Қызылорда қаласы 22наурыз- Ұлыстың Ұлы Күні мерекесіне орай ұйымдастырылған



бет4/5
Дата19.09.2023
өлшемі73,26 Kb.
#108735
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
наурыз

ІІ жүргізуші: Наурыз тойына ала келген « » бөлімшесінің «Қыз ұзату» атты салт-дәсітүрімізді насихаттайтын шарасына кезек берелік.
«Қыз ұзату»
І жүргізуші: Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн.
ІІ жүргізуші: Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз сөзі парсы тілінің «Нау – жаңа», «руз – күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл басына байланысты думанды халықтық мейрам, екіншіден Наурыз айы, үшіншіден Наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған.

І жүргізуші: Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары да бар. Соның бірі – бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеу дәстүрі. Бесік адам сатысы.

ІІ жүргізуші: Қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп өмірге келер сәбиді асыға күткен. Себебі бала – өмірдің гүлі, жалғасы. Жас нәрестенің өмірге келуі, отбасы мүшелеріне әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген, жас нәресте өмірге келгенде арнайы адам жіберіп сүйінші сұратқан.

І жүргізуші: Қазақ баласын ағаш бесікке салып баққан. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы. Бесікті қазақтың құрмет тұтуы соншалық, кейде атасы жатқан бесікке немерелері жатқан. Қазақтың туған жерді алтын бесікке теңеуі де бесікті ардақтаудан шыққан. Кезекті _____________________________________________________________
___________________________________________________________________________
«Бесікке салу» дәстүріне берсек .
«Бесікке салу»
ІІ жүргізуші: Наурызым – салтым, жоғалып қайта табылған
Шырағым болып алдымнан бүгін жағылған.
Бабамның үні ақ бата беріп жеткізген
Әр қадамыңнан жаныма мейірім табылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет