3-тапсырма: Төмендегі берілген мәтіннен орынсыз қайталанып келетін
сөздердің қолданысына стилистикалық талдау жасаңыз.
«Сонымен Сұлтанмахмұттың лирикасы поэма сияқты ұзақ болып, поэмасы лирикