Ж. Қ. Қамысбаева суда жүзудің техникасы мен тактикасын үйрету



Pdf көрінісі
бет24/25
Дата25.04.2023
өлшемі1,92 Mb.
#86510
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
6-
жаттығу. 1. Кроль әдісімен кеудемен (етпеттеп) және 
шалқалап жүзу тәсілін одан әрі жетілдіру. 2. Үйренушілердің 
тәсілдік дайындығына баға беру. 3. Жүзуді бастауды және одан 
кейінгі есу қимылдарын үйрену. 
Құрғақта. Жүзуді бастау және одан кейінгі есу 
қимылдары туралы кеңінен мағлұмат беріледі. 
Суда. Жүзуді бастаудың және одан кейін кроль әдісімен 
жүзіп, жалғастырудың тәсілі көрсетіледі. 
1. 
Әмір бойынша жүзуді 5 – 6 рет бастау. 
67 


2. 
Бастаудан кейін тек қана екі аяқпен есіп, содан соң екі 
қолмен есіп, 50 м қашықтықты жүзіп өту. 
3. 
Шалқалап жүзуді бастау және 50 м қашықтықты жүзу. 
4. 
Кроль әдісімен бастаудан кейін тыныс алуды тежеп 
10-
15 метрден 8 рет жүзу. 
5. 
Үйренушілердің тәсілдік дайындығын байқау үшін 
кроль әдісімен 50 м
қашықтыққа жарыс ұйымдастыру. 
6. 
Кроль әдісімен шалқалап жүзуден 4Х50 метрлік 
алмасып жүзуді өткізу. 
7. 
Суда еркін шомылу. 
Ескерту: жарыс және алмасып жүзу кезінде бір топта 
жүзетін үйренушілердің күш-қуаттарының тең болуына назар 
аудару керек. Солай еткенде жарыстың қызықты өтетіні белгілі. 
7-
жаттығу. 1. Брасс әдісімен жүзудегі аяқпен есу тәсілін 
үйрену. 2. Крольмен етпеттеп және шалқалап жүзу тәсіліне одан 
әрі машықтана түсу. 3. Жүзуді бастау тәсілін одан әрі жетілдіру. 
Құрғақта. Брасс әдісімен жүзу тәсілі бейнеленген 
плакаттар көрсетіледі. Сонымен қатар бассейннің жиегінде 
аяқпен есудің еліктеу қимылдары жасалынады. 
Суда. 1. Бастауды орындап 50 м қашықтықты кроль 
әдісімен етпеттеп және шалқалап жүзіп өту.
2. 
Бассейннің ернеуінен ұстап шалқалап жатып, суға еніп, 
одан қалқып көтерілу, 10-15 реттен. 
3.Осы қимылды етпеттеп жатып қайталау. 
4. Су бетінде көлбей жүзіп, брасс әдісімен есу 
қимылдарын 10рет орындау. 
5. Су бетінде сырғып, екі қолды алға созып, екі аяқпен 
брасс әдісінің есу жаттығуларын жүргізу. 
6. Қолға таяныш қалтқы тақтай ұстап, кроль әдісімен аяқ 
қимылын жасай отырып, 300 м қашықтықты жүзіп өту.
7. Су ішінде 30-40 рет дем шығару. 
8. Бастаудан кейін демді тежеп, кроль әдісімен 10-15 
метрлік қашықтықты 10 рет жүзіп өту керек. 
9. Кроль әдісімен 200 метрді 2 рет жүзіп өту.
10. бастауды 4-5 рет орындау. 
68 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет