Қыстырма сөздерге байланысты қойылатын үтір



жүктеу 31.56 Kb.

Дата22.12.2016
өлшемі31.56 Kb.

№2-дәріс 

 

ҚЫСТЫРМА СӨЗДЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЙЫЛАТЫН ҮТІР 



  

 Қыстырма  сөздер  сөйлемде  айтушының  әр  түрлі  көзқарасын  білдіру 

үшін  қолданылады.  Бұл  сөздердің  сөйлемдегі  негізгі  ой  үшін  қатысы  жоқ, 

оларды  алып  тастағаннан  сөйлемнің  грамматикалық  құрылысты  өзгермейді. 

Қыстырма  сөздер,  өздерінің  аты  айтып  тұрғандай,  айтушының  сөйлемдегі 

ойға  өзіндік  пікірін  білдірмейді.  Сондықтан  олар  үтірмен  оқшауланып 

тұрады.  

Қыстырма  сөздер  құрамына  қарай  дара  (сірә,  мүмкін,  рас,  әйтеуір, 



бәлкім,  шынында,  қойшы,  меніңше,  байқауымша,  расында,  тегінде  т.  б.) 

және  күрделі  (қорытып  айтқанда,  түйіп  айтқанда,  бақытыма  қарай, 



абырой болғанда, менің ойымша, тоқ етерін айтқанда т.б.) болып бөлінеді.                                      

 

НҮКТЕЛІ ҮТІР 

 

Нүктелі үтір – құрмалас сөйлемдер құрамындағы жай сөйлемдердің ара 



жігіне  қойылатын  белгі.  Ол  сөйлемдердің  баяндауыш  формаларына  да 

байланысты болады. Мысалы:  



Ақылды ісіне сенеді; Ақымақ күшіне сенеді; Әңгүдік түсіне сенеді (Қазақ 

мақалдары). 

Бұл  баяндауыштырдың  тұлғалары  бірдей  әрі  бір  сөзден  жасалған 

мағыналары  да  теңдес,  салыстыру  мәні  бар.  Бұлардың  мағыналары  дербес 

болғандықтан,  ретіне  қарай  жеке-жеке  қолдануға  болады,  бұдан  мағыналық 

олқылық байқалмайды. Ендеше, мұндай сөйлемдерге нүктелі үтір қойылады. 

Нүктелі үтір төмендегідей жағдайларда қолданылады:  

  а)  Мағына  жағынан  жақын,  бірін-бірі  толықтырып  тұратын  және 

бірінші  сөйлемдегі    ойға  екінші  сөйлемдегі  ой  жалғас  болып  келетін,  соған 

қарамастан,  тәуелсіз,  дербес  мағыналы  болғандықтан,  жеке  бөліп  алып 

қолдануға  болатын  салалас  құрмалас  құрамындағы  жай  сөйлемдердің 

арасына нүктелі үтір қойылады. Мысалы:  

  Құбылып  Бурыл  гуледі;  Тау  мен  тасты  өрледі;  Төрт  аяқты  сермеді; 

Құлақтың түбі терледі («Қобыланды батыр».) 

  Мұндай 

сөйлемдердің 

бастауыштары 

ортақ 

бола 


береді, 

баяндауыштары  бір  тұлғада  тұрады.  Мақал-мәтел,  нақыл  сөздерде  көбірек 

кездеседі. Мысалы:  

 Ақыл азбайды; Әділбек тозбайды; Арамдық озбайды.  



 ә) Мағыналары жақын және бір-біріне тәуелсіз, кейде басыңқылары да, 

бағыныңқылары  да  бір  сөзден  жасалған  не  тұлғалас  болып  келетін, 

байланысу  тәсіліне  қарай  аралас  құрмаластың  құрамындағы  жай 

сөйлемдерінің  басыңқысынан  кейін  нүктелі  үтір  қойылады.  Бұлардың 

құрамында жай сөйлемдер саны үштен артық болады. Мағынасына қарай екі 

ұғымды қатар қойып салыстыру мәнін білдіреді. Мысалы:  



  Тақыр жерге су төксең, тайғақ болар; Жаманға сырыңды айтсаң, тар 

жерде айғақ болар (Қазақ мақалдары).  

  б) Өз ішінде үтірлері бар құрмалас сөйлемдердің баяндауыш тұлғалары 

әр  түрлі  болса  да,  жай  сөйлемдердің  арасын  ажырату  үшін  нүктелі  үтір 

қойылады. Мысалы:  

   Ол  аз  десең,  ақ  бүйірін  солқылдата  жаншып,  боздап  тепловоз  өтеді; 

соңында жылан құйрығындай шұбаған көмір, темір, сексеуіл тиеген төбесі 

ашық  қызғылт  вагондар.  Үш-төрт  көк  ала  қаз,  үйрек  жүзіп  жүр  екен; 

қаңқылдай қанаттарымен су сабалап қашып шықты (М. Сүндетов). 

  в)  Мағыналық  тұтастығы  бар  болғандықтан,  рет-ретімен  әріптер  не 

цифрлар  арқылы  санамаланып  айтылатын  сөйлемдерден  кейін  нүктелі  үтір 

қоюға болады. Олардың әрқайсысы кіші әріптен басталады. Мысалы:  

 Өмір  шындығын  қамту,  адам  мінезін  ашу  мүмкіндіктеріне  қарай 

эпикалық жанр үш түрге бөлінеді: 1) шағын көлемді эпикалық тұр; 2) орта 

көлемді эпикалық тұр; 3) кең көлемді эпикалық тұр (З. Қабдол). 

