекмаханов 

Кеңес 


заманында

сталинизмнің  құрбаны  болған,  тұңғыш  кеңес

тарихшыларының бірі, әрі бірегейі, кеңес тарих

ғылымында  доктор  атағына  ие  болған  азамат,

профессор,  Қазақстан  Ғылым  академиясының

корреспондент-мүшесі Ермұхан Бекмаханов еді.

Бекмаханов – обьективті ғылыми шындықтың

жағындағы  зерттеуші  бола  білді.  Оның  есімі

осынысымен  биік  тұғырға  шығып,  ел  есінде

сақталып,  шет  елдерде  де  жоғары  беделге  ие

болды.  Бекмаханов  жайлы  пікір  айтқан  аузы

дуалы,  академиктер  Греков,  Панкрато ва,

Дружниндер  кеңес  тарих  ғылымын  жасаушы,

Бекмахановты  қолдаушы  және  өз  пікірлерін

ешуақытта өзгертпеген, тіпті ең жоғары партия

басшылары  алдында  да  жасырмаған  ұлы

тұлғалар еді.

Ермұхан  1915  жылдың  16  ақпанында

бұрынғы  Семей  облысының  Павлодар  уезіне

қарайтын  Баянауылдағы  Жасыбай  көлінің

жағасында Төле ауылында дүниеге келген. Әкесі

Бекмахан  кедейленіп,  Мұса  Шормановтың

немере інісі Зында Шормановтың малын баққан.

Бекмаханның Бәпіш деген әйелінен Дінше,

Ермұхан және Қамияш деген үш баласы болады.

Бекмахан мал бағып жүріп өкпесіне суық тигізіп

алады  да,  Ермұхан алты  жасқа  толмай  жатып

қайтыс болады. Осылайша Ермұханның анасы

Бәпіш үш баламен тұрмыстың ауыр тауқыметін

тартуға  мәжбүр  болады.  Ермахан  1925-1931

жылдар  аралығында  Баянауылдағы  мектепте

оқиды.  Дәл  осы  1931  жылдың  басында  қазақ

даласында  колхоздасу  науқаны  үрдіс  жүріп,

өлкелік  партия  комитетінің  жауапты  хатшысы

Ф.И.Голощекин үш жылдық жоспарды бір жылға

орындау  жөніндегі  БК(б) П-ның  бас  хатшысы

И.Сталиннің нұсқауын жеделдетіп жүзеге асыру

үшін  Қазақстанға  зор  әбігершілік  бастады.

Баянауыл  ауданы  да  бұл  науқаннан  тысқары

қалған жоқ. Белсенділері көбірек болды ма, кім

білсін, «көгенде қозы,  өрісте бұзау қалмасын»

ұраны  басқа  аудандарға  қарағанда  бұл  өңірде

жедеғабыл  жүрді.  Нәтижесінде,  күні  кеше  ірі

байларды тәркілеуден  әупіремдеп аман  қалған

орта  дәулеттілер  ғана  емес,  бірер  сиыры,  он

шақты ұсақ малы бар Бекмахан отбасы сияқты

кедейлер де қамтылып, бала-шағасына күнкөріс

жасап отырған азын-аулақ малын ортаға өткізіп,

колхоз атанған ұжымдық шаруашылықтың қара

қазанына қарап қалды.



4

АБАЙ АРМАНЫ

академиясында  жаңадан  құрылған  Тарих,

археология  және  этнография  институты

директорының  ғылыми  жұмыс  жөніндегі

орынбасары,  1947  жылдан  бастап,  өмірінің

соңына дейін, яғни 1966 жылдың мамыр айының

алтысына 

дейін 


Қазақ 

мемлекеттік

университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан

тарихы кафедрасын басқарды.

Е.Бекмахановтың  ғылыми  мұрасы  оның

тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи

мәселелерді  кең  қамтуымен  және  оларды

байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің

бастысы  1947  жылы  Алматыда  орыс  тілінде

жарық  көрген  "XIX  ғасырдың  20-40

жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы

болды.  Осы  тақырыпта  1946  жылы  Мәскеуде

тарих  мамандығы  бойынша  докторлық

диссертация қорғаған.

Асыра сілтеу, бұрмалау және күдікшілдік

бел  алған  о сы  тұста  бұл  еңбекке  пікір

айтушылардың  кейбіреулері  оны  Кенесары

Қасымұлы бастаған қозғалыстың тарихын ақтау

тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны

буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дәріптеуші

деген  саяси  кінәға  ұшыратты.  Е.Бекмаханов

еңбегіне байланысты пікірталастар 1947 жылдың

екінші  жартысында  күшейе  түсті.  Ермұхан

Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы

үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың

батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін

де қызыл империя аямай жазалады. 1947- 1950

жылдарда Е.Бекмахановтың күйі өте ауыр болды,

күн  өткен  сайын  оған  тиген  моральдық

со ққының  салмағы  арта  берді.  Ермұхан

Бекмахановты қаралау  кампаниясы Тілеуқажы

Жанайұлы  Шойынбаев,  Хадиша  Гилимқызы

Айдарова және А.Ф. Якунинің қол қойған КСРО-

ның  басты  газеті  -  "Правда"  газетіндегі  1951

мақаладан 

басталады. 

1951 

жылы


университеттегі  жұмысынан  қуылып,  партия

қатарынан шығарылды.

Ол біраз уақыт Алматы облысы, Нарынқол

ауданында мектепте тарих пәнінен сабақ берді,

көп кешікпей Жамбыл облысы, Шу ауданындағы

Новотроицк  селосындағы  мектепке  мүғалім

болып  орналасты.  Осы  жерде  1952  жылы  5

қыркүйекте тұтқындалды. Екі айға жуық тергеу

жұмыстары  жүргізіліп,  1952  жылдың  3

қарашасында № 699 іс бойынша Е.Бекмахановты

айыптау қортындысы дайын болды.

Жоғарыдағы айыптау негізінде 1952 жылы

2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының

Қылмысты  істер  жөніндегі  коллегиясының

үкімімен  Е.Бекмаханов  25  жыл  мерзімге  бас

бо стандығынан  айырылып,  ГУЛАГ-тың

алыстағы лагерінің біріне айдалды.

Ол  кісінің  лагерьден  тиісті  органдарға

жазған  көптеген  арыздарының  нәтижесінде,

академик, қоғам қайраткері Анна Михайловна

Панкратова  сияқты  қайырымды  адамдардың

көмегінің  арқасында  Берия  атылғаннан  кейін

Е.Бекмахановтың ісі қайта қаралып, 1954 жылы

16  ақпанда  оның  ісі  жабылып,  өзі  ақталып

шықты.

ГУЛАГ-тың лагеріндегі адам төзгісіз азапты



күндерді басынан кешкеніне қарамастан, қайсар

ғалым, артына халықтың игілігіне айналған мол

ғылыми  мұраларын  қалдырды.  Өзі  ұсталып

кеткенге  дейін  бастап  қойған  "Қазақстанның

Ресейге  қосылуы"  атты  еңбегін  аяқтау  ісімен

айналысты. Бұл еңбегі А.М.Панкратованың баға

жетпес көмегінің арқасында Мәскеудегі "Наука"

баспасынан 30 баспа табақ көлемінде 1957 жылы

жарық көрді.

Е.Бекмаханов өзінің жемісті еңбегіне сай

ғылым  мен  қоғамдағы  орнын  қайтадан  алды.

Оған  университеттегі  өзі  ұйымдастырған

кафедрасы қайтарылып берілді. 1964 жылы Қазақ

КСР 


Ғылым 

академиясының 

мүше-

корреспонденті болып сайланды. Өмірінің соңғы



он жылында өнімді еңбек етіп, терең мазмұнды

ғылыми  шығармалар  жазды,  орта  мектептер

үшін Қазақ КСР тарихының оқулығын жазды.

Қазақстан  төуелсіздік  алғаннан  кейін

Е.Бекмахановтың басты еңбегі — "XIX ғасырдың

20-40 жылдарындағы Қазақстан" ақталып, орыс

және  қазақ  тілдеріндегі  нұсқалары  "Қазақ

университеті"  (қазіргі  "Санат")  баспасынан

жарық көрді.

