Известия казумоимя имени Абылай хана серия «филолог…»



Pdf көрінісі
бет109/173
Дата09.05.2022
өлшемі3,43 Mb.
#33204
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   173
Байланысты:
салғастырмалы тіл білімі

яғни  табиғат-климатқа  қатысты  (қар,  қырау,  кӛктем,  күннің  батуы),  түрлі 
асыл тас,бағалы металл атаулары (алтын, киноварь, күміс, яшма), жергілікті 
табиғи  ерекшеліктермен  байланысты  ӛсетін  өсімдіктер  (мандарин,  марена, 
күріш), құс атаулары (балықшы құс, қарға). 
Егер  қытай  мәдениетіне  қатысты  кӛп  айтылатын  кеңістік  моделіне  түс 
атауларын  сәйкестендіріп  қарайтын  болсақ,  онда  символикалық  мәнге  ие 


ИЗВЕСТИЯ КазУМОиМЯ имени АБЫЛАЙ ХАНА серия «ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ» 
131 
мынадай түс атауларымен қатысты вербальді білдірімі бар таңбалар жиынтығы 
келіп  шығады.  Ең  алдымен,  кеңістіктегі  модельге  тоқталайық.  Олар:  орталық, 
батыс  –  шығыс,  солтүстік  –  оңтүстік.  Осы  кеңістікте  қытай  мәдениетінде 
түстердің  орналасуын  реті  тӛмендегідей  болып  келеді:  орталық  кеңістік 
аумағына сары түс сәйкес келеді. Сары түс – Қытайда ондағы жоғарғы биліктің, 
патшаның, байлық пен бейкүнәліктің символы.  
  Ал  кеңістіктің  шығысына  кӛк-жасыл  түс  сәйкес  келеді  де,  ол  түс  жаңа 
ӛмірдің,  жастықтың,  әділдік  пен  табысты  бастаудың,  келешектегі 
жетістіктердің символы ретінде қабылданады. Біздіңше, бұл табиғаттағы түрлі 
ӛсімдіктердің осы түстес болуымен және олардың ӛздерінің тіршілік ету кезеңі 
шегінде ең алдымен пайда болғанда, бастапқы кезеңде кӛк (жасыл) түсті болып 
келуімен  байланысты  болса  керек.  Яғни  барлық  жақсы  іске  нышан  ретінде 
алынуы  осымен  түсіндірілетін  сияқты.  Басқа  сӛзбен  айтқанда,  табиғаттағы 
заңды  түрде  ӛзігінен  іске  асып  жататын  пайда  болу  –  жаңару  –  кемелдену  – 
қартаю – ғайып болу – қайта пайда болу сияқты үздіксіз қозғалыста кӛрінетін, 
болатын  динамиканың  алғашқы  сатысына  сай  келеді.  Сондай-ақ,  бұл  түс 
Қытайда әйелдердің түсі саналады.  
Кеңістіктің батыс бӛлігіне ақ түс сәйкес келеді. Егер батыс пен шығысты 
қарама-қарсылықта алып қарасақ, онда осы кеңістікке сәйкес келетін түстердің 
символдық мәнінде де қарама-қайшылық пайда болады. Яғни батыс – ақ түспен 
сәйкестенеді де, бұл түс кәріліктің (салыстырыңыз: шығыстағы кӛк-жасыл түсі 
– жастықтың символы болатын), ӛлім, әскери күштің символы, қаза мен түрлі 
жерлеу рәсімдерінің түсі, нышаны ретінде қабылданады.  
Ал  оңтүстік  кеңістікке  сай  келетін  қызыл  түс  –  қуаныштың,салтанатты 
оқиғаның, табыс пен сәттіліктің, игі тілектердің символы. Сондай-ақ, бұл түс ер 
адамдар  мен  балалар  киімдерінің  түсі  ретінде  де  сипатталады.  Оңтүстікке 
қарама-қарсы  солтүстік  кеңістігінде  қара  түс  сәйкес  келед.  Қара  түс  –  түнек, 
қараңғылықтың символы. 
Қорыта  айтқанда,  қытай  тіліндегі  «түс»  лексика-семантикалық  тобына 
енетін тілдік бірліктердің құрылымында елдің табиғаты мен климаты, мәдени-
тарихи,  сондай-ақ,  этностың  психосоматикалық  ерекшеліктерін  қамтитын 
ақпараттардың болатындығын байқауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет