сырттан санға қарата еседі (2сурет). Бастапқы қалып дәл
бірінші үйлесімдегідей. Біраз жылжығаннан кейін екі аяқты
қимылға келтіреді де, екі қолды тік ұстап, сырттан санға қарата
есуге кіріседі. Қол иық буынының тұсынан аса бергенде, дем
шығару үдеп барып аяқталады да, бас су бетіне көтеріле
бастайды. Есу қимылдары аяқталғанда бас көтеріліп терең
тыныс алынады, сонан соң бас суға қайтадан енеді де дем
шығарылады. Екі қол да шынтақ буынынан бүгіліп, саусақтар
кеуденің астымен тез алға қарай созылыды да бастапқы қалыпқа
қайта түседі (3-сурет).
Сурет 2. Сурет 3.
Үшінші үйлесім – екі аяқ крольмен шалқалап
жүзгендегідей қимыл жасайды, екі қол тіке ұсталып, бір мезгілде
сырттан санға қарата еседі (4 сурет). Бастапқы қалып – шалқалап
жатып, екі қолды екі қапталға қысып, екі аяқты созып, басты
судың бетінде ұстайды. Сонан соң су астында екі қолды
шынтақтап бүгіп, екі алақан сыртқа қаратыла, желкеден асырыла
созылады да, демді ішке тартады. Осыдан соң қолды тіке ұстап,
есуді жылдамдатып, дем шығарылады. Аяқтың қимылын
тоқтатпастан, жүзуші бастапқы қалыпқа оралып, айналымды
қайта бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: