Мәриям Хакімжанова өзінің сүйікті кейіпкері Мәншүк жайында, оның ерлік көрсеткен «Мәншүк» поэмасы 1945 ж. жазылған. Соғыс тақырыбына Мүсірепов «Қазақ батырын (қазіргі—«Қазақ солдаты») жазса, Ұлы Отан соғысының ерлік істерінен бір топ поэма туып жатты. Қасым Аманжоловтың «Абдолласы», Диқан Әбіловтің «Майданбек» поэмасы, Мәриям Хакімжанованың «Мәншүк» деген поэмасы; Қапан Сатыбалдиннің «Әлия» деген поэмасы; Ілияс Есенберлиннің «Айша», «Сұлтан» деген поэмасы; Нұрлыбек Баймұратовтың «Ер Төлеген» деген поэмасын мысал етіп атауға болады. Отан соғысы үстінде ерлікпен қаза тапқан қаһармандарға арналған Ж.Саинның «Өмірден өксіп сен кеттің» атты жоқтауы, Ғ.Ормановтың И.В.Панфиловқа арнаулы жоқтауы, Жамбылдың ұлы Алғадайды жоқтауы мен оған Кененнің көңіл айтуы секілді фольклорлық жанрлар да осы кезеңде жазба поэзияға көркемдік әрлеуімен қайта келді. Қасым Аманжолов, Жұмағали Саин, Сырбай Мәуленов, Ғали Орманов, Жұбан Молдағалиев, Әзілхан Нұршайықов сынды тұлғаларды атамау мүмкін емес.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әдебиет туралы белгілі ғалым С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиетінің тарихы» пәнінен сабақ беретін ф.ғ.к., доцент Раушан Мүтәлиева: «F.Мүсірепов, Т.Ахтановтың, Ә.Нұрпейісов, Ә.Шәріпов, Қ.Қайсенов сынды майдангер жазушылардың көлемді туындыларын қазақ халқы үлкен ықыласпен қабылдағаны тарихтан белгілі. Отан соғысы шындығы белгілі кезеңдегі адамзат қоғамының сипатын, мемлекеттік билеу болмысын барынша шынайы көрсеткен, көрсететін айрықша сұрапыл шындықтардың қатарына жатады. Оны көзімен көрген, басынан өткерген, қаны мен терін төккен, от пен оқтың ортасында қан кешкен ұрпақтан артық білетін жанды табу қиын. Сондықтан өзегіне соғыстың сұрапыл шындығын арқау еткен шынайы шығарма жазуға екінің бірінің тәуекелі жете бермейді.
Отан соғысы оқиғаларының қазақ әдебиетінде үлкен эпикалық көлемде көрініс табуына, негізінде, майдангер жазушылардың сіңірген еңбегі зор. Сол саптағы қаламгерлердің басында Бауыржан Момышұлы тұрды. Бауыржан Момышұлы – Ұлы Отан соғысының басынан кіріп, аяғынан шыққан, ерлігі елдің есінен кетпейтін талантты да қаһарман қолбасы. Ол жауынгерлерімен бірге соғыста шынықты, соғыста шыңдалды, соғыста өсті. Қолбасының қоластында қаһарман қазақ аз болған жоқ. Солардың көбі ел тәуелсіздігі үшін қанын төгіп, жанын берді. Соғыста опат болған ел ұландарының өмірі, ерлік істері хатталмай, қағаз бетіне түспей, халықтың құлағына жетпей, топырақ астында қалып бара жатқаны қолына қару ұстаған қолбасыны жауған оқ пен жанған оттың құшағындағы ең бір сұрапыл жылдардың өзінде қатты толғандырған. Отан үшін от кешіп, оққа ұшқан ерлердің, ерліктің атаусыз қалуын халық трагедиясымен бірдей көрген сардар елдегі белгілі жазушыларға арнайы хаттар жазды. Соғыстың төртінші жылы Алматыда ғылым мен білім, өнер саласындағы зиялылар үшін оқыған лекцияларында жазушылардың соғыс шындығын жазуы қажеттігіне ерекше мән берді. «Шындықты жазу – суреткердің ұлы міндеті. Ұрыста шындықты табу оңай емес, ал оны жинақтау одан да қиынырақ. Бәлкім, менің тарапымнан жазушыларға қойылып отырған талап шектен шыққан әділетсіздіктей көрінуі мүмкін, бірақ мен мұны заңды деп білемін», – деді қолбасы осы лекцияларының бірінде. Лекция барысында лектор баспахананың бояуымен жазылған кітаптар да, адам қанымен жазылған кітаптар да болатынын, ал өзінің баспахана бояуымен емес, майдан даласында шынайы қалпында, бар болмысымен қанмен жазылған соғыс кітабын оқығанын баян етті...
Б.Момышұлының лекцияларында, хаттарында, естеліктерінде, соғыс үстінде қойын дәптеріне түсірген қолжазбаларында соғыс шындығын жазу туралы міндетке аса зор мән берілді. Осы бағыттағы ойлар, майдан даласында бастан өткергендері мен көзбен көргендері соғыстан сау оралған сардардың жазбауға мүмкіндігін қалдырмады. Қолбасы өзінің кітаптарында соғыс адамының образын шын қалыпта, ол шайқасқа қалай кіріп, одан қалай шықса, тура сол қалыпта, сол күйде сомдады. Олар автордың өзі айтқандай, қанмен жазылған кітаптар еді. Олардың қатарында соғыстың қызыл жалынын жамылған «Москва үшін шайқас» трилогиясы да бар», - дейді.
Совет Одағының Батыры атағын екі рет алған жерлесіміз Талғат Бигельдинов бұл кітабында Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиян-кескі әуе ұрыстарында өз басынан кешкен ерліктерін баяндайды.
Александр Бектік «Арпалыс» («Волоколамск тас жолы») кітабы - совет әдебиетіндегі Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылған таңдаулы шығармалардың бірі. Аты аңызға айналған колбасшы Бауыржан Момышулының өз күрес жолы жөніндегі шынайы әңгімесін, Москва түбінде болған айқас кезіндегі жаужүрек панфиловшылардың көрсеткен ерлігі жайлы баяндайтын бұл кітапты оқырман қауым әлі күнге дейін қызыға, құмарта оқиды. Осыған орай «Жалын» баспасы бұл шығарманың бірінші және екінші кітаптарының қазақша аудармасын біріктіріп, «Өнегелі өмір» сернясымен қайта шығарып отыр. Сонымен бірге кітапқа Бауыржая Момышұлы мен оның каруластарының бұрын баспа жүзін көрмеген бір топ фотосуреті де енгізілді.
«Боздақтар» кітабында Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың, жараланудан және аурудан қайтыс боғандардың, жау тұтқынында қаза болған не хабар-ошарсыз кеткендердің жалпы саны берілген. Мұнда соғыстың статистикалық бүкіл көрінісі алғаш рет беріліп отыр деуге болады; кітаптағы әрбір цифрдың сыртында баға жетпес мәлімет бар, ал бұл мәліметтер бүгінгі күнде жұртшылық сурапыл соғыстың сансын сұрақтарына берілер жауаптарды білуге ден қойып отырған кезде ерекше құнды болмақ.
"Боздақтар" - 1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапкан жауынгерлер туралы ескерткіш кітап. 3-томға Алматы қаласының Совет (казіргі Алмалы) және Фрунзе (қазіргі Медеу) ауданы бойынша майданға аттанып, содан қайтып оралмаған боздақтар еніп отыр.
Ұлы Отан соғысы елге де, ерге де үлкен сын болғаны аян. Сол сұрапыл соғыста толарсақтан саз кешіп жүріп, қатыге жаумен алысқандардын ерлігін жас ұрпаққа паш ету - бар шаның ісі. Журналист Ж. Аупбаев бұл кітабында осыны мұрат еткен. Автор халық батыры Б, Момышұлы, әйгілі Брест камалын корғаған В. Фурсов, соғыстан кейін 28 жыл өткен соң, батырдың Алтын жулдызын омырауына таққан З. Құсанов 28 панфиловшы-жауынгердің батырлығын алғаш жазған А. Кривицкий және басқа да патрноттар жайлы соны деректер жинап, олардыц өмір, майдан жолын бүгінгі күн рухымен үндестіре әнгімелейді.
Аты бүкіл әлем халқына аңыз боп тараған қазақ елінің ақиық қыраны Бауыржан Момышұлының қайталанбас ғажайып сырға толы өмір жолы мен көркем туындылары жөнінде сан тарапты пікір айтылып, толассыз жазылып келе жатқан мақала, зерттеу кітаптар қаншама! Бір таңданар жай — Баукеңнің өз шығармалары мен ол жайлы жазылған кітап атаулының бәрі де тез таралып кететін ерекшелігі бар.
Қадірменді оқырман қауым, назарларыңызға ұсынылып отырған «Бауыржан батыр» жинағы қазақ халқының ұлттық батырына айналған Бауыржан Момышұлының архивінде сақталып, бұрын-соңды жарық көрмеген әр түрлі жанрдағы өз туындылары мен Баукең туралы жазылған естеліктерден құралып отыр.
Жинақтың алғашқы белімі «Әңгіме, хат, елең, мақал- мәтелдер» деп аталып, мұнда Баукеңнің дәл бүгінге дейін еш жерде жарияланбай келген жастық шақтағы және де қанды қырғын ішінде жүріп жазған елең-толғаулары молырақ қамтылды. Баукеңнің бойындағы ақындық қуаттың бүршігі ерте белгі бергендігін мектептегі ұстазы Тәңірберген Отарбаев та байқаған. Шәкірттеріне шығарма жаздырып қабілеттерін байқау үстінде бала Бауыржанға «сенен ақындықтың исі шығады» деп айтқан екен аяулы устазы.
Баукең бойындағы шыншылдық пен әділдік, пікірдегі батылдық балаң шағында жазған тырнақалды өлеңдерінің өзінен айқын аңғарылып турады.
Бұл кітапта Совет Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлігі суреттеледі.
Халқымыздың Зоя Космодемьянская мен Лиза Чайкина, Марина Раскова мен Валентина Гризодубова, Мария Октябрьская мен Мария Байда, Зина Туснолобова мен Мәншүк Мәметова және басқа да көптеген ержүрек қыздары Отанымыздық сәулетті келешегі жолындағы күрестің ерлік шежіресіне талай- талай жарқын беттер жазып қосты. Бұл жинақтағы очерктерде солардың Советтік Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі, Үлы Отан соғысы жылдарындағы вшпес ерлігі мен қаңармандығы баяндалады. Кітапқа Совет Одағынын, Батыры деген құрметті атаққа ие болған жетпіс алты патриот әйел туралы жетпіс очерк енгізілген. Очерк авторлары - жазушылар, тарихшылар, журналис- тер, ұрыстарға өздері тікелей қатысқан жауынгерлер.
Бұл кітапта Ұлы Отан соғысы жайында Б. Момышұлының, М. Ғабдуллиннің, Н. Оңдасыновтын, Ш. Ермағамбетовтын, Т. Әшімбаевтын, Ә. Нұршайықовтың, Ж. Қизатовтың, С. Нұрмағамбетовтың, А. Қазакбаевтың, Қ. Қайсеновтың, С. Векеновтың естеліктері мен пайымдаулары берілген. Сонымен бірге, т.ғ.д. Ж.Ү. Қыдыралинаның Атырау облыстык мемлекеттік мұрағатынан алынған кұжаттары және белгілі ғалымдар Д.А. Махаттың, Т.С. Қаленованың, С.Ш. Мұхамеджанованың, А.С. Макиповтың, С. Кенжебаевтың, К. Байсеркиннің, К.И. Искаковтың, А.Н. Қашкынбаевтын, Т.С. Садыковтың, Б. Шарахымбайдың, Т. Батырханның ғылыми- зерттеулері сонымен қатар Б.Ғ. Аяған мен Х.М. Әбжановтың жеке мұрағатынан алынған кұжаттары қамтылды. Аталмыш еңбекте қазакстандыктардың Ұлы Отан соғысының Жеңісіне қосқан жалпы үлесі жайында кішігірім өзекті зерттеулер мен тарихи-құжаттық материалдар жинақталып, бес жылдық соғыс тарихының ақтаңдақтарына және де соғыс жылдарындағы халыктың ауыр тұрмыс-тауқыметіне шынайы баға беріледі. Кітап Отан тарихына қызығушылық танытқандар мен жоғары оку орындары студенттеріне оку кұралы ретінде ұсынылады.
Осы кітаптың ішінде батырдың қолбасшыларға арнаған өсиеттері өзгеше бағалы. Ақтыққа сүйенсек, олардың маңызы - мәңгілік. Бұл өсиеттер Ұлы Отан соғысы кезінде орыс тілінде жазылғаң себебі бүкіл Совет Армиясының командирлеріне арналған. Қазіргі уақытта, өзіміздің қазақстандық жасақтар қүралған кезде, сол өсиеттерді ана тілімізге аударып, екі тілде келтірген жөн болар. Бұл есиеттердің түпкі сыры: еліміздің, жеріміздің аманшылығын, бейбіт өмірін кездейді. Осы мақсатқа жету үшін қауіпсіздікке орынды мағына беріп, тыныштықты сақтауды білу керек. Ол үшін қорғанудың ілім және енер дәстүрлерін толық білу керек. Орыс тілінде әскери iлім үш тармаққа бөлінеді: стратегия, тактика, теория оперативности. Бауыржан Момышүлының пікірі бойынша, әскери білімді толық пайдалану үшін жауынгердің сана-сезіміне арқа сүйеуді білу керек, жауынгерге ерлік жүкті арттыруды білу керек. Ол үшін қолбасшы зор білімді, зор тәжірибелі адам болуы керек. Батырдың езі бір сырлы, сегіз қырлы «ел деп еңіреген ер» болғандықтан, бар білгенін, бар тәжірибесін өсиеттер ретінде артына қалдырған. Бұл өсиеттердің зор қүндылығы - жан тебірентетін білгірлікте. Батыр тек қана еуропалық және рессейлік әскери ғылыммен, әскери өнерге сүйенбейді, өз ата-бабалырымыздыңжауынгерлік дәстүрлеріне арқа тірейді. «Білек бірді жығады, ақыл-айла мыңды жығады», «Ер намысы - ел намысы», «Ерді - намыс, қоянды - қамыс әлтіреді», - секілді аталарымыздың ұшқыр сөздерін Бауыржан Момышүлы орынды пайдаланған. Сондықтан батырдың өсиеттері қазақ жауынгерлеріне ете жақын, ойларына азық, бойларына қуат беріп тұрады. Осы се- бептен Бауыржан Момышұлының орыстілінде жазылған еңбектерін қазақ тіліне аудару оңай. Біздің қолбасшыларымыз кебінесе екі тілді болғандықтан, батырдың өсиеттерін екі тілде бірдей келтірген жөн- ақ, себебі сонда, мақалдап айтқанда, «екі өзеннің мөлдір суы бір көлге дереу қүйылады». Біраз жылдар еткен соң, біздің жауынгерлеріміз үш тілді болуы күмәнсіз. Сол бір жақын заманда Бауыржан Момышүлының өсиеттері мүлтіксіз үш тілде бірдей келтіріледі. Бірақ, ол заманды күтпестен, екі тілде бір кітапша беттерінде жариялануы қүптарлық-ақ.
Достарыңызбен бөлісу: |