18. а) Адам ағзасы химиялық элементтерді әртүрлі концентрлейді, яғни мико – және
макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Адам ағзасында көміртек,
бром, сутек, барий, оттек, мышьяк, азот, фосфор, йод, фтор, мырыш, алюминий т.б.
элементтер кіреді.
І. Адам ағзасында кездесетін микро – және макроэлементтерді бөліп жазыңыз.
_______________________________ микроэлементтер
[1]
b) Адам ағзасында кездесетін (агрегаттық күйі қатты, сары түсті) макроэлемент жанғанда
түзілген газ, қышқыл жаңбырдың пайда болуына әсер етеді.
І. Макроэлементтің жану реакциясын жазыңыз.
____________________________________________________________ [1]
с) 18 b (І) табылған газды әрі қарай оттегімен тотықтырыңыз. Түзілген өнімді сумен
әрекеттестіріңіз.
І. Газдың оттегімен тотығу реакциясын жазыңыз.
____________________________________________________________ [1]
ІІ. Табылған Х затын сумен әрекеттестіру реакция теңдеуін жазыңыз.
____________________________________________________________ [1]
d) Көлемі 200мл, 20% (ρ= 1.25г/мл) 18b (ІІ) тапсырмасында табылған қосылыстың
концентрлісін мыспен әрекеттестіргенде 50грамм газ бөлінеді. Бөлінген газдың шығымын
есептеңіз.
І. Реакция теңдеуін жазыңыз.
____________________________________________________________ [1]
ІІ. Берілген заттың массасын табыңыз.
____________________________________________________________ [1]
ІІІ. Белгісіз газды анықтап, шығымын есептеңіз.
____________________________________________________________ [1]
19. а) Химиялық элементтердің қасиетін зерттеу барысында ғалымдар бірінің қасиетін бірі
қайталайтын егіздер сияқты элементтердің болатынын анықтады. Сондай ұяластардың
бірі ІІІ А топ элементтері.
І. ІІІ А топ элементтерін жазыңыз.
____________________________________________________________ [1]
ІІ. ІІІ А топ элементтерінің ішінде сыртқы валенттілік электроны 3s
2
3p
1
болатын элементті
алып, электрондық конфигурациясы 1s
2
2s
2
2p
2
болатын элементпен әрекеттестіріңіз.
____________________________________________________________ [1]