 

ҚҰРМАЛАС  СӨЙЛЕМНІҢ  ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ 



І. Салалас құрмаластардың тыныс белгілері. 

Салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің арасына ретіне қарай  үтір, 



қос нүкте, сызықша және үтір мен сызықша қойылады. Бұл сияқты әр түрлі 

тыныс    белгілерінің  қойылуы,  біріншіден,  салаластың  жалғаулық  шылау 

арқылы немесе жалғаулықсыз құрмаласқан салаластың, әр  түрлі мағыналық 

қатынасты білдіруіне байланысты. 

1. Жалғаулық шылаулар арқылы құрмаласқан салаластың барлық түріне, 

мағыналарының әр түрлі болғанына қарамастан, үтір қойылады. 



Ешбір  өзгеріссіз  су  да  ақырын  тербеледі,  қалтқы  да  жыбыр-жыбыр 

қозғалады. (Х.Есен) Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде  тұп-тұнық суы бар 

екен. (Ы.А.) Жанбауырдың тұяғынан түлкі кетпейді, бірақ ол бұталы жерге 

түспейді. (М.Ә.) Бұл хабарды Гүлнәр қуанышпен қарсы алды, өйткені Телкөл 

–  Сарысу  құйылатын  жерден  алыста.  (С.М.)  Кейде  көзінен  тасалауға 

қимайтын  Гүлжаһан  сияқты  аяулы  қарындастар,  батыр  бауыр,  бағылан 

ағалардың  артта  қалып  бара  жатқанына  налисың,  кейде  солардың  көкке 

көтірілген даңқына шаттанасың. (Ә.Ә.) 

Егер салаластағы жай сөйлемдер және шылауымен байланысса, олардың 

арасына ешбір тыныс белгісі қойылмайды.  Күріш жапырағының өзегі оның 


өз  түсіндей  болады  және  сол  өзекшеден  бірнеше  талшықтар  тарап 

жатады. (Ы.Ж) 

2.  Жалғаулықсыз  ынғайлас  салалас    үтірмен  бөлінеді.  Олжабек  бұл 



жолы    бөгелген  жоқ,  жауапты  қолма-қол  қайырды.тАй  таяқ  бойы 

көтеріліпті, маңдай алда дөпдөңгелек болып толықсып тұр. (Ғ.Мұст.) 

3.  Жалғаулықсыз  себеп-салдар  салаластың  себеп  мәнді  жай  сөйлемі 

бұрын  орналасса,  соңынан  үтір  қойылады.  Бименденің  әкесінің  аты  – 

Сыздық еді, ауылды Сыздық иауылы дейтін (Ш.С.) 

4.  Жалғаулықсыз  қарсылықты  салаластың  арасына  үтір  мен  сызықша 

қойылады. Сен дайын ереже ұсынасың, - менің оған көнгім келмейді. (М.И.) 

Аудан  есікті  кең  ашты,  -  алғашқы  бетте-ақ  Жомарт  аудан  басшыларының 

кейбіреуінің көңіліне ылғал салды. (Ғ.Мұст.) 

5. Түсіндірмелі салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышы  сонша, 



соншалықсондай деген сөздерден болса, олардан кейін сызықша қойылады. 

Көп  күлмейтін  Олжабектің  қатты  күлгені  сонша  –  арбадан  ауып  түсіп 

қала  жаздады.  (Ғ.Мұст.)  Райханның  зәресі  ұшқаны  сондай  –  үні  шықпай 

қалды. (З.Ш.) 

6.  Жалғаулықсыз  ыңғайлас  салалас  істің,  оқиғаның  мезгіл  жағынан  өте 

тез,  қас  қаққандай  уақыт  ішінде  болғандығын  білдірсе  не  ол  іс-оқиғаның 

өзара шарттас мәнде айтылғанын көрсетсе, құрамындағы жай сөйлемдерінің 

арасына  сызықша  қойылады.  Шатырлап  тұрған  қурай  лап  етті  –  қара 

түтін бұрқ етті. (Ғ.Мұст.) Біріңді-бірің шын сыйлайды екенсіңдер - өзге бір 

сүйкімді атпен атасаңдар да болмай ма? (Ғ.С.) Дәмештің дауысы шықты-

ақ – Жүніс алдын ала керегін даярлата беретін. 

7. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдерінің арасына қос 

нүкте не сызықша қойылады. Екеуі де жастықты жаңа заманнан бастаған: 

дала  жаңаша  гүлдейді,  дала  адамы  жаңы  өмір  сүреді.  Ұсыныс  сол:  сөз 

өздеріне  берілсін.  (М.И.)  Сіздерге  де  айтарым  –  сағат  төртте  осында 

келіңіздер. (Ә.Ә.) 


8.  Жалғаулықсыз  себеп-салдар  салаластың  салдар  мәнді  жай  сөйлемі 

себеп  мәндісінен  бұрын  тұрса,  араларына  қос  нүкте  қойылады.  Малшы 



сырын білем мен: қасында өскем жасымнан. (Ж.Ж.) 

Әдебиеттер тізімі 

 

1  Мырзабеков  С.  Қазақ  орфографиясының    арнаулы    курсы 



бойынша методикалық қүрал. Алматы,2001. 

2  Жүнісбеков  А.  Проблемы  тюркской  словестнои  просодики  и 

сингармонизма казахского языка. АДЦ. Алматы, 1999. 

3 Қалиұлы Б. Қазақ орфографиясындағы қайшылықтар Алматы, 2009. 

4 Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. Алматы, 2007. 

5 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.- Алматы, 2011.



 

 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал