Брасс әдісімен жүзгенде екі қолдың есуге еліктеу
қимылдарының жолы.
Қол қимылдарының кезеңдері мыналар: суды қармау баяу
түрде орындалады (41-суреттің 1және 2 – көріністері). Жүзуші
екі қолын алға және шетке таман сермейді. Қолдың басы (екі
қолдың да) 10-15 см тереңдікте қозғалады және алақан төмен,
сәл шет жаққа қарайды. Жүзуші екі алақанымен суды басып,
қолдың басын білезіктен ақырын бүгеді. Шынтақ сырт жаққа
қарайды.
Есудің негізгі бөлігі шынтақты шапшаң бүгіп, артқа қарай
қос қолдап есуден басталады. Қолдар су ішімен дөңгелек сызып,
әуелі шетке, сонан соң ішке қарай қимылдайды, шынтақ жоғары
қалпында ұсталады (41-сурет, 3-көрініс).
Екі қолды алға созу қимылдың әзірлік кезеңі (41-сурет,6-
10-
көріністер). Екі қолды алға соза бастау, олардың бірыңғай тез
ішке-алға қарай қозғалуы есу біткен кезде орындалады. Бұл
мезгілде екі қолдың алақаны бір-біріне сәл бұрылады. Екі қол да
бұдан кейін баяу қимылдайды, алақандарын төмен қаратып,
біріне-бірі өте жақындайды. Екі қол созылып болған соң
олардың буындары жазылып (41-суреттің 10-көрінісі), суды
келесі қармау басталады.
Достарыңызбен бөлісу: