Құқықтану-103 Қаратаева Жанерке



Дата05.03.2022
өлшемі14,47 Kb.
#27096
Байланысты:
срсп 7 орган


Құқықтану-103

Қаратаева Жанерке

Қазақстан Республикасының әдiлет органдары (бұдан әрi - әдiлет органдары), өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады. Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Әділет органдары туралы заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.

Әділет органдарының бірыңғай жүйесін мыналар құрайды:

      1) мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігін;

      аумақтық әдiлет органдарын, бөлімдері мен мекемелерiн қамтитын әділет органдары;

     2) мекемелер және өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдар.

 Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылымына кiретiн, Республика Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Республика Президентi құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын орталық атқарушы орган болып табылады.

     Әдiлет министрлiгiн Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі енгізген ұсынумен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.

          Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді.

  Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi (бұдан әрi - Министр) әдiлет органдарының жұмысына басшылық етудi жүзеге асырады және әдiлет органдарына жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауапты болады.



Әдiлет органдарының кадрларын әдiлет органдарының мемлекеттiк қызметшiлер болып табылатын қызметкерлерi, сондай-ақ олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттелетiн өзге де адамдар құрайды.

Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет