Қызықты тәжірибелер
Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, білім дағдыларын дамыту, бақылау, зерттеу қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа баулу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, тәжірибе көрсететін құрал - жабдықтар, сыйлықтар, марапаттау қағаздары.
Мұғалім: Ұққанға табиғаттың сыры терең,
Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем.
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем
Бүгінде физика барлық жерде.
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның игеріңдер
Шәкірттер, ынта қойып үйреніңдер!
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер,- деп, бүгінгі «Қызықты тәжірибелер» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Бұл сайысқа екі топ келіп отыр.
I топ «Динамика»
II топ «Механика»
Егеменді қазақтың біз ұланы,
Өз туы бар, елтаңба, әнұраны
Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың
Самғайтын биіктерге тау қыраны
Бабамыз Резерфорд өзің қолда
Жеңіс тек бізде болар осы жолда
Достар - ау, сендер де бір қолпаштаңдар
Отырған дәл алдыңда, оң мен солда
I. Командаларды таныстыру.
II. «Физика біздің айналамызда»сайысы (сұрақтарға жауап беру)
I топ:
1. Ет, балық, банкілерді тұздау қандай құбылысқа негізделген? (диффузия)
2. Физиканың «Бірінші ұстазы» кім? (Аристотель)
3. Астрономияда пайдаланылатын ең басты құрал? (телескоп)
4. Күштің өлшем бірлігі? (Ньютон)
II топ:
1. Массаны өлшейтін құрал? (таразы)
2. Тығыздықтың өлшем бірлігі (кг/м3)
3. Күн жүйесінің моделін жасаған кім? (Коперник)
4. Ең бірінші қазақ ғарышкері? (Т. Әубәкіров)
5. Әтір иісі бөлмеге қандай құбылыстың әсерінен тарайды? (диффузия)
II. «Қызықты тәжірибелер» сайысы бойынша екі топқа тапсырма:
I топтың тәжірибелері:
1. Тәжірибе: суы бар стакан, мұз кесектері, жіп, тұз. Осы заттарды пайдаланып, мұзды стаканнан алу керек.
Жауабы: тұздың әсерінен мұз ериді де, жіп мұзға кіріп, лезде салқындап жабысып қалады. (кристалдану, балқу)
2. Суы бар тәрелке, 100 теңге. Алғашында су жоқ кезде теңгені ең соңғы шеті көрінетіндей етіп қараймыз. Осы қалыпты өзгертпей, ішіне су құямыз. Сол кезде теңге түгелімен көрінеді, неліктен? (жарықтың екі ортада таралуы)
3. Кәдімгі үрілген балалардың шарын газетпен ысқылап, бөлме төбесіне апарып жіберіп қалу керек. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неге? (шар электрленеді)
4. Үріліп жіпке байланған 2 шарды газетпен үйкеп - үйкеп жақындатпаймыз. Олар бір - біріне тебеді, неліктен? (аттас зарядтар тебіледі)
5. Бір шарды газетпен үйкелеп, ал екіншісін жүнмен үйкеп оларды бір - біріне жақындатайық. Олар бірін - бірі тебеді. Неліктен? (әр аттас зарядтар бір - бірін тартады)
II топтың тәжірибелері:
1. Стакан, су, қағаз. Стакандағы суды қағазбен жауып тұрып төңкергенде, су ақпайды. Неге? (Атмосфералық қысым төменнен жоғары қарай да әсер етеді)
2. А4 2 қағазы керек. Біреуін бүктемей, екіншісін бүктеп, бір уақытта жіберіп қаламыз. Не байқауға болады?
Жауап: Жалпы қысымның түсірілген бет ауданына байланысты екенін білеміз, шеге, ине сияқты заттардың неліктен ұшты болатынын білеміз, сол сияқты атмосфералық қысым да беттің ауданына байланысты, екеуіне де бірдей атмосфералық қысым түсіп тұр, бірақ шиыршықталған қағазға әсер ететін қысым оның ауданының кіші болуы есебінен бүктелмеген қағазға әсер ететін қысымнан көп болады да жерге бірінші жетеді.
3. Тәрелке, сабын керек. Тәрелкеге су құйып, төгіп тастаймыз да, сабынды тәрелкеге қатты басып тұрамыз. Сосын сабынды көтергенде тәрелке бірге көтеріледі, неге? (молекулалардың өзара байланысы)
4. Пластмассалық баклашканы бір жағынан бірдей етіп 3 жерден тесеміз де тесіктерді шырпымен бітеп қоямыз да ішіне су құямыз. Шырпыларды алып тастағанда су тесіктерден әртүрлі қашықтыққа ағады. Неліктен? (Сұйықтардың әртүрлі деңгейдегі қысымдары әртүрлі болады, төмендеген сайын қысым артады)
5. Суға: картоп, сіріңке, жұмыртқа, өшіргіш саламыз. Сонда нені байқауға болады? (Архимед күшіне байланысты денелердің жүзуі, балқуы, қалқуын)
IV.«Сергіту сәті»
I топ.
II топ.
V. Сөзжұмбақ шешу.
Сөзжұмбақ «Ампер» 1 - топқа.
1. Қуат бірлігі
2. Кедергі бірлігі
3. Қысым бірлігі
4. Ұзындық бірлігі
5. Электр сыйымдылығының бірлігі
«Физика» сөзжұмбағы 2 - топқа.
1. Молекуланың үздіксіз, ретсіз қозғалысы (диффузия)
2. Итальян ғалымы (Галилей)
3. Заттың үш күйінің бірі (Газ)
4. Табиғатты зерттейтін ғылым (Физика)
5. Заттың ең ұсақ бөлшегі (Молекула)
6. Суды көлем өлшейтін құрал (мензурка)
Қорытынды:
Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой
Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап,
Артыңнан қалмайды екен тірі де ол
Саған ән, айтылған сөз ішілген ас,
Ғарыштың кемелері, атылған тас
Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр,
Бәрінің бағынары физика ғой!- дей отырып, ендігі сөз кезегін әділқазыларға береміз. Топтарды марапаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |