Құқықбұзушылық – бұл қоғамға қарсы (қоғамдық қауіпті), кінәлі және құқыққа қарсы, заңды жауаптылығы көзделген әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік). Белгілер: қоғамға қарсы (қоғамдық игіліктер мен құндылықтарға қол сұғады); құқыққа қарсы (заңның бабы бұзылады); кінәлілігі (тұлға әрекетті қасақана немесе абайсызда жасайды); жазалылық (осы әрекетті жасағаны үшін заңды жауапкершілік көзделген); зардаптар, шығындардың болу (материалды, моральды, деңсаулыққа зиян келтіру). Құқықбұзушылықтың түрлері: тәртіптік теріс қылық; азаматтық құқықбұзушылық (теріс қылық); әкімшілік теріс қылық; қылмыс. Қылмыстың теріс қылықтан негізгі айырмашылығы әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесі. Құқықбұзушылы құрамының белгілерін шартты түрде 4 топқа бөліп тастауға болады (элементтер): объект; объективтік жағы; субъект; субъективтік жағы. Объект – заңмен қорғалатын және қолсұғылатын игіліктер, құндылықтар және мүдделердін тобы. Объективтік жақ– құқықбұзушылықтардың материалдық жағын сипаттайтын белгілердің тобы, яғни бұл әрекет немесе әрекетсіздік, сонымен қатар қылмыс жасау уақыты, орны, жағдайы, жасау әдісі. Субъект – құқықбұзушылықты жасаған тұлғаны сипаттайтын белгілер тобы (оның жасы, әрекетқабілеттігі, құқықтық мәртебесі, т.б.) Субъективті жағы – құқықбұзушылықты жасаған тұлғаның өз әрекетке психикалық қатыстылығын сипаттайтын белгілер тобы, яғни бұл қасақана (тура немесе жанама) немесе абайсызда (менмендік немесе немқұрайдылық) нысандағы кінә. Субъективті жағының белгілеріне құқықбұзушылықты жасау мақсаты жатады. Әрекетті құқықбұзушылық ретінде сипаттау үшін құрамның барлық төрт элементтердің бар болу қажет. Заңды жауапкершілік – құқықбұзушылықты жасаған тұлғаға қатысты қолданылатын, кінәлі тұлғаның құқықтарын шектеу немесе олардан айыру арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Заңды жауапкершіліктің пайда болу негізі құқықбұзушылықты жасау фактісі. Заңды жауапкершілік түрлері: азаматтық–құқықтық (айыппұл, пеня, т.б.); тәртіптік (сөгіс, ескерту, қызметтен шығару); әкімшілік (айыппұл, арнаулы құқықтарынан айыру, әкімшілік қамау, т.б.); қылмыстық (бас бостандығынан айыру, өлім жазасы, түзеу жұмыстары, айыппұл, т.б.)