34
Қазақ тілі мен әдебиеті
9-сынып емтихан тапсырмалары
Инновациялық мектептерге. І нұсқа
1-тапсырма.
Төменде берілген мәтінді оқыңыз.
Алаш идеясы мен қайраткерлері
Алаш —ежелгі түрік сөзі. Ол — бауырластар, қандастар, туыстар дегенді білдіреді.
Алаш аты тарихта кездесетін ең көне атаулардың қатарына жатады. Ескі шежіре
деректерінде
Алаш
атауы
қазақ
халқының
синонимі
ретінде
келтіріледі.
Мысалы, Қадырғали Жалаиридің өзі деректерінде қазақтың орнына Алаш атауын
қолданады. “Атамыз — Алаш, керегеміз — ағаш” деген қазақ халқы ұлттық тәуелсіздік
жолындағы күресінде ежелгі Алаш ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен бірліктің
ұраны етіп алды.
«Алаш идеясы» — қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Өйткені Алаш —
халқымыздың бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея. Алаш — ұлттың өзін
бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш — ұлттың аспан асты, жер
үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау әрекеті.
Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық
даму тәжірибесін, салт-дәстүрін сақтай отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, өр-
кениетті елдердің өмір тәжірибесінен үйренуді көздеді. Елге демократия, білім-білік алып
келу үдерісінің бастауында тұрғандар да осы зиялы қауым өкілдері болды. Алаш
зиялылары Отанға адал қызмет етуді мақсат етті. Алаш қайраткерлері қазақ халқын азат
ел ету бағытындағы мақсатты ойларын бес тұғырға негіздеді. Бірінші — жер мәселесі.
Жерсіз Отан жоқ. Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен
техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да
берілмейді. Екінш і— жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік Қазақ
мемлекетіне қызмет етуі керек. Үшінші — толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол
жеткізуге ұмтылуы тиіс еді. Төртінші – қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл,
дін, діл үстемдігі болуы керек. Бесінші, түпкі мақсатымыз – ғылым мен ұлттық салт-
дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, ұлттық-демократиялық мемлекет құру
Алаш идеясы ұлттық бірігу концепциясына алып келді. Алаш идеясы қазақтың
оқыған, саяси орталықтарда білім алған, мемлекет құрылысын қалыптастыру туралы
білетін ұлт зиялыларының басын біріктірді. Алаш идеясының аясында мыңдаған
қазақтың басы бірікті. Алаш зиялылары ұлттық әскер құрып, қуатты мемлекетке айналу
идеясын автономия құрудан бұрын ойластырған еді. Өйткені мемлекеттің негізгі тірегі,
қорғаны — әскер. Өткен ғасырдың басындағы Алаш Орда қайраткерлерінің ұлттық
тәуелсіздікке ұмтылыста халық сарбаздарын құру ісі — бүгінгі қазақ әскерінің
қалыптасуының алғышарты.
Алаш қозғалысының негізгі идеясы демократиялы қоғам қалыптастырып, тәуелсіздік
пен дамудың алғышарты ретінде қазақтың ұлттық мемлекетін құру болатын. Бүгінгі
Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті — сол идеяның жемісі.
(346 сөз)
Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.
мағынасына – ________________________________________________________
ажырамас – _________________________________________________________
еркін – ____________________________________________________________
көшіп келушілерге – _________________________________________________
қосты – ___________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: