Биология 9-сынып емтихан тапсырмалары Инновациялық мектептерге І нұсқа A бөлімі
1. “Менің терім ылғал және тегіс, мен уылдырық шашамын, судың ішінде немесе жанында
өмір сүремін.”
Жоғарыдағы сөйлемде қандай ағза туралы айтылған?
A. Кесіртке
B. Құс
C. Қосмекенді
D. Балық [1]
2. Арман бақшасындағы жемістерінің жанында арамшөптердің толып кеткенін көреді,
арамшөптерді жою үшін пестицидтің қандай түрін қолдануға кеңес бересіз?
A. Инсектицид
B. Гербицид
C. Фунгицид
D. Бактерицид [1]
3. Төмендегі берілген жүйке жасушасының қай бөлім-атау бұрыс берілген?
A. A – дендрит
B. B – нейрон денесі
C. C–аксон
D. D –миелин қабығы [1]
4. Сомалық жасушалар __________ арқылы көбейеді,
ал жыныс жасушалар __________.
A. мейоз, митоз
B. митоз, митоз
C. митоз, мейоз
D. мейоз, мейоз [1]
5. Төмендегідегі сөйлемдердің қайсысы мүктердің қырықжапырақтардан
айырмашылығын көрсетеді?
A. Мүктердің өткізгіш ұлпалары бар,ал қырықжапырақтарда жоқ.
B. Қырықжапырақтарда тамыр және жапырақтары бар, ал мүктерде жоқ.
C. Қырықжапырақта бар, хлорофилл мүктерде жоқ.
D. Мүктерде бар, гаплоидтық кезең қырықжапырақтарда жоқ. [1]