Орынжай Н.С Ғылыми жетекші: ф.-м.ғ.к., профессор Абильдаев А.Х.. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан e-mail:nurkoktemorynzhay@gmail.com
Альфа бөлшектері зат арқылы өткенде энергияны негізінен электрондармен әрекеттесу нәтижесінде жоғалтады. Өзара әрекеттесу оқиғаларының ықтималдықтарын және бір оқиғаға энергияны жоғалтуды ескере отырып, жалпы энергия шығыны соқтығысқан серіктестердің санына байланысты, ол бөлшек әрекеттескен электрондар санына түрленеді. Бұл ақпаратты қалыңдық туралы ақпаратқа түрлендіру үшін материалдың тығыздығы қажет, ол белгісіз болуы мүмкін немесе жұқа қабықшада көлемді материалдың тығыздығынан өзгеше болуы мүмкін [1].
Полимерлі мембраналардың ішкі құрылымы оларды өндіру технологиясына байланысты ерекшеленеді. Ал полимерлерді жасап шығару технологиялары екі үлкен топқа бөлінеді. Бірінші топқа төмен қысымды дайындау әдісі жатады. Бұл әдіспен дайындалған қабықтардың ішінде көптеген кристалдық құрылымдар бар. Екінші топқа жоғары қысымды өндіру технологиялары жатады. Бұл технология арқылы жасалған қабықшалар негізінен изотропты біркелкі құрылымға ие. Соңғы жолмен дайындалған қабықшаларда элементтер тек кристалды ұяшықтардан тұрады және бұл ұяшықтардың орналасуы қысқа, яғни, өте шағын монокристалдық құрылымы бар. Полимерлер ұзын CH топтары болғандықтан (кейбір полимерлер ұзындығы бірнеше миллиметр), олардың қасиеттері ішкі кристалдану дәрежесіне байланысты. Дайын полимер қабықшалардың стандартқа сай екенін және оларды пайдалануға жіберу алдында сараптамалардан өткізу үшін бірнеше зерттеу әдістері қолданылады [2].
Соның ішінде біздің қолданатынымыз – алфа-спектрометриялық әдіс. 1944 ж. Л.Д.Ландау ең алғаш болып заттың жұқа қабаттарындағы энергия шығынының ауытқуының мәнін есептеп тапты. Ол шығынды бөлу функциясын шығарды ең ықтимал ∆Еықт және орташа ∆Еорт энергия шығындарының өрнегін алды. Бұл теорияға сәйкес, белгілі бір қалыңдықтағы орта арқылы өтетін альфа-бөлшек энергиясының таралуының ең ықтимал мәні детекторға ешбір ортадан өтпей тікелей орта арқылы түсетін бөлшектердің энергия таралуының ықтимал мәнінен аз. Ортаның қалыңдығы ұлғайған сайын орын ауыстыру мөлшері де артады. Сонымен қатар, энергияның таралу формасы өзгереді [3].
Әдебиеттер A.Tebartz, S.Bedacht, G.Schaumann and M.Roth. Fabrication and characterization of thin polymer targets for laser-driven ion acceleration. P. 3-4.
A.H. Abildaev, Zavodskaia laboratoria, М: 1981. P. 267. (inruss)
L.D. Landau, O poteriah yenergii bystrymi chastitsami na yionizatsiu, Sobranie trudov, M: Nauka, tom 1, 1969. P. 482. (inruss)