Миландағы әлемге әйгілі Ла-Скала Соңғы Ренессанс дәуірінің музыка өнері Италия бароккосында көрініс тапты, жаңа жанр — опера пайда болуына байланысты. 1581 жылы В.Галилей "Ежелгі және жаңа музыка туралы диалог" деген пәлемикалық трактат жазды. Галилейдің ойларын 1570 жылда Флорентий камератасына біріккен бір топ ақындар, музыканттар және гуманист-ғалымдар қолдады. Бұл үйірменің кайраткерлері Я.Пери мен О.Ринуччини ең алғашкы "Дафна" және "Эвридика" (музыкасын жазуға 1600 жылы Дж. Каччини қатысты) операларын жазды. Кейінірек "Эвридика" операсына Дж. Каччини либретто жазды; ол "Жаңа музыка" деген бір дауысты мадригал мен ария жинағының авторы; өз операларына тән стилистикалық принциптерді дамытқан. Бұл мәнерге "жаңа стилъ" немесе "бейнелеу стилі" деген ат берілді. К.Монтеверди операға драматизмді кіргізді, оның шығармашылығының шыңы — "Помпейдің таққа отыруы" операсы. Венецияда операны бәрі көре алатын болды, ал 1637 жылы мұнда ең алғашқы "Сан-Кассиано" деген опера театры ашылды. Мифологиялық тақырыптың орнына тарихи сюжеттер, драмалық және батырлық, комедиялық және фарстық тақырыптар енді.
Римде комедиялық опера жанрының үлгілері пайда бола бастады ("Кезбе де үміттенеді" Моццокки және Мараццоли, 1636; "Жаман айтпай жақсы жоқ" Аббатини және Мараццоли, 1653). М.А.Чести операларында вокалды рөлдер көбейді. Оның "Алтын алма" (1667) операсы Еуропа елдерінде көрсетіле бастады. XVII ғасырда соңында Италия операсының дамуындағы негізгі рөл Неапольға ауысты. Неаполитандық опера мектебінің алғашкы ірі қайраткері Ф.Провенцале, бірақ оның негізгі басшысы А.Скарлатти болды. Ол опера-сериа түрінің типтік белгілерін бекітті. Ол ән айту және аспапты опера түрлерін байытып дамытты, сонымен қатар ол Италия операсының увертюраларын жасады. Операмен тығыз байланыста әдеби емес діни өнер — оратория жаңа жанры дамыды. Бұл Дж.Кариссими шығармашылығында өзіндік орын алды. Кейін А.Страделла ораторияға драмалық патетика элементтерін енгізді. Дж.Кариссими мен Л.Росси ораторияға туыс камералық кантата жанрының шеберлері болған. Шіркеулік музыка авторының ішінде Г. Аллегри, П.Aгостини, О.Беневолиді атап өтуге болады.