Ермұхан  Бекмаханов  жөнінде  Халық

қаһарманы, академик Шапық Шөкин былайша

еске  алған:  "Ұлтымыздың  аса  көрнекті

тарихшысы Ермахан Бекмаханов уақыт бедеріне

бағынбаған,  шыншыл  ғалым  болатын.  Ол

докторлығын  екі  рет  қорғады.  Еңбегінің

нашарлығынан емес, тыйым салынған Кенесары



2015  №4  (29)

5

АБАЙ АРМАНЫ

В статье говорится о подвиге известного историка Е.Бекмаханова, внесший свой вклад в

написание истории Казахстана.

Резюме

Resume

2015  №4  (29)

The article says about the heroism of the famous historian E.Bekmahanova who contributed to the

writing of the history of Kazakhstan's.

тақырыбына жазылғандықтан. 1947 жылы Қазан

төңкерісінің  30  жылдығына  байланысты

Одақтық Академия бойынша үлкен салтанатты

кеңес  өтуі  керек  болатын.  КСРО  ҒА-ның

басшысы  Вавилов  Сәтбаевқа  телефон  соғып,

Қазақстан  тарапынан  баяндама  жасайтын

адамды айтуды сұрайды. Қаныш Бекмахановты

ұсынады.  Жиналыста  қағазсыз  сөйлеген  жас

баяндамашыға ғалымдар таң-тамаша болады".

Сібірде айдауда өткізген жылдары Ермұханның

денсаулығына  өз  әсерін  тигізбей  қоймады.

Өкпесіне  суық  тигізіп  алған  Ермұханның

денсаулығы  жыл  сайын  нашарлай  берді.  1966

жылы  өзінің  емдеуші  дәрігерінің  табанды

кеңесімен Министрлер Кеңесінің ауруханасына

жатады.  Алайда  Ермұхан  өкпе  ісігінің  соңғы

кезеңінде  еді.  Сонымен  қоса,  астма  ауруы  да

асқынып  кеткен  болатын.  Ол  өзінің  өлетінін

білген және өмірінің соңғы күндері ғалымның

жағдайын  сұрауға  келген  жерлесі,  медицина

ғылымдарының  докторы  Хамза  Жұматовқа

былай деген: "Менің жағдайым мүшкіл, алайда

абыроймен  өлу  керек".  Дәрігерлер  де

Ермұханның жағдайының мүшкіл екенін түсініп,

өмірінің соңғы күндері ең жақын адамдарынан

басқа  ешкімді  палатаға  кіргізбеген.  Алайда

дәрігерлер  Ермұханның  әйелі  Халима

Адамбекқызының  өтінішімен  мамыр  айының

алғашқы  күндерінің  бірінде  Бауыржан

Момышұлына  палатаға  кіруге  рұқсат  еткен.

Жағдайын 

сұрап 

келген 


Бауыржан

Момышұлына Ермұхан: "Бауке, ер адам үшін 50

жас  деген  түк  емес  қой.  Армандарым  мен

жоспарларымды орындай алмай кетіп барамын.

Кешіріңіз  мені"  депті.  Кейінрек  Бауыржан

Момышұлы  өз  естелігінде:  "Ол  меннен  өзінің

тарих  бойынша  жазып  үлгермеген  ғылыми

еңбектері  үшін  шынайы  кешірім  сұрады"  деп

жазады.  Сөйтіп  1966  жылдың  6  мамырында

Ермұхан Бекмаханов дүниеден озады. Ғалыммен

қоштасу  рәсімі  бір  күннен  кейін  болады.

Кандидаттық 

және 

до кторлық



диссертациясының  тақырыбын  Кенесарыға

арнаған  Ермұханның  жаназасына  ғалым,

гео логия-минереология  ғылымдарының

докторы,  Кенесарының  ұрпағы  Нәт ай

Әзімханұлы  Кенесарин  арнайы  Ташкенттен

келіп, қаралы жиында сөз сөйлеп, өзінің досын

ақтық сапарға шығарып салады.


6

АБАЙТАНУ

ӘОЖ  821. 512. 122 (091)



К.ӘБДІҚАЛЫҚ, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Алматы қаласы

АБАЙ  ЖӘНЕ «ДАЛА УАЛАЯТЫНЫҢ ГАЗЕТІ»

Бұл мақалада  ұлы Абайдың «Дала уалаятының газетінде» жарияланған «Болыс болды кей

кісі» (№12, 1889) деп басталатын өлеңінің текстологиясы сөз етіледі. Ақынның көзі тірісінде

жарық  көрген  газеттік  нұсқа  мен  кейінгі  жарияланымдар  қатар  салыстырылып,  мәтіндік

айырымдардың дұрыс-бұрыстығы зерделенеді. Қайсысының түпнұсқа екенін анықтауда  газеттік

нұсқада кездеспейтін тұтас өлең жолдары мен жекелеген сөздерге назар аударылып, алғашқы

нұсқаның ақынның өз қолжабасы екені дәлелденеді.

Тірек сөздер: Абай, текстология, қолжазба, өлең, басылым, түпнұсқа.

Абайдың  көзі  тірісінде  жарияланған

өлеңдерінің  түпнұсқа,  ақынның  өз  жазбасы

екендігіне  шүбә  келтірмеуіміз  керек-ті.  «Дала

уалаяты газетінде» жарық  көрген «Жазды күн

шілде болғанда» (№7,1889), «Болыс болды кей

кісі»  (№12,  1889)  деп  басталатын  екі  өлеңнің

авторын Абай деп танысақ та бүгінгі күнге дейін

ол 

нұсқалар 



оқылмай, 

әдебиеттану

ғылымындағы  орны  да ескерусіз  келуі,  әрине,

ойлантарлық  жайт.  Осыған  орай  ақынның

газетте басылған екінші өлеңін қазіргі жинақтағы

нұсқамен  салыстыра  отырып,  түпнұсқаға

қайсысы  жақын  деген  мәселеге  назар

аудармақпыз  («Жаз»  өлеңінің  нұсқасы  жайлы

«Қазақ әдебиеті» газетінде /2014.-7 қаңтар, 7-б./

бірсыпыра сөз етілді).

Абайдың осы сатиралық өлеңінің газеттік

нұсқасына  арнайы  мән  бергендер  де  болды.

Айталық, зерттеуші Ғ.Әбетовтің «Абайдың саяси

сатирасының идеялық-көркемдік ерекшеліктері»

(1958) атты диссертациясында ақынның газеттік

нұсқасы барынша іске алғысыз етіп дәлелденіпті.

Осы  нұсқаны  ең  алғаш  сөз  еткен  ғалым

Қ.Бекхожиннің «Абай және Дала уалаяты» (1950)

деп  аталатын  ғылыми  мақаласында  газеттік

нұсқаның  жинақтық  нұсқадан  өзгешелігіне

цензура кінәлі болып табылса, кейінгі зерттеуші

З.Тайшыбай  еңбегінде  (1995)  бұл  өлеңнің  екі

варианты болған деген қорытындыға келеді.

Негізінен Абай өлеңінің газеттік нұсқасы

түпнұсқа болатын. Алдымен ақынның өз стиліне

мән  берейік.  Газетте  жарияланған  Абайдың

бірінші  өлеңінің  тақырыбы  «Семей  оязы,

Шыңғыс  елінің  қазағы  Ибраһим  Құнанбай

аулының Бақанас өзенінде Көпбейіт деген жерге

қонып  жатқандағы  түрі»  деп  берілсе,  екінші

өлеңінің  тақырыбы  «1888  жылда  май  айында

Ақшатау  деген  жерде,  Семей  облысы  менен

Жетісу  облысының  чрезвычайный  съе зі

болғанда, бір уездің ел билеушілерінің съездегі

түрі»  деп  жазылған.  Осы  жазуларда  болып

жатқан іс-әрекеттің мекені анық көрсетілуімен

бірге,  «...аулының  ...қонып  жатқандағы  түрі»,

«...ел билеушілерінің съездегі түрі» дегендерінің

ұқсастығы екі өлеңнің де бір автордың қолынан

шыққандығын  айна  қатесіз  айғақтай  түседі.

Демек, Абайдың газеттегі бірінші өлеңін түпнұсқа

деп  танысақ,  екінші  өлеңін  де    түпнұсқа  деп

қарастыруға негіз бар.

Енді газетте басылған осы екінші өлеңнің

ақынның өз сөзі екендігіне толық көз жеткізейік.

Газеттік нұсқадағы өлең сөздері үшінші жақта

сөйленіп, 86 жол болса, 1909 жылғы алғашқы

жинақтан  бастап  осы  уақытқа  дейінгі  Абай



7

АБАЙТАНУ

жинақтарында  бірінші,  кейде  үшінші  жақпен

беріліп,  148  жолға  ұзарған.  1995  жылғы

академиялық  жинақта  8  бөлімнен  тұратын

өлеңнің  жетінші,  сегізінші  бөлігі,  яғни,  «Тағы

бүйтіп  кеттің»  –  деп»  деген  жолдан  басталып

«Темір көзді сарайды» деген жолмен аяқталатын

22 жолы газеттік нұсқада тұтасымен кездеспейді.

Жыр  үлгісінде  жазылған  өлеңдердің  соңғы

тармақтары  ақын  сөзінің  қорытындысына

баланады  десек,  онда  соңғы  екі  бөліктегі

ақынның айтар ойын толық түсіну үшін өлеңнің

алтыншы  бөлігін  (22  жолдан  тұратын)  қоса

қарастыруды керек етеді. Алайда, осы алтыншы

бөліктегі өлең жолдарынан ақын сөзінің түйіні

байқалмайды. Себебі, бұл – Абай жазған нұсқа

емес. Алдыңғы бес бөліктегі мазмұндық жүйеден

алшақтау жататыны да сондықтан.

Ал Абайдың шын сөзі, тұжырымы газеттік

нұсқада. Онда осы 44 жолды мынадай 8 жолмен

ғана қорытқан:

Сүйегі жасық, ақылы аз

Болыстықтың жолы тар.

Қолдан келмес жұмысқа

Мұнша болдың несін іңкәр.

Келесі сайлау болғанда

Түсе ме деп тағы шар.

Бұл күніңе бір күні

Боласың ғой деймін зар.

Мұндағы ақынның ойы – «сүйегі жасық,

ақылы аз» адамның ел билей алмайтындығын

ескерту. Бұл орайда тақырыпқа сай «тоқсан ауыз

сөздің  тобықтай  түйінін»  берудегі  Абайдың

ақындық  шеберлігінен  бұрын,  түймек  идеясы

айқын.  Осы  газеттік  нұсқаны  «...көп

қысқартылып, өткір сөздері мұқалып, өзгертіліп,

идеялық  мазмұны  бұрмаланып  басылған»

[1,274]  деп білетін ғалымдардың пікірі, әрине,

жаңсақтық, асығыстық деп ойлаймын.

Архив  деректеріне  қарағанда,  Абайдың

алысып  өткендерінің  бірі  Мұқыр  болысының

атқа мінерлері екен. Оған дәлел – «Сенатқа хаты».

Кейінгі қоспалар, яғни, жинақтағы «Ел жайылды,

жетпей ме Оязға да бір хабар?» деп басталатын

жолдардан  соңына  дейінгі  өлең  мазмұны  осы

уақыттың таңбалары еді. Тіпті, бұл қоспалар, яғни

болыстың  кінәсін  мойындатқызудағы  мұқату

саясаты дұрыс болғанымен, «Өзі залым закүншік

Танып  алып  талайды»  деп  отырғаны  кім?

Со нымен  қатар  алтыншы  бөліктегі  тура

мағынада  қолданылған  «болыстықтың  жолы

тарды»  болыстың  аузымен  айтқызуы  кеңестік

дәуірде жарасымын тапқанымен, өзі өмір сүрген

заманда  жиырма  жылға  жуық  басқару  ісіне

араласып, болыс болған Абайға айтқызуы ақылға

сыя  қояр  ма  екен?  Ал  газеттік  нұсқада  Абай

бо лыстықты 

емес, 


болысты 

сынап,


болыстықтың жолы «сүйегі жасық, ақылы азға»

тар екенін ашып айтады. Олай болса, ақын сөзін

терең  байыптамай  жатып  «Дала  уалаятының

газетіндегі»  нұсқаны  жазғыруымыз  Абай

ойшылдығына нұсқан тигізуі мүмкін.

Енді алдыңғы бес бөліктегі газеттік нұсқада

кездеспейтін  артық    жолдар  мен  жекелеген

сөздердің дұрыс-бұрыстығына назар аударайық.

Бірінші бөліктегі 14 жол өлең газеттік нұсқада да

14 жолмен берілген. Жекелеген сөздеріне назар

аударғанда,  газеттік  нұсқадағы  «жал»  сөзі

жинақта «май» деп берілген. Түсінікте: «Өлеңнің

үшінші  жолы  қолжазбалар  мен  барлық

басылымдарда  «Түйеде  қом,  атта  май»,–  боп

басылып  келген.  1933  жылғы  жинақта

І.Жансүгіров  «Түйеде  қом,  атта  жал»  етіп

өзгерткен.  Оны  мақала  жазып,  дәлелдеуге

тырысқан. Өлең жолы алғашқы нұсқа арқылы

беріледі» [1,274],– делінген. Алайда, «қом» да,

«жал» да – семіздіктің белгісі, майланудың түрі.

«Еттің  бәрі  жал  болмайды»  деп  Майқы  би  де

бекер айтпаған болар. «Түсіндірме сөздіктің» 3-

томында «жал» ұғымы жылқының желке майы

да  [2,506],  «қом»  –  түйе  өркештерінің  түп

жағындағы тұтаса біткен жота майы [2,308] деп

берілген. Сонымен бірге, «Арғымақ бірде жалды,

бірде жалсыз, Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз»

деген  өлең  жолындағы  «жал»  сөзі  де  аттың

қоңды, семіздігін білдіреді [2,576] делінген. Олай

болса, газеттік нұсқаның дұрыстығына ешқандай

күман тудырудың қажеті жоқ. Осы арада ескере

кететін бір жайт, «Социалистік Қазақстан» (1938,

12 май) газетінде Абайдың осы өлеңінің 27 жолы

«Ол заманда» деген тақырыппен басылып, мұнда

да өлеңнің үшінші жолы «Түйе де қом, атта жал»

деп берілген екен.

Газеттік нұсқадағы:

Күштілерге ұшырамауға



8

АБАЙТАНУ

Қайраты жоқ болған соң

Бата алмайды шыбындап,–

деген жолдар жинақта:

Күштілерім сөз айтса,

Бас изеймін шыбындап,–

деп  берілген.  «Шыбындап»  сөзін  «шыбындап

тұрған малдай» [3,68] немесе Абайдың болысты

«...шыбындап  тұратын  жылқымен  теңестіруі»

[4,12]  деп  қарастырсақ,  бұл  нақтылық  ақын

ойынан сәл ауытқуға жол салады. «Қазақ тілінің

түсіндірме сөздігінде» бұл сөз «Ауысп. Бас шұлғу,

қоштау, мақұлдау» [5,930] дегенді білдіреді екен.

Газеттік нұсқада басты тұлғаның күштілерге бас

шұлғи беретін мәнісі кеңірек ашылғанға ұқсайды.

Яғни,  «әлсіздерге  көз  салмайтын»  болыстың

күштілерге  ұшырамай  кетуге  «қайраты  жоқ

болған  соң»  бата  алмайтындығын  айқындап

береді. Шынында, сырттан бақылаған жанға осы

суреттеу де қонымды.

Екінші  бөліктегі  18  жол  өлең  газеттік

нұсқада  13  жолдан  тұрады.  Жинақтағы  «Тың

тұяқ  күнім,  сүйтсе  де  Қарбаңдадым  өкімдеп...

«Береке қыл» деп, «бекін»  деп... Қайраттанып

халқыма  Сөз  айтып  жүрмін  күпілдеп»  деген

артық  жолдар  сасқан  болыстың  бейнесін

ашудағы іс-әрекетінен  туындайды. Ал  газеттік

нұсқада  ақын  болысты  емес,  елді  састырады.

Сонда қайсысы дұрыс?

Ең алдымен төртінші жолдағы «үй» сөзіне

тоқталсақ, ол газеттік нұсқада «ат» деп берілген.

Ә.Қоңыратбаевтың  «Абай  –  қазақтың  ұлы

сықақшыл ақыны» атты ғылыми мақаласындағы

келтірілген  үзіндіде  де  «ат»  деп  көрсетілген.

Негізінен «ояз шықты, сияз бар» деп хабарлаушы

адам  атшабар  болғандықтан,  оның  «үй»  деп

емес, «ат» деп дікілдеуі  орынды тәрізді. Ал сонда

ол кімге дікілдеп тұр? Газеттік нұсқада болыстың

атшабары  «ылау»  деп,  «ат»  деп  дікілдеп  елдің

зәресін алады. Болыс сияз шығынын көпшілікке

арқалатпаса, «құдай қосса осы жолы елдің сүтін

атқарамын» демес еді. Ал академиялық жинақта

атшабардың  болысқа  келіп  дікілдеуінің  жөні

қалай? Бұл қисынсыз болса, артық жолдардың

да  қажеті  шамалы.  Тіпті,  «қайраттанып...»,

«қайраттысып...»  сөздерінің  қайталануы  ғана

емес,  бір  сарынды  іс-әрекеттің  өзі  жыр

тартымдылығын сұйылтады.

Үшінші  бөліктегі  27  жол  өлең  газеттік

нұсқада 21 жолмен берілген. Жинақта:

Оңашада оязға

Мақтамаймын елімді,

Өз еліме айтамын:

«Бергем жоқ,– деп,– белімді».

Мақтанамын кісімсіп,

Оязға сөзім сенімді.

Көрсеттім деймін, ымдаймын

Кәдік қылар жерімді.

Сөз көбейді, ұлғайды,

Мақтанның к... көрінді,–

деп басталып, әрі қарай өлең жолдары үшінші

жақпен түзіледі. Ал өлеңнің осы 10 жолы газеттік

нұсқада мынадай 5 жолмен берілген:

Жетімнің қамын жегенсіп,

Мақтанады кісімсіп,

Оязға сөзі сенімді.

Сөз көбейді, ұлғайды,

Мақтанның жайы білінді.

Жинақтағы артық жолдар бірінші жақпен

сөйлеп  келген  болыстың  үшінші  жақтағы

сөйлеуімен  үйлесуі  үшін  қамтылған.  Әйтпесе,

болыстың іс-әрекетін осылайша ұсақтай беруден

жағымсыз бейненің тұлғасы аса дараланбайды

да.  Сондай-ақ  о сы  бөліктегі  мағыналас

жекелеген  сөздер  мен  тармақ  жолдарының

ауысуы  да көңілге  қонбайды. «Мақтанның  к...

көрінді» деп автордың сөз қолданысына да қол

сұғылған. Мұндай анайы сөздер жырдың төрт

жолында  қайталанады.  Ал  газеттік  нұсқада

«Арызшылар көбейіп, Болыстың  к... шөмейді»

деп бір-ақ жерде қолданылған. Онда да айтушы

«үсті-үстіне  ағалағаннан»  еріндері  кепкен,

қиналған  жандардың  жайын  көріп  осы  сөзге

тоқталса керек.

Зерттеуші 

Ғ.Әбетов 

аталмыш

диссертациясында «Қайрауы жеткен қатты би,–



дегендегі «қатты» эпитеті «мықты» эпитетімен

ауыстырылып  «Қайрауы  жеткен  мықты  би»,–

деп, парақор би «мықты», яғни беделді би етіп

көрсетіліп, жағымды кейіпкер ретінде басылған.



Каталог: files -> journ shakarim
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Шәкәрім. Ғылыми-танымдық журнал
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар
journ shakarim -> Бас редактор әмірбеков Шәріпбек
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 ШӘКӘрім
journ shakarim -> Бас редактор әмірбеков Шәріпбек


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет