«Ізгі сөздер патшалығы» үйірмесінің



бет8/49
Дата16.01.2023
өлшемі170,36 Kb.
#61481
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49
Мақсаты:
Білімділік: Ертегіні мұқият тыңдай білуге, өз түсініктері бойынша айта білуге үйрету.
Дамытушылық: сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Ертегі кейіпкерлерінің сипаты арқылы жақсы қасиеттерге баулу.
Қолданылатын көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлерінің суреті.

Тәсілдері, кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ынталандырушы, оятушы

Тәрбиеші балаларға күшіктің қонаққа келетінін хабарлайды.

Балалар қонақ келетініне қуанады.

Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу



Балалар бізге күшік қонаққа келіпті. Ол өзі жайлы ертегіні білгісі келеді екен. Ендеше күшікке бізбен бірге отыр дейміз.
- Күшік пен мысық қайда мекендейді?
- Күшік не жейді?
- Мысық не жейді?
- Күшік қалай дыбыстайды?
- Мысық қалай дыбыстайды?
Сергіту сәті:
Біз балалар бағында,
Тұрамыз өте көңілді.
Көп болсақ та достықпен,
Өткіземіз өмірді.
Достықпен, достықпен,
Өткіземіз өмірді.
Тәрбиеші балаларға «күшік пен мысық» ертегісін мәнерлеп оқып береді.
Қарны ашқан күшік тауда қаңғырып жүрсе , қасқыр жүгіріп келіп:
- Ей, күшік, мен сені жеймін!- депті.
- Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз, сонан соң жерсің,- депті күшік.
Қасқыр:- Жарайды, жарайды! Менің соңымнан қалмай ере бер,-депті.
Екеуі бірге келе жатып, бір топ сиырды көріпті. Қасқыр өзінің жолдасына қарап:
- Маған қарашы: менің көздерім, құлақтарым, аузым, құйрығым қандай екен?
- Сенің көзің шоқтай қызарып жайнаған , екі құлағың жылмиған аузың арандай ашылған , құйрығың артқы екі аяғыңның арасына қыстырылып , жас шыбықтай болып майысқан-депті күшік.
- Мен не қылар екем, соны қара,-депті де қасқыр шапшып барып , бір бұзаудың тамағына жабысып, өлтіреді.
-Мен тойдым, сенің етіңді жемеймін. Қош бол!-депті.
Күшік бұзаудың етін жеп үш күн жатыпты.Ақырында іші пысқан соң , жортуға шыққан екен, бір аш мысыққа кезігіпті.
-Ей мен сені жеймін!- деген екен күшік.
- Қой, күшеке, қой! Әуелі мені тойғыз, сонан соң жерсің,- депті мысық.
-Жарайды!Менімен бірге еріп жүр, -депті күшік. Біраздан соң бұлар бір топ түйеге келіпті.Күшік:
-Мысық! Маған қарашы: менің көздерім, құлақтарым, құйрығым қандай екен?-депті.
-Несін айтасың! Сенің көздерің бозарып тұр, құлақтарың салпайып тұр, тілің салақтап, аузың аңқайып тұр, құйрығың салбаңдап тұр,-депті мысық.
Сонда бұған күшік:
- Енді мен не қылар екенмін, көр!-депті.
Күшік жүгіріп барып, түйенің аяғын тістейін дегенде, түйе мұны дәлдеп тұрып, басқа теуіп қалыпты, күшік сол жерде сеспей қатыпты.Сонда мысық айтыпты:
-Ей, мақтаншақ!Сен әліңе қарамай, қиын іске колыңды созасың! Сенің етіңді мен жеймін!-депті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет