Функционалдық
термині
тіл
білімінде
әртүрлі
қолданылады. Ең алдымен, функционалдық термині тілдік
терминдік жүйеде де, сөйлеу тілінің жүйесінде де қолданылады.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
36
Тілдік терминдер жүйесінде бұл термин «қызмет» мағынасында
қолданылады да, тілдік бірліктің сөйлем ішіндегі атқаратын
қызметін белгілейді, ал сөйлеудің терминдік жүйесінде тілдік
бірлік арқылы берілетін ойдың мәні мен мағынасын анықтайды.
Ғалым Р.Сыздық «функция» сөзінің мағынасы «мақсат»,
«арнау» ұғымдарына саятынын айтып, функционалдық стильді
«мақсаттық стиль» деп атап, оның мәнін ашады: «Ең алдымен,
мақсаттық стиль дегеніміз тек қана тілдік категория (құбылыс)
болып табылады. Екіншіден, ол тілдің әлеуметтік өміріндегі
қарым-қатынастың
бар
саласында
қолданылатын
коммуникативтік қызметіне байланысты болады. Сөйтіп, стиль
дегеніміз тілдің өзіне емес, қолданысына (речьке) қатысты
болғандықтан, ол әлеуметтік сұраныстың мақсатына, оның
ішінде әдебиеттің жанрлық түрлеріне қарай ажыратылуы ғана
емес, жұмсалу түріне (ауызша немесе жазбаша), жұмсалу
сипатына (салтанатты жай), айтылу бояуына (әзіл-сықақпен,
қатаң сынмен) т.т қарай бөлінуі де ескеріледі» [13, 156].
Берілген анықтамадан стиль ұғымы тілдік құбылыс екені
және стиль тілдің әлеуметтік сұранысына қарай белгілі бір өмір
саласында мақсат түріне сай қолданылытыны айқындалады.
«Функция» ұғымы тіл бірлігінің мақсатқа сай қызметін
білдірсе, ал «стиль» ұғымы, ғалымның айтуынша, әлдеқайда кең.
Ол тек шығарманың жанрын ғана емес, тіл бірлігінің жұмсалу
түрін, сипатын, айтылу бояуын да қамтиды. Демек, тіл
бірліктерінің стильдік қолданысын әр қырынан алып
қарастырудың бағыттары тілдің жаңа сапасы мен мүмкіндігін
ашады. Қазақ тіл білімінде функционалдық стиль түрлері жанр
түрінде жан-жақты зерттелді. Бірақ зерттеу нысаны ретінде
стиль түрлерінің қалыптасу кезеңі мен нақтыланған кезеңі
алынып отырды. Ал стиль түрінің дамуы, өсуі, басқа стиль
түрлерінен жігінің ажырау кезеңі зерттеу бағыты бола қоймады.
Жалпы даму процесін, сатыларын зерттеу қажет екені белгілі.
Стиль қоғамның белгілі саласында тілдің мақсатты түрде
қолданылуы болса, стиль түрлерін ажыратушы шарттарды
сырттан, тілден тыс факторлардан анықтау қажет.
Стиль түрінің қалыптасу кезеңінде бірнеше стильге тән
белгілер қабаттасып жүреді. Бірақ негізгі ерекшеліктердің жігі
ажыратылып, даралана бастайды. Оны тіл бірліктерінің
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
37
қолданылу жиілігінен байқауға болады. Ал стильдік белгінің
нақтыланып, тілдік бірліктерінің жүйеленуі уақытты, дамуды
қажет етеді. Сондықтан стильдік белгі нышанының толыққанды
сипатқа ие болуы тиісті саладағы тіл қолданысының артуымен
байланысты. Әрбір стиль түрінің даму қарқыны сыртқы
факторларға, қоғам қажеттілігіне, оның сұранысына тәуелді.
Жалпы тіл жүйесінде қандай стильдердің бар екендігі
туралы сұрақ толығымен әлі шешімін тапқан жоқ. Орыс тіл
білімінде функционалдық стильдердің саралануы жөнінде
пікірлер әртүрлі. Мәселен, В.П.Мурат В.В.Виноградовтың
көзқарасын басшылыққа ала отырып, стильдің ауызекі-әдеби,
газеттік-саяси, ресми-іскери, ғылыми және кәсіби-техникалық,
қарапайым сияқты түрлерін атап өтсе [17, 11], М.Н.Кожина
стильдерді ғылыми, ресми-іскери, публицистикалық, ауызекі
сөйлеу, әдеби деп бөледі [12, 36]. Ал Д.Э.Розенталь
функционалдық стильдерді екі топқа бөледі: кітаби стиль және
ауызекі сөйлеу стилі. Мұнда кітаби стильдің тармақтары ретінде
ғылыми, көркем әдебиет, ресми-іскери, публицистикалық
стильдер қарастырылады [18, 26].
Қазақ ғалымдарының да функционалдық стильдерді
топтастыруда пікірлері біртекті еместігін байқауға болады.
Мәселен,
М.Балақаев,
Е.Жанпейісов,
М.Томанов,
Б.Манасбаевтардың авторлығымен шыққан «Қазақ тілінің
стилистикасы» атты еңбекте стильдің ауызекі сөйлеу және
кітаби-жазу сияқты екі түрі көрсетіледі. Бұлардың өзі ішінара
бірнеше стиль түріне бөлінеді [1, 9].
Көрнекті қазақ лингвистері М.Балақаев, Р.Сыздық және
Е.Жанпейісов «Қазақ әдеби тілінің тарихы» атты еңбегінде
кейбір стильдердің пайда болуына ХІХ ғасырдың ІІ
жартысындағы әдебиеттік дәстүр негіз болғанын айта кетіп,
1930 жылдардан кейін ресми іс-қағаздар тілінің стилі,
публицистикалық стиль, көркем әдебиет тілінің стилі және
ғылыми-техникалық стильдердің біржола қалыптасқанын айтқан
[19, 15].
Стиль мәселесін зерттеуші ғалымдар В.В.Виноградовтың
стильге берген анықтамасын негізге алады: «Стиль – это
общественно осознанная и функционально обусловленная
внутренне объединенная совокупность приемов употребления,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
38
отбора и сочетания средств речевого общения в сфере того и
иного
общенародного,
общенационального
языка,
соотносительная с другими такими же способами выражения,
которые служат для иных целей, выполняет иные функции в
речевой общественной практике данного народа» [8, 11].
Берілген анықтамадан шығатын қорытынды – әрбір
функционалдық стиль бір-бірімен өзара тығыз байланысты:
1. Функционалдық стиль ұғымы қоғамдық тұрғыдан
танылған, мойындалған тілдік құралдардың шоғырлануын негіз
ететіндіктен, лингвистикалық әлеуметтануға қатысты;
2. Функционалдық стиль нақты мақсатқа қызмет етеді;
3. Стиль үшін арнаулы тілдік құралдар іріктеліп, таңдалып
алынады;
4. Белгілі бір стильдің ерекшеліктерін басқа тармақтармен
салыстыру немесе қарама-қарсы қою арқылы анықтауға болады.
Осы орайда көрнекті ғалым Р. Сыздықтың функционалдық
стильге берген анықтамасын көрсете кеткен жөн: «Тілдің
функционалдық стилі дегеніміз – әдебиеттің белгілі бір жанрына
немесе әлеуметтік іс-әрекеттің белгілі бір саласына (мысалы,
ресми стиль, кеңсе стилі, телеграф стилі деген сияқты), я
болмаса қоғам тіршілігіндегі белгілі бір ситуацияға (мысалы,
салтанатты стиль, сыпайы стиль т.б.) сәйкестендіріліп
қалыптасқан
тұлға-тәсілдер
жүйесі,
семантикасы
мен
экспрессиясы жағынан біршама тұйықталған (әр стильге
іріктелген) тілдік құралдар тобы» [19, 24].
Ғалымның ойынша, тілдің функционалдық стильдері, ең
алдымен, оның әдебиет жанрына қарай ажыратылған тарамдары.
Сондай-ақ Р.Сыздық қазақ тілінің осы күнгі стильдік
тарамдалуының басы ХІХ ғасырдың ІІ жартысына тура келетінін
атап, көркем әдебиет стилі, публицистикалық стиль, жартылай
ғылыми стиль, ресми-іс қағаз стилі және эпистоляр стильдерін
көрсетеді [20, 23].
С.Исаев стиль жөнінде: « ... стиль ең алдымен қолданылуда
өзіндік ерекшеліктері бар тілдік элементтер жүйесі немесе әдеби
тілдің өзіндік сөздік құрамы, грамматикалық тұлғалары бар
сараланған бір бөлігі. Стиль әдеби тілдің даму барысында
қалыптасады», – деп ой қорытады [21, 67].
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
39
Көптеген зерттеушілер стиль деп тілдің құрылымдық-
функционалдық варианттарын атайды. Демек, белгілі бір адам
әрекеті саласының түріне қарай тіл бірліктерінің қалыптасқан
қолданысы болады. Олардың таңдалуы мен жүйеленуі белгілі
бір заңдылықтарға бағынады. Жүйелі және тұрақты түрдегі
қолданысы стиль түрін қалыптастырады.
Функционалдық стильдің жекелеген тармақтарының дамуы
тілдің ішкі заңдылықтарымен қатар, тілден тыс факторларға да
тікелей байланысты. Яғни қарым-қатынастың жеке-жеке
салаларында пайдаланылатын тілдік құралдардың арасындағы
жүйелі, тұрақты сипаты мен айырмашылықтарын қоғамда
болатын әлеуметтік-саяси, мәдени-қоғамдық өзгерістермен
сабақтастықта алып, қадағалап отыру қажет. Өйткені тілдік
құралдардың мақсатты стильдік ішкі тармақтарға саралануы
коммуникативтік қызмет аяларының дифференциялануымен
тығыз байланысты. Ал тілдің коммуникативтік қызметі
қоғамдық өзгерістерге тәуелді болады.
Орыс
тіл
білімінде
функционалдық
стильге
тән
ерекшеліктерді анықтаудың екі түрлі әдісі қалыптасқан.
М.Н.Кожина әр стильді сөйлеу (речь) түрі ретінде алып, ондағы
грамматикалық
категориялардың
кездесу
жиіліктерін
анықтаудың қажеттігін айтады. Ғалым: «Егер де фукционалдық
стильдердің ерекшеліктерін зерттеу мәселесі «сапалық әдістер»
арқылы жүзеге асса, стильдердің сөйлеу құрылымын зерттеу
үшін статистикалық әдістерге жүгінуге тура келеді» дейді
[12, 8].
Жеке
стильге
тән
ерекшелікті
анықтауда
экстралингвистикалық факторлар міндетті түрде есепке
алынады. Олар тілдік бірліктердің қолданылу сипатын түсініп,
дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.
Тіл
бірліктерінің
қолданылу
жиілігі
мен
экстралингвистикалық
факторларды
өзара
байланыста
қарастыру арқылы стильдік ерекшеліктерді сипаты мен
формасына қарай жекелеген категорияларға топтастыруға
болады.
Бірақ
автор-публицист
қоғамдық
сананы
қалыптастырушы, оған ықпал етуші жеке тұлға ретінде әр
мәселеге өз бағасын беріп, өз ұстанымын анықтайтынын
ескерсек, ол жалпыға бірдей белгілі тәсілдерді қолданумен
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
40
қатар, өз қолтаңбасын да қалдырады. Бұл қолтаңба жекелеген
сөздердің қолданысынан немесе сөз саптаудан көрінеді.
Сондықтан стильдік категориялардың сапасы, мазмұны авторға
тәуелді өзгеріп, жаңаша реңк алуы да мүмкін.
Стилистикада ең күрделі мәселелердің қатарына стильдік
белгілерді анықтау жатады. Әсіресе жеке стиль түріне тән
ерекшеліктерді
анықтау,
оларды
экстралингвистикалық
факторлармен байланыстырып, тілдік бірліктермен берілуін
айқындау көп қиындықтар туғызады. Бір стильде бірнеше стиль
белгілері кездесіп жатады.
Стильдік белгілер функционалдық стиль түрін тілдік
тұрғыдан толық сипаттап шығуға мүмкіндік береді. Зерттеу
жұмыстарында «стильдік қызмет», «стильдік мән» деген
терминдер жиі қолданылады. «Стильдік қызмет» деп белгілі тіл
бірлігінің эмоционалды-экспрессивтік бояуды қалыптастыруы,
ал «стильдік мән» деп көп жағдайда сөздің синтаксистік шартты
мағынасы алынады. Бұл анықтамалар жоғарыда аталған стильдік
белгілерді ескеріп те, ескермей де жасалуы мүмкін. «Стильдік
мән», «Стильдік қызмет» тіл бірлігінің мақсатты қолданысынан
туындап, мәтін құрастыруға, белгілі бір коммуникативті
мақсатты жеткізуге қызмет етеді.
Дискурс теориясының концептуалды-терминологиялық
құрамына «дискурс және оның типтері», «мәтін және оның
типтері», «жанр» ұғымдары енеді. Сонымен қатар мұнда «мәтін
типі»,
«сөйлеу
жанры»
терминдері
синоним
ретінде
қолданылып, дискурстың бір-бірінен айырмашылығы бар
объектілердің (мәтін типтері, жанрлар) жиынтығы екені
дәлелденді.
«Жанр» ұғымы мәтіннің әртүрлі типтері мен дискурсты
функционалдық-стилистикалық тұрғыдан зерттеу нәтижесінде
жаңа сипатқа ие бола бастады. «Жанрға» анықтама берудің
қиындығы, бір жағынан, бұл терминнің осы уақытқа дейін
әдебиеттануда қолданылғанымен байланысты болса, екінші
жағынан, лингвистикаға осыдан 20 жыл бұрын жаңа «жанр»
ұғымының енуімен (мұнда бұл термин «мәтін типі» ұғымымен
тығыз байланысты) байланысты болды.
Кез келген жаңа бағыттағыдай мұнда да «жанрды»
зерттеушілерге
мәтінді
формальды
зерттеген
дәстүрлі
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
41
лингвистер қарсы тұрды. Мұндай қарсылық «стильдер» немесе
«регистрлердің» «жанр» ұғымына енетін аспектілерден
тұратынымен түсіндірілді. Сонымен қоса жеке мәтінге және оны
«түзушілер» мен «қолданушыларға», мәтінді қолданатын қоғам
рөліне, осы мәтіннің коммуникативтік мақсатына жетуге деген
қызығушылық «жанрға» арналған зерттеу жұмыстарын көбейтті.
Әрбір функционалдық стиль өзінің жанрларының жүйесі
арқылы жүзеге асады. Жанр функционалдық стильдің жалпы
белгілерінің қатарында бола тұра, белгілі бір ақпаратты беруде
жекелік белгілерге де ие болады. Жанр ұғымы әртекті
құбылысқа жататындықтан, жанрлық түрлерге бөлінуге жақын
тұрады.
В.Л.Наердің көрсетуінше, функционалдық стильдер – жанр
деңгейінде
болатын
дифференциациялы
инвариантты
жүйелер.Ол: «... алайда стиль ішіндегі жазбаша немесе ауызша
түрде көрінетін кез келген дифференциация оларға тән ортақ
қызметті (стиль қызметін) сақтап қала алады» дегенді айтады
[22, 8].
Шетел тіл білімінде «жанр» ұғымын Дж.Свейлс,
М.Халлидей, Дж.Мартин және т.б. зерттеген. Алғашқы кездері
«жанр» және «регистр» («стиль») бірге қарастырылса, кейіннен
бұл екі терминнің бір еместігін дәлелдейтін жұмыстар жазыла
бастады. Дж.Мартин жанрлардың регистр арқылы, ал
регистрлердің тіл арқылы бөлініп шығатынын айтқан. Ғалым
жанрдың регистр негізінде жатқан жүйе екендігін екі себеппен
түсіндіреді: «Бірінші себеп: жанр регистрдің field (мәтіннің
тәжірибелік аясы), tenor (интерактанттардың әлеуметтік қарым-
қатынасы) және mode (презентация арнасы) сияқты өлшемдері
арқылы айқындалады. Екінші себеп: жанр вербалды құралдар
арқылы әлеуметтік мәселелерді жеткізу жүйесі ретінде дискурс
құрылымын талдауға себепші болады». Шетел авторларының
еңбектерінен шығатын қорытынды:
1. Жанр аяқталған мәтін деңгейінде қарастырылады;
2. Жанр
нақты
анықталған
мақсаттары
бар
коммуникативтік оқиғамен тығыз байланысты;
3. Жанрдың өзінің нақты құрылымы болады;
4. Жанр
«стиль»
мен
«регистр»
ұғымдарынан
ерекшеленеді.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
42
Осыдан келіп «регистр» мен «функционалдық стиль»
ұғымдарының арасында параллель өткізуге болатынын көреміз.
Қазіргі қазақ тіл ғылымында өріс алып отырған жаңа
ғылыми бағыттарға сәйкес тың тұрғыдан зерттеуді талап ететін
мәселелердің бірі – қазақ әдеби тілі функционалдық
стильдерінің ішкі жүйесі, ішкі подстильдік тармақтарға
топтастырылуы.
Қазақ лингвистикасында қоғамның әлеуметтік қажеттілігіне
қарай қарым-қатынас жасау функциясы, хабарлау, ақпаратты
жеткізу функциясы және әсер ету функциясы бойынша тілдік
құралдардың стильдік тармақтарға бөлінуіне В.Виноградовтың
тілші ғалымдарға жақсы таныс «При выделении таких
важнейших общественных функций языка, как общение,
сообщение и воздействие, могли бы быть в общем плане
структуры языка разграничены такие стили: обиходно-бытовой
стиль (функция общения); обиходно-деловой, официально-
документальный
и
научный
(функция
сообщения);
публицистический и художественно-беллетрический (функция
воздействия)» [8, 12] деген анықтамасы негіз болғандығы
белгілі.
Қазақ тілші ғалымдары В.Виноградовтың және басқа да
стилистиканы зерттеген орыс ғалымдары айтқан пікірлердің
ізімен жүріп, стильдік тармақтардың атауларын да, түрлерін де
дәстүрлі қалыпта сақтап қалды. Дәстүрлі түрде қалыптасқан
жіктемелердің ішінде нақты түрде аталатыны ғылыми стиль
және оның ішінде подстилі ретінде аталатыны ғылыми-көпшілік
стиль болса, бұларды талдап зерттеу мәселесі де, олардың
жағдайы да орыс тіл білімінен алынған көзқарас деңгейінде
қалып қойды. Нақты айтқанда, қазіргі кезде функционалдық
стильдер қатарында ғылыми стиль және ғылыми-көпшілік стиль
деген ұғымдар бар, ал олардың басты белгілері классикалық
қағидаларда қалып қойды. Ғылыми-көпшілік стиль туралы
айтылғанда, оның нақты тілдік-стильдік белгілерін анықтап алу
қажет болғанда, біздің табатынымыз – академик Р.Сыздықтың
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы ғылыми әдебиеттің алғаш
қалыптаса бастаған кезіндегі нұсқалардың тілі жөнінде айтқан
түйіндері ғана. Шындығына келгенде, қазіргі кезде, ғылыми-
көпшілік мазмұнда жазылатын ғылыми мәтіннің көлемі көп. Ал
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
43
олардың қандай тілдік ерекшелігі бар екендігі әлі де анықталмай
отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |