«Қыз Жібек» жыры



Pdf көрінісі
Дата05.04.2022
өлшемі345,37 Kb.
#29994
Байланысты:
Кыз-Жибек



«Қыз Жібек» жыры 

 

Қыз Жібектің құрметі, 

Жиһаннан асқан сәулетті, 

Ләйлі-Мәжнүн болмаса, 

Өзгеден артық келбеті. 

Үш қызы бар қасында-ай, 

Өзі он төрт жасында-ай, 

Кебісінің өкшесі 

Бұхардың гауһар тасындай. 

Ақ маңдайы жалтылдап, 

Танадай көзі жарқылдап, 

Алтын шашбау шашында-ай. 

Қыз Жібектің дидары – 

Қоғалы көлдің құрағы, 

Көз сипатын қарасаң – 

Нұр қызының шырағы. 

Дүр жауһар сырғасын 

Көтере алмай тұр құлағы. 

Бой нұсқасын қарасаң, 

Бектер мінген пырағы. 

 

Қыз Жібектің ақтығы – 



Наурыздың ақша қарындай. 

Ақ бетінің қызылы – 

Ақ тауықтың қанындай. 

Екі беттің ажары – 




Жазғы түскен сағымдай. 

Білегінің шырайы – 

Айбалтаның сабындай... 

Оймақ ауыз, күлім көз 

Іздеген ерге табылды-ай. 

Өткірлігін байқасаң, 

Ұсталар соққан кетпендей. 

Нұр тұқымын еккендей, 

Екі ауыз сөз сөйлескен 

Мұратына жеткендей. 

Қыз Жібекті Төлеген 

Ақылменен танып тұр, 

Көз мейірі қанып тұр, 

Бейіштен жанған шамшырақ 

Көзі жайнап жанып тұр. 

Белі нәзік талып тұр, 

Тартқан сымнан жіңішке 

Үзіліп кетпей неғып тұр? 



«Бабалар сөзі». Жүз томдық, 53-том 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет