В бөлімі 5 тапсырмадан тұрады (бұрын 10 болған).
В бөлімі тапсырмаларының тақырыптар бойынша саны мен балдарының үлестірілуі төмендегі кестеде көрсетілген.
Сандар
Алгебра
Статистика мен ықтималдар теориясы
Математикалық модельдеу және анализ
1 тапсырма
2 тапсырма
1 тапсырма
1 тапсырма
20 %
/2-4 балл/
40 %
/5-8 б алл/
20%
/2-4 балл/
20 %
/5-6 балл/
Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан бойынша қорытынды аттестаттау спецификациясы өзгеріссіз қалады.
11 сыныптар бойынша
қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан
алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан (бақылау жұмысы)
Қазақстан тарихынан тестілеу орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу
Қазақ/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан жазады. Эссе жазу үшін оқушылар ұсынылған тақырыптардың біреуін таңдайды. Эссе көлемі 250 – 350 сөзден тұруы қажет. Эссенің жалпы балдар саны - 20. Эсседе оқушы тақырыпқа сай көтерілген мәселе бойынша дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуі қажет. Емтихан уақытында әдебиет хрестоматиясын, тақырыпқа қатысты көркем әдебиеттерін, мақалмәтел және қанатты сөздер кітаптарын қолдануға рұқсат берілді.
Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша «Алгебра және анализ бастамалары» жазбаша емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады, тапсырмалардың жалпы саны үшін – 16. А бөлімі 10 тапсырмадан тұрады. Әрбір тапсырма 1 балмен бағаланады. В бөлімі 6 тапсырмадан тұрады. А бөлімі – 10 балл; В бөлімі – 20 балл. Емтихан жұмысының қорытынды балы – 30.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша «Алгебра және анализ бастамалары» жазбаша емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады, тапсырмалардың жалпы саны үшін – 15. А бөлімі 10 тапсырмадан тұрады. Әрбір тапсырма 1 балмен бағаланады. В бөлімі 5 тапсырмадан тұрады А бөлімі – 10 балл; В бөлімі – 20 балл. Емтихан жұмысының қорытынды балы – 30.
Физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептер бойынша «Алгебра және анализ бастамалары» жазбаша емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады, тапсырмалардың жалпы саны үшін – 16. А бөлімі 10 тапсырмадан тұрады. Әрбір тапсырма 1 балмен бағаланады. В бөлімі 6 тапсырмадан тұрады. А бөлімі – 10 балл; В бөлімі – 20 балл. Емтихан жұмысының қорытынды балы – 30