ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «273 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ТАҚЫРЫБЫ: «СӘН МЕН СЫМБАТ» (мерзімі 10.10.2022 жылы 6 «Б» сынып)
Сынып жетекшісі: Рысбаева С.Е
.
Байқоңыр, 2022 ж. Бекітемін
мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
______________Бакиева З. М.
«___» ______2022 ж.
Сыныбы: 6 «Б»
Уақыты: 18:10
Сынып жетекшісі: Рысбаева С.Е.
Кабинеті: 303
Мерзімі: 10.10.2022ж.
Сынып сағатының тақырыбы:
Сән мен сымбат
Сынып сағатының мақсаты:
Шығармашылық еңбекке араласуы арқылы өмірге өзіндік таңдау жасау
Сынып сағатының міндеті:
Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, эстетикалық талғамға, бүгінгі өмір талабына сай тәрбиелеу
Бағалау критерийлері:
Ойын еркін жеткізе алады, ойлау қабілеттері дамиды
Сынып сағатының түрлері:
Баяндау
Игерілетін дағды:
Айтылым
Сынып сағатының өтілу барысы:
Басы:
Ортасы:
Соңы
Тәрбие сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында сиқырлы қорапшалардағы жұмбақтарды шешеді.
1. Қылдырақтай бір нәрсе иретілген
Мойнында ұзын арқан сүйретілген. /ине мен жіп/
2. Қолымда бір құсым бар екі басты,
Аяғын басқан кезде нәрсе қашты. /қайшы/
3. Дөңгелек өзі, төртеу көзі,
Ұстайды мықтап, тұрғанды сырттан. /түйме/ 4. Ортасы күмбез.
Іргесі тегіс-ті.
Күннен қорғайды,
Шындағы егісті. /Қалпақ/ 5. Қолы бар,
Саусағы жоқ.
Мойны бар,
Басы жоқ. /Көйлек/ 6. Киімдегі қуыс,
Ұсақ-түйекке ыдыс. /Қалта/
Бір сөзбен айтқанда бұл жұмбақтар не туралы?
Өздерің білетіндей, бұл жұмбақтар қазір өтіп жатқан тарауға сәйкес келіп тұр. Бұған дейін біз қазақтық ұлттық нақыштарын өттік.
Қандай қазақи киімдерді білесіңдер? Сурет бойынша киімдерге қысқаша сипаттама беру.
Мәтінмен таныстыру. «Сән әлеміндегі «Сымбат»» «Сымбат» сән академиясы – қазақстандық және әлемдік жоғарғы деңгейдегі сән арасындағы көпір іспеттес. Ол қазақты ұлттық киімінің соңғы туындылары арқылы төрткіүл дүниеге паш етіп жүрген бірден-бір холдинг болып саналады. Ол өзінің өнімдерін безендіретін шығыстық, сондай-ақ қазақы нақыштағы ою-өрнектерімен Ресей, Еуропа сәнгерлерін таңғалдырып, өзіндік бет-бейне қалыптастыра білді.
Бастапқыда «Республикалық киім, аяқкиім және трикотаж үйі» аталған ол бүгінде бүкіл әлемге танымал холдингке айналған. «Сымбаттың» құрылуы республикадағы тұңғыш сән журналының және сән театрының ашылуына жол ашты. «Сымбат» сән журналы 1958 жылдан бастап жарық көре бастады. Ал 1987 жылы Қазақстанда тұңғыш сән театрының негізі қаланды.
35 жылдың ішінде сән академиясы әлемдік деңгейде өткен 40-тан астам халықаралық сән фестивальдарында өз көрсетілімдерін ұсынып, 30-дан астам мемлекеттің сән байқауларына қатысқан. 2000 жылы «Сымбат» «Бірінші халықаралық «Ұлттық костюмнің жоғарғы деңгейдегі сән үлгісі» байқауын ұйымдастырды.