Химия 9-сынып емтихан тапсырмалары 18. а) Адам ағзасы химиялық элементтерді әртүрлі концентрлейді, яғни мико – және
макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Адам ағзасында көміртек,
бром, сутек, барий, оттек, мышьяк, азот, фосфор, йод, фтор, мырыш, алюминий т.б.
элементтер кіреді.
І. Адам ағзасында кездесетін микро – және макроэлементтерді бөліп жазыңыз.
_______________________________ микроэлементтер
[1]
b) Адам ағзасында кездесетін (агрегаттық күйі қатты, сары түсті) макроэлемент жанғанда
түзілген газ, қышқыл жаңбырдың пайда болуына әсер етеді.
І. Макроэлементтің жану реакциясын жазыңыз.
____________________________________________________________ [1]
с) 18 b (і) табылған газды әрі қарай оттегімен тотықтырыңыз. Түзілген өнімді сумен
әрекеттестіріңіз.
І. Газдың оттегімен тотығу реакциясын жазыңыз.
____________________________________________________________ [1]
ІІ. Табылған Х затын сумен әрекеттестіру реакция теңдеуін жазыңыз.
____________________________________________________________ [1]
d) Көлемі 200мл, 20% (ρ= 1.25г/мл) 18bіі тапсырмасында табылған қосылыстың
концентрлісін мыспен әрекеттестіргенде 50грамм газ бөлінеді. Бөлінген газдың шығымын
есептеңіз.
І. Реакция теңдеуін жазыңыз.
____________________________________________________________ [1]
ІІ. Берілген заттың массасын табыңыз.
____________________________________________________________ [1]
ІІІ. Белгісіз газды анықтап, шығымын есептеңіз.
____________________________________________________________ [1]
19. а) Органикалық қосылыстардың негізгі элементінің бірі және оргонагенді элемент.
Сыртқы қабатындағы валенттілік электроны ns