Қызметкерлердің жекелеген түрлері олардың құқықтық жағдайы. Еңбек барысындағы қызметкерлердің жекелеген түрлерінің еңбегінің қорғалуы. Еңбек қауіпсiздiгi және еңбекті қорғау саласында жекелеген қызметкерлердің нормативтерін әзірлеу тәртібі



бет11/12
Дата09.02.2023
өлшемі3,01 Mb.
#66545
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
2301 (копия)

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1930 қаулысымен Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптердiң, лауазымдар мен көрсеткiштердiң N 1 Тiзiмiн және Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптердiң, лауазымдар мен көрсеткiштердiң N 2 Тiзiмiн бекiтілген. Мысалы оларға жататындар:

  • Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1930 қаулысымен Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптердiң, лауазымдар мен көрсеткiштердiң N 1 Тiзiмiн және Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптердiң, лауазымдар мен көрсеткiштердiң N 2 Тiзiмiн бекiтілген. Мысалы оларға жататындар:
  • 1. Тау-кен жұмыстары
  • 2. Металлургия өндiрiсi (қара металлдар)
  • 3. Кокс, күлкокс, термоантрацит және кокс-химия өндiрiсi т.б

Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілде N 414-I Заңына сәйкес мемлекеттік арнайы жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңда белгіленген жұмыс стажы бар адамдарға ақшалай берілетін төлем.
Жәрдемақы ай сайын төленеді және алатын жалақысына қарамастан төленеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің N 1 тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтардың: еркектер - 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істегенде; әйелдер - 48 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 15 жыл болып, оның кемінде 7 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде, жәрдемақы тағайындалуға құқығы бар.
Жалпы мүгедек дегеніміз – бұл өмірлік қызметіне шек келітіріп, оның әлеуметтік қорғалуын қажет ететін ағза қызметінің бұзылуы, аурулар, жарақаттар, олардың зардабынан болған дефектілері бар денсаулығы бұзылған тұлға. Бұл мүгедектер қоғамның әлсіз топтарына жатады, сондықтан да олардың құқықтарының айрықша қорғалуына әрбір мемлекет ереше назар аударады.
«Мүгедектік» сөзінің орысша баламасы «инвалидность» сезі латынның «invalidus» сөзінен туындаған және «әлсіз, күші жоқ» деген мағынаны білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет