Алдыңғы меңгерілген білім Қарапайым гимнастикалық снарядтарда қозғалу.
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтың жоспарланған іс-әрекеті
Басы 8I – 10I
Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Саптағы жаттығулары: «Оңға», «Солға», «Кері айнал» Жүру барысындағы жаттығулар а) екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүру. б) екі қол белде өкшемен жүру. в) екі қолды алға созу, жартылай отырып жүру. г) қол желкеде, толық отырып жүру. Жүгіру барысындағы жаттығулар А) Оң иықпен жүгіру. Б) Сол иықпен жүгіру. В) Қолды жамбасқа койып, өкшені артқа лақтырып жүгіру. Г) Екі қол алда, тізені көтеріп жүгіру. Д) екі аяқты ішке қарай лақтырып жүгіру Е) екі аяқты сыртқа карай лақтырып жүгіру. Жай жүгіріс. Тынысты қалыпқа келтіру.
Жалпы дамыту жаттығулары: 1)Екі қол белде, басты айналдыру. 2)Екі қолдың басын айналдыру. 3)Екі қолды шынтақтан айналдыру 4)Колды алға, артқа айналдыру. 5)Екі қолды белге койып, белді айналдыру. 6)Екі қолды тізеге койып, тізені айналдыру. 7)Екі қолды алға созып, оң аяқты алға созып, сол қолдың алақанына тигізу. Сол аяқты алға созып, оң қолдың алақанына тигізу.
(Ж, Т, Ф) “Жаттығу ойлап тап”. Мұғалім бірнеше гимнастикалық элементтер (1,2,3) тапсырады. Солардан жаттығу ойлап табу керек. оған 2 не одан да көп командалар қатыса алады. Тапсырмаларды команда капитаны не команда таңдаған адам орындай алады. Қатысушы өзі әлдебір ауысуларды қосып, осы кілт элементтерден жаттығу ойлап табуы керек. Мәселен, акробатиканың элементтері берілген: алға қарай домалау, артқа қарай домалау, жауырында тұру, көпір, жерге отырып қос аяғын жоғары көтеру, жартылай шатқа отырыс, аяқтағы тепе-теңдік, 180 градусқа бұрылып секіру. Сұраңыз: Біз топтық іс-әрекеттегі өзгелерден неліктен көмек алуымыз қажет екендігін айта аласыз ба?