Қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс


PISA халықаралық бағдарламасы – оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы



бет3/3
Дата21.10.2022
өлшемі59 Kb.
#44505
1   2   3
Байланысты:
ызы ушылы ты ояту, ма ынаны ашу, ой тол аныс

PISA халықаралық бағдарламасы – оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы.


PISA бағдарламасының мақсаты – 15 жастағы оқушылардың мектепте алынған білімі мен тәжірибесін адам қызметінің, қарым-қатынастың және әлеуметтік қатынастардың түрлі салаларындағы өмірлік міндеттердің кең ауқымында қолдана алу қабілеттерін бағалау.
PISA оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы ЭЫДҰ және ұлттық орталықтарының қатысуымен жетекші халықаралық ғылыми ұйымдардан тұратын консорциуммен жүзеге асырылады.
Қазақстан үшін келесі аса маңызды қадам PIRLS (Progress in International Reading Literacy Study) халықаралық зерттеуіне қатысу болып табылады.
PIRLS – бұл бастауыш мектеп оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасын зерделеу бойынша халықаралық зерттеу, 5-жылдық цикл бойынша (2001, 2006, 2011, 2016) жүргізіледі, оқу, стратегия және оны практикада қолдану бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға, бастауыш мектеп оқушыларының мәтінді оқу және түсіну деңгейін салыстыруға, білім берудің ұлттық жүйесінің айырмашылықтарын анықтауға бағытталған. PIRLS зерттеуінің негізгі мақсаты әлемнің түрлі мемлекеттеріндегі бастауыш мектеп оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасы деңгейін салыстырмалы бағалау болып табылады. Зерттеуге 50-ден астам әлем мемлекеттері қатысады. PIRLS халықаралық іріктемесіне зерттеуді жүргізу уақытында 9,5 жасқа толған төртінші сынып оқушылары кіреді.
Бағдарламаны Оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық ассоциациясы үйлестіреді (IEA).
Қазақстанның Халықаралық зерттеуге (PIRLS) қатысуы Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2016 жылға жоспарлануда.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет