Известия казумоимя имени Абылай хана серия «филолог…»



Pdf көрінісі
бет164/173
Дата09.05.2022
өлшемі3,43 Mb.
#33204
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   173
Байланысты:
салғастырмалы тіл білімі

УДК 85„25 
Е.Б. Тяжина 
аға оқытушысы, ф.ғ.к., С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ 
Астана, Казахстан, helene_32@mail.ru 
 
ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ЭМОЦИОНАЛДЫЛЫҚ ПЕН  
ОҒАН САБАҚТАС ҦҒЫМДАРДЫҢ БАЙЛАНЫСЫ 
 
Адами  сӛз  кӛптеген  коммуникативті  шеңберде  ӛзінің  ашық-бояулы 
экспрессиясы мен сезімпаз-бағалау мінезімен айшықталады. Сондықтан ең 
тығыз  байланыс,  бір  жақтан,  бағалау  мен  экспрессия  категориялары, 
екінші  жақтан,  экспрессия  мен  сезімпаздықтың  категориялары  арасында 
кездеседі. 
Тірек  сөздер:  лингвистика,  коммуникативті  шеңберде,  сезімпаз-бағалау 
категориясы 
 
Эмоционалдылық,  экспрессивтілік,  бағалауыштық  жӛніндегі  ғылыми  ой-
пікірлер  тіл  білімінде  ғана  емес,  барлық  салалық  мамандардың  ізденістерінде 
тілге  тиек  болғанын  байқауға  болады.  Эмоционалдылық  -  пәнаралық  мәселе. 
Ол  психолингвистика  (психикалық  мәнбірлердің  тілдік  құбылыстарға  әсері), 
социолингвистика  (әлеуметтік  мәнбірлердің  тілдік  бірліктерге  әсері) 
прагмалингвистика  (сӛйлеушінің  адресатқа  сӛз  арқылы  әсер  етуі)  т.б 
ғылымдармен  тығыз  байланысты.  Эмоционалдылық  дегеніміздің  ӛзі  - 
психикалық  категория  эмоцияның  тілдік  денгейдегі  кӛрінісі.  Психология 
ғылымында  эмоцияға:  «Адамның  бір-бірін  жақсы  түсініп,  қарым  қатынас 
жасауына  ықпал  етуі,  адамның  қоршаған  орта  мен  объективті  шындыққа 
субъективті қатынасын білдіретін ерекше форма деп анықтама беріледі».  
Тіл  білімі  дәстүрінде  эмоционалдылық  ұғымы  әр  түрлі  дәйектеледі. 
Кӛптеген  ғалымдар  эмоционалдылықты  субъектінің  сезімін,  эмоциясын  әрі 
оның  сӛйлесім  мен  объектіге  қатынасын  білдіретін  лингвистикалық  категория 
деп  түсіндірсе,  кӛп  жағдайда  бұл  категория  экспрессивтілік,  бағалауыштық 
құбылыстарымен  тығыз  байланыста  айқындалады.  Эмоционалдылық  пен 
экспрессивтілік  категорияларының  ара  қатынасын  айқындайтын  ғылыми 
пікірлерде  бірізділік  жоқ.  Мәселен,  М.И.Дмитриева  «Эмоционалдылық  пен 
экспрессивтілікті  бір  бірімен  жымдасқан,  ӛзара  тығыз  байланысты 
категориялар»  [1,  10  б.],  -  деп  пайымдаса,  кӛптеген  ғалымдар,  керісінше, 
экспрессивтілік пен эмоционалдылық ұғымдарын бір-бірінен ажыратады. 
 Мәселен, Е.Галкина Федорук: «Экспрессивтілікті эмоционалдылықтан кең 
ұғым  деп  санап,  тілдегі  эмоционалды  элементтер  адам  сезімін  білдіру  үшін 
қызмет етеді, ал, экспрессивтілік амалдар эмоцияларды, ерікті, ойды білдіруде 
де мәнерлілік пен қарқындылықты күшейту үшін қызмет етеді» [2, 108 б.], десе, 
Ю.С.Осиповтың:  «эмоционалдылық  пен  экпрессивтілік  ұғымдары  ӛлшемнің 
әртүрлі  жүйесіне  жатады,  оларды  біртұтас  бірлік  не  кӛлемі  жағынан  әртүрлі 


ИЗВЕСТИЯ КазУМОиМЯ имени АБЫЛАЙ ХАНА серия «ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ» 
195 
құбылыстар  деп  те  салыстыру  мүмкін  емес.  Бұл  категориялар  ӛзіндік 
ерекшелігі  бар  дербес  құбылыстар»  деген  қортындысы  аталған  мәселеге 
қатысты бірқатар сауалдарға жауап береді [3].  
Эмоционалдылық  пен  экпрессивтілік  ұғымдарын  ажырату  қазақстандық 
линвист ғалымдардың ізденістерінде де орын алады. Мәселен, Ш.И.Нұрғожина: 
«Экпрессивтілік  эмоционалдылықпен  салыстырғанда  тек  сӛздерде  ғана  емес, 
сӛз  тіркестері,  тұтас  бір  сӛйлем  мен  одан  да  ірі  тілдік  кесектерде  берілуі 
мүмкін.  Сондай-ақ  экспрессивтілік  дауыс  ырғағы  арқылы  да  айқындалады. 
Мұның  бәрі  экспрессивтілік  категориясының  эмоционалдылыққа  қарағанда 
ауқымды ұғым екенін байқатады» деп ой түйеді [4]. 
Қатысым  актісінде  бұл  категориялар  бірге  де,  жеке  де  қолданылады. 
Белгілі  бір  сӛйлеу  жағдаятына  байланысты  экспрессивтер  эмоционалды  да, 
эмоционалды емес те болуы мүмкін. Сондай-ақ, эмотивтер де экспрессивті әрі 
экспрессивті  емес  болуы  ықтимал.  Эмоционалдылық  пен  экспрессивтілік 
ақиқат шындық денгейінде ӛзара ауыстырылатын категориялар емес, бір-бірін 
толықтыратын  құбылыстар  болып  табылады.  Бұл  компоненттер  заттық-
логикалық  мазмұны,  функционалдық  қызметі  мен  ӛздеріне  тән  семантикалық 
қасиеттеріне қарай ажыратылады. Эмоционалдылық - адамның сезімін білдірсе, 
экспрессивтілік  -  тілдік  элементтер  мен  құбылыстардың  сапалы-сандық 
сипатын кӛрсетеді.  
Эмоционалдылық  тілдік  белгінің  семантикасында  бекіген,  бейнеленген 
сӛйлеушінің  эмоционалды  субъективті  бағасы  формасында  кӛрініс  тапқан 
сӛйлеушінің  сезімдері  мен  қатынасын  білдіреді.  Эмоционалдылық  екі: 
физиологиялық  және  қатысымдық  түрде  беріледі.  Ӛз  кезегінде  қатысымдық 
эмоция екі түрлі тәсіл арқылы: тілдік емес, яғни, паралингвистикалық құралдар 
және  тілдік  -  лингвистикалық  құралдар  арқылы  жүзеге  асады.  Эмоция 
субъектінің қоршаған орта мен шындық дүниеден әсерлену үрдісін білдіреді.  
Ал, экспрессивтілік мағынаның коннотативті шыңы ретінде тілдік белгінің 
әсерлілігінің  түрлі  реңктерін  білдіреді.  Экспрессивті  құралдар  эмоциялармен 
қатар, ой, тұжырымды да әсерлі әрі бейнелі түрде жеткізу үшін қызмет етеді. 
Эмоционалдылық бағалауыштықпен ӛлшенсе, ӛйткені эмоцияға «жақсы» / 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет