5. 3 көрпеге жететін мата 14 жастыққа жетер еді. Жастықты 2 есе көп тігу үшін 50 көрпеге жететін матадан неше көрпе, неше жастық тігу керек?
6. Кесе 16 теңге, тарелка 24 теңге тұрады. Тарелкадан 2 кесе көп алынса да, тарелкаларға 16 теңге артық төленді. Кесе нешеу, тарелка нешеу?
7. Кітап пен қалам дәптерден 32 теңге қымбат. Қалам мен дәптер кітаптан 16 теңгеге арзан. Кітап пен дәптер қаламнан 28 теңгеге қымбат. Осылардың әр қайсысы қанша тұрады?
8. Бір үстел шығаруға қанша кетсе, 8 орындық шығаруға сонша ағаш керек. Әкелген ағаш 126 үстелге жетер еді, бірақ үстелді комплектпен шығару керек болды, яғни бір үстелге 6 орындықтан шығару керек. Әкелген ағаштан неше комплект шығады?
9. Балалардың 5 көйлегіне қанша мата кетсе, үлкен кісілердің 3 көйлегіне сонша мата кетеді. Алғашында мата 150 балалар , 30 үлкендер көйлегін тігуге берілген. Бірақ сұраныс өзгеріп, балалар мен үлкендер көйлегін бірдей тігуге тура келді. Неше көйлектен тігілді?
10. Екі құбыр бірдей ашылса, су қоймасын12 сағатта толтырады. Егер бір құбырдан қойманың 3/5 бөлігі, екінші құбырдан 2/5 бөлігі толатын болса, әр қайсысы қойманы неше сағатта толтырар еді?
11. Бір бригада гектарынан 21 ц астық алды, екінші бригада 12 гектар кем сеуіп, гектарынан 25 ц-ден астық алды. Ақыры екінші бригада 300 ц астық артық алды. Әр бригада неше гектардан егін орды?
12.8 он теңгелік және бірнеше үш теңгелік ақшаны сол ақшалардың саына да, сомасына да тең бес теңгеліктермен ауыстыруға болса, неше үш теңгелік болу керек?
13. 11 он теңгелік және бірнеше үш теңгелік ақшаны сол ақшалардың саына да, сомасына да тең бес теңгеліктермен ауыстыруға болса, неше үш теңгелік болу керек?
14. Таза суға 200 см* тығыздығы 1,8 г/см* күкірт қышқылын қосып тығыздығы 1,22 г/см* болатын электролит дайындау керек. Судың тығыздығы 1 г/см* болса, электролит дайындауға қанша су керек?