Жеке бренд-менеджер. Қазіргі пиар-менеджерлері сияқты белгілі біреу туралы басқалар
арасында жақсы ой қалыптастыруға тырысады. Қазірде мұндай жұмысшы жұлдыздарда
ғана болса, болашақта әр адамның өз бренд-менеджері пайда болады.
(227сөз)
Тапсырма: Берілген тапсырмалардың ішінен біреуін таңдап, жауабын жазыңыз. Барлық тапсырмалар
бірдей деңгейде. Эссе үшін тапсырма: Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, «Мамандықты дұрыс таңдаудың маңызы қандай?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 200-250 сөз болуы
қажет.
Мақала үшін тапсырма: Мамандық таңдауда кәсіптік бағдардың маңызы зор. Сізге өз мектебіңіздегі осы
бағыттағы жұмыстар туралы «Мамандығым - болашағым» деген тақырыпта мақала жазу
тапсырылды. Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, мақала мәтінін
жазыңыз. Сөз көлемі 200-250 сөз болуы қажет.
Әңгіме үшін тапсырма: Соңғы жылдары кейбір мамандықтарға сұраныс азайып, жаңа мамандықтар пайда болуда.
Аталған мәселені негізге алып, мамандықтың уақытқа тәуелділігі туралы әңгіме жазыңыз.
Сөз көлемі 200-250 сөз болуы қажет.
Арнайы ұйымдарға, арнайы сыныптар мен топтарға Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз. А мәтіні: газет мақаласынан үзінді
Қазақ баспасөзінің болашағы қандай? Америкалық NOPWorld компаниясы жуырда әлем халықтарының ақпарат
арналарына деген қызығушылығын салыстырып, ең оқымысты елдердің ондығын атады.
Көш басында – Үндістан. Үнділер аптасына 10 сағат уақытын кітап, газет-журнал оқуға
арнайды екен. Өкінішке қарай, оқу мәдениеті дамыған елдердің қатарында Қазақстанның
аты атаусыз. Қазақ баспасөзінің дәурені аяқталуға жақын деген «көреген» болжамдардың
болашағы қандай?
NOP World жүргізген зерттеудің нәтижесіне сүйенсек, оқуға көбірек көңіл бөлетін
мемлекеттер қатарына Чехия (7 сағат), Ресей (7,1 сағат), Швеция (6,9 сағат), Франция (6,9
сағат), Сауд Арабиясы (6,8 сағат), Венгрия (6,8 сағат) және Гонконг (6,7 сағат) еніп отыр.