Іздеген дүниеңді, адамыңды интернеттен тауып алатын заманның



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата24.12.2023
өлшемі150,75 Kb.
#143164
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақ Әдебиетіндегі күндер

14 февраль, 1983 жыл. 
 
Целинаградтан жолым болмай қайтқан соң командировкамды ақтамақ 
болып, қалай да бір материал жазуды ұйғарғанмын. Сол ниетпен қаладағы 
балалар үйінен бір апта бойы фактілер жинағанмын. Осы фактілер бойынша 
екі күн үзбей жұмыс істеп, кешегі күні кешке «Көкектің күнәсі» деген 
социалогиялық очерк жазып бітірдім. Бүгін машинкаға бастырғанда 13 бет 
шықты. Бастықтар қалай көрерін кім білсін, өзіме тәуір сияқты. Шерағаның 
қолына берейін деп едім, ол кісі түске дейін болған жоқ. Тегі ЦК
-
да жүрсе 
керек. Соңғы кезде өзі Үлкен үйге көп барып жүр, СҚ
-
ға редактор болып 
барады деген рас болмағай. Біз үшін ол әлі де «Қазақ әдебиетінде» жүре 
бергені жөн болар еді. Болмағанда, пәтер алғанша дегендей. Ол кетсе, 
орнына қандай адамның келерін кім білсін. Сейдахмет Бердіқұлов келеді 
дегендей өсек бар. Маған ол біртүрлі адам сияқты көрінеді де тұрады.
Студент кезімде «Лениншіл жаста» бірер ай істегенімде біраз адамды танып 
қалғанмын. Соның бірі Сәкең ғой. Бірақ адалын айту керек, маған тиген 
залалы жоқ оның. «Тасқорым» деген әңгімемді 15 күннің ішінде шығарып 
бергенін әлі ұмытқам жоқ. Жалпы Сәкең менің творчествомды ұнататынын 
талай байқағам. 
18 март, 1984 жыл. 
 
Гогольдің туғанына 175 жыл толуына байланысты газетке бір бет 
материал дайындадым. Негізінен Гоголь туралы замандастарының 
естеліктері. Аудардым. Осы біреулер аударманы бөрікпен қағып алатындай 
жеңіл көретіні несі екен. Әрқайсысы 100
-
150 жолдан тұратын 3 естелікті 3 
күн аудардым. Бірақ көңілімнен шықты. Маған ең керегі осы. Өз фамилиям 
тұрған жерде қалай халтураға барасың. «Мезгіл өтіп барады, беу, қарағым
-


ды» (мақала) әлі бітіргем жоқ. Тіпті қарағым келмейді. Зорланып жазған 
дүниенің жайы осы ғой. Өзің сүймеген дүниені өстіп амалсыз зорланып 
жазуға тура келеді. Дегенмен оны ертең қалайда бітіруім керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет