Қызыл жебе. Бірінші кітап



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата15.10.2023
өлшемі1,21 Mb.
#115184
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қызыл жебе. 1 кітап Шерхан Мұртаза

«Верный полицмейстеріне. 
Верный округтік сотының үкімімен Шығыс-Талғар облысының киргизі Жылқайдаров 
Рысқұл Жазалау Ережесінің 1453 статьясындағы 3 пункт бойынша қылмысты деп 
танылып, он жыл каторгаға сотталды. 
Осыны хабарлай отырып, Облыстық Басқарма Сізден Жылқайдаров Рысқұлды жер 
аударылушы арестанттар тобына жатқызып, оның түр-түсі жөнінде мәліметтер 
алуыңызды сұрайды. Сонымен бірге, айдалу тізіміне тігу үшін Жылқайдаровтың екі 
түрде түсірілген үш фотосуретін жеткізіп беруіңіз керек. 
Вице-губернатор Осташкин». 
деп қол қойып, гербілі мөр басып, көмекшісі арқылы полицмейстер жедел жөнелтті. 
XIII 
Верный полицмейстрі Верный облыстық түрмесінің бастығы Приходькоға жедел 
нұсқау жолдап, Рысқұлды тез комиссияға жеткізуді талап етті. Сонымен тұтқын анықтау 
комиссиясының алдында тұр еді. Анықтама жасау актісіне вице-губернатор Осташкин бас 
болып, округтік прокурор, Жетісу облыстық бас дәрігері, оған көмекші екі дәрігер, 
Верныйдың учаскелік дәрігері, Ұзынағаш станциясының учаскелік және облыстық 
басқарманың кеңесшісі қатысты. 
«Бұлар мені тағы тексере ме, қайта соттай ма? Мұнша адам жиналғаны несі, атасына 
нәлет», – деп Рысқұл секем алып қалды. Вице-губернатордың ишарасы бойынша 
айдауылдар Рысқұлды шешіндіре бастады. Ішкі жейдесіне дейін шешті. Енді дамбалын 
шеше бастағанда Рысқұл әлгілерді итеріп-итеріп тастады. 
– Атасына нәлет, тірідей қорлағандарың аз ба еді! 
Вице-губернатор округтік соттың тілмашы Шоқұлын шақыртты. Әнеу күні сотта өзін 
қорғап сөз сөйлеген қияқ мұртты қазақ жігітін көріп, Рысқұл өз баласын көргендей 
қуанып кетті. 
Вице-губернатор Боташ Шоқұлына істің мән-жайын түсіндірді. Шоқұлы Рысқұлдың 
қолын алып амандасты: 


– Отағасы, тәртіп солай, тыр жалаңаш шешініңіз. Бұлар ерекше белгілеріңіз болса, 
соны жазып алады. Ссылкаға айдалатындарды сөйтіп тексереді. Оған шамданбай-ақ 
қойыңыз, – деп арқасынан қақты. 
– Дені дұрыс па, атасына нәлет. Менде қандай ерекше белгі болмақ? Елдің еркегінікі 
қандай болса, менікі де сондай. Әбиүрді білмейтін неғылған имансыз еді, түге. 
– Ештеңе етпейді, отағасы. Онда тұрған ештеңе жоқ. Ұсақ-түйекке бола ерегісе 
бермеңіз. Ісіңізді қиындатып жібереді. 
– Мейлі, атасына нәлет. Бірақ ана әйнек көз дәу қатынды шығарып жіберсін. 
Тілмаш орысшалағанда отырғандар күліп жіберді. Бәрі әлгі әйел дәрігерді әжуалап
тиісе бастады. 
– Иә, бұл түземдерде әлі табиғи ұят, әдеп сақталған, – деп сөзін салмақтап вице-
губернатор жұрттың әзіл-оспағын тоқтатты. – Маргарита Васильевна, сіз шыға тұрыңыз. 
Түземдердің әлі бұзылмаған әдетімен санаспауға болмайды: 
Жуан сары дәрігер әйел иығын қиқаң еткізіп, шығып бара жатып, Рысқұлға: 
– Сеники қорқақ, – деп кетті. 
– Ананы қарашы, бұлғаңдауын қарашы, ұялмастан отырмақшы осында, нешауа, 
маржа, нешауа, – деп Рысқұл да күліп жіберді. 
Комиссия ғылымға әлі белгісіз бір ерекше жанды тамашалағандай жалаңаш Рысқұлды 
жан-жақтан зерттей бастады. Тексерушілердің айтқанын хатшы қағазға түсіріп отыр: 
«Статьялық тізім № 1 
Жетісу облыстық басқармасында толтырылды. 30 октябрь, 1905 ж. 
Жылқайдаров Рысқұл. Ұлты – киргиз (қазақ) 
Жасы – 45 
Бойы – 2 аршын 48/8 сүйем. 
Дене бітімі – мығым. 
Көзі – қоңыр. 
Бетінің түсі – қара торы. 
Шашы – қара, аздаған ағы бар. 
Сақал-мұрты – қара. 


Құлағы – орташа, сопақтау, түгі майда, сырғалығы салбыраңқы, әжімді, шұңқыры 
үлкен, тереңдеу. 
Ерекше белгісі: сол құлағы оң құлағынан кішкенелеу. 
Алдынан қарағанда құлақтары қалқаңдау. 
Маңдайы – жазықтау, терең қос әжімі бар. 
Қабағы – орташа, қату. 
Мұрны – орташа көлемді, кеңсірігі батыңқы емес, үсті аздап дөңестеу. 
Шықшыты – түзу. 
Тісі – түгел, қатты. 
Ерекше нышандары: 
Басының құйқасында үш тыртық бар. 
Сірә, соққыдан түскен. 
Оң иығында бір сүйем тыртық бар. Сірә, соққыдан түскен. 
Он аяғының тізесінен жоғары тыртық бар. Сірә, соққыдан түскен. Сол жақ қабырғасын 
ала бір қарыстай ұзын тыртық бар. Сірә, соққыдан түскен. 
– Мынаның сау жері жоқ қой. Тұлабойы сойылдың ізі, – деп қалды комиссияның бір 
мүшесі. 
– Да, – деді вице-губернатор креслода отырып. – Сұраңдаршы, бұл жарақатты қайдан 
алып жүр? 
Тілмаш Осташкиннің сұрағын аударғанда, Рысқұл мырс етіп: 
– Е, дәу мырза, Рысқұл не көрмеген Рысқұл. Мына иықтағы тыртық Ақсу-
Жабағылының аюымен алысқанда түскен. Онда мен небары он тоғызда едім. Мұрнына 
самал түскен бір ағайынға аюдың өті керек болып, аңға шыққанда, абайсызда 
жарықтықпен бетпе-бет кездесіп қалып, мылтығымды кезеніп үлгермей, алысқаным бар. 
Ал мына қара сандағы тыртық Саймасай жұмсаған бір жортуылда жылқы алғанда дойыр 
қамшы тіліп кеткен. Бастағы тыртықтар көкпардың додасында дойыр тиіп түскен, 
барымтадан қалғаны да бар. Жотадағы жараның орны бәрінен жаңа. Қызыл Жебе деген 
жүйрікті Саймасай сойғызайын деп жатқанда мен ара түсіп, сонда соққыға жығылдым. Ал 
мына қолдағы тыртықтарды абақтыға атжалман жіберіп өздерің талатып түсірдіндер. Ал 
тыртықсыз соққылар қаншама? Бастағы шаштан да көп. Оның несі сөз, дәу мырза. Мына 
кәмесияң ең басты белгімді таба алмады, дәу мырза. Ол менің жүрегімдегі жара ғой. 


Зорлардан зұлымдықты көп көрдім. Жүрек содан жаралы. Менің жүрегімде түк бар, дәу 
мырза. Бірақ сол түкке қырау тұрып қалған. Пендеге пенде болып жүргенімде ол қырау 
жібімейді. Міне, мендегі ең басты белгі. Басқасы түк те емес. 
– Жақсы белгілер екен, – деді еңгезердей Осташкин. – Айдаудан қашып кетсең, ұстап 
беретін белгің көп. Көрдің бе, бәрін қағазға түсіріп жатыр. Қан майданға қатысқан 
батырларда да ондай таңба жоқ. 
– Е, дәу мырза, мен қашқанда қайда кетер дейсің? Аяқтағы кісен мынау. 
– Кісенді саған жуанырақ соқтыру керек сияқты. Аюды жалаң қолмен буындырып 
өлтірген палуан ана кісенді қурайдай бырт еткізіп үзе саларсың. 
– Кісенді саған салса ғой, көп темір кетер еді, ә, дәу мырза. – Тілмаш мүдіріп қалып 
еді, вице-губернатор: 
– Что? Что он сказал? – деп қадалды. Рысқұлдың айтқанын естігенде, басқалар 
үрпиісіп қалып еді. Осташкин қарқылдап күліп жіберді. 
– Сен ұнап бара жатырсың маған, – деді Осташкин ақ бәтес орамалмен көзін сүрте 
беріп. Мінезі ауыр, сирек езу тартатын, алып тұлғалы, жартастай түнеріңкі вице-
губернатордың неге көңілденіп кеткеніне түсіне алмаған бағыныштылар не күлерін, не 
күлмесін білмей дағдарыңқырап қалған. 
– Кісен көп, кісенге кеткен темір қаншама, құдай сақтасын, – деп Рысқұл айылын жияр 
емес. – Түлкібаста жүргенде егін салар едік. Қол басындай темір тапсақ, ат басындай 
алтын тапқандай қуанар едік. Омаш басына кигізетін темірге жұтаң болдық. Енді 
ойлаймын ғой, түрмедегі кісеннің бәрін балқытып, соқа тіс жасаса егінші байғұс бір 
жарып қалар еді-ау деп. 
– Ол үшін сен сияқты қылмыстылар болмауы керек. Кісенді өкімет еріккеннен соғады 
дейсің бе? Амал жоқ. Сені кісендемесе қашып кетесің. Бір рет қашып кеттің ғой. Ал оның 
аяғы барып кісі өліміне әкеліп соқты. Қылмыс құрыса, кісен де құриды, – вице-губернатор 
«білдің бе?» дегендей таңдайын тақ еткізді. 
– Е, дәу мырза, қылмыс құру үшін әділеттік орнату керек те. Кесір-кесепат, қиянат 
болмаса, кісі өлтіруге кімнің қолы қышып тұр дейсің. Ал енді менің бір арызым бар саған, 
дәу мырза. Әне күні сотыңа да айтқам. Мені қатты айналдырып тыр жалаңаш өлшеп-пішіп 
жатқандарыңа қарағанда, сірә, мені көп кешіктірмей айдайтын шығарсыңдар итжеккенге. 
Болсын. Ал енді қатынымды, екі баламды ала кетемін. Соған рұқсат бер. Осыған кеңшілік 
жаса. Менің орнымда сен болсаң қайтер едің? Қатын-балаң бар шығар? Соны ойла. 
Вице-губернатор шынында ойланып қалды. Отбасымен жер аударылғандар аз емес. 
Соның біріне жатқыза салуға болар еді...


Бірақ оның әлек-шәлек, қағаз қатынасы көп шаруа. Басты қатырып жатудың керегі де 
шамалы. Вице-губернатор шешімін тапты. Рысқұлдың өтінішін де қабылдайды, Бірақ 
отбасы онымен бірге ілеспейтін де болады. Солай. 
* * * 
Комиссия тарап, Рысқұлды түрмеге қайта жөнелткеннен кейін вице-губернатор 
Верный оязына мына қатынасты жаза бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет