Ж. Баласағұнидың «Құтты білік» шығармасы



Дата07.09.2023
өлшемі28,5 Kb.
#106373
Байланысты:
әд 9 сынәдеб


Ж.Баласағұнидың «Құтты білік» шығармасы.

Жүсіп Баласағұн шамамен 1015-1017 жылдары дүниеге келген. Оның қайтыс болған уақыты және де қанша жыл өмір сүргені туралы ешқандай мәлімет жоқ. Ұлық Хас Хажиб Жүсіп Баласағұни Шығыс Түркістан жерінің мәдени орталықтарының бірі, мұсылман әлемінің Шығыстағы қақпасы болған Баласағұн қаласында туылып, сонда өмір сүрген. Оның ең құнды еңбегі «Құтты білік» шығармасы болып табылады, ол шығарма 1069-1070 жылдары жазылған.

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны – Ислам ахлағы мен діни құндылықтарын насихаттайтын шығарма. Бұл шығармада түрлі қоғамдық топқа жататын адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті адамгершілік, әдептілік мәселелері көтеріледі.

«Құтты білік» - адамгершілік құндылығы жайлы жазылған бірден бір діни философиялық шығарма болып табылады. Ол еңбекте адам өмірінің мәні мен мағынасы талданып, адамның белгілі бір қоғамдағы атқаратын міндеті мен мінез-құлық нормалары жазылады. Бұл шығарманың ең басты идеясы негізгі төрт ұстанымға негізделген:

Бірі оның – шындық жолы, әділет.

Екіншісі – құт пен ырыс, дәулет.


Үшіншісі – Ақыл менен парасат.


Төртіншісі – ұстамдылық, қанағат.

Ж.Баласағұн адам мен Жаратушы арасындағы байланысты Құран кітабы аясында түсіндірді. Мысалы, Алла адамға ақыл, ерік пен таңдау берген. Ақыл мен ерікті бірдей дамыта білген адамға Алланың құты тұрақтайды, сондықтан нағыз мұсылман әрдайым Аллаға құлшылық жасап, одан жол көрсетуін тілеуі қажет. Адам Алланың құты арқылы жақсылыққа жетіп, оның көркем бейнесін көре алады. Жақсы, дұрыс, адамгершілігі мол адам ғана қоғамда сенімді орнығады деп баяндаған.

Ойшыл мұрасында «дүниеқұмарлық, ашкөздік, пендешілік және де жаман істер адамды түрлі пәлекетке ұрындырады, Алланы ұмыттырады. Адамның ең басты үш дұшпаны бар: дүние, тән және шайтан. Алланы аузыңа алсаң, шайтан қашады, дүниеден бас тартсаң, құтыласың, ал тәннен қалай бас тартасың? Өле-өлгенше біргесің. Өліп барып құтыласың. Сондықтан тәннен, яғни оның қажеттілігі мен құмарлығын тежеу арқылы тән дұшпандығынан құтылуға болады» деп түсіндірген. Және де ол: «Алла әр нәрсені мақсатпен жаратқан. Соның ішінде адамды Алла жердегі өзінің орынбасары еткен. Әрбір жаратылғанның өзіндік қызметі бар. Барлық жаратылғандар Жаратушыға ұмтылады, оған қайта оралады. Себебі, әлем Жаратушысымен ғана мәнді. Адам, табиғат, рух, қоғам өзара үйлесімділікпен жаратылған. Сондықтан олардың арасындағы тепе-теңдікті сақтау адам баласының парызы болып табылады» деген. Баласағұн табиғаттың төрт элементін от, су, ауа, топырақты Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли сияқты төрт халифке ұқсатады.

Сонымен қатар, «Құтты білік» шығармасында биліктің тек адамгершілік және имандылықпен санасқанда ғана абыройлы болатынын дәлелдеген және сол жолға апаратыны көрсетілген. Осы «Құтты білік» шығармасы туралы А.Кононов былай дейді: «Өзінің насихаттық уағыздық мәтелдерінде Жүсіп ойдан шығарылмаған, нақты өмірден алынған өмірдің жарқын шынайы бейнелерін берді». 

Қорыта келе, Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегі ислам дінінің бар қағидаларына сай келеді. «Құтадғу білік» шығармасы адамдарды адамгершілікке, әдептілікке және имандылыққа шақырады. Әр адам Баласағұнның бұл шығармасын оқуға міндетті деп білемін.


/

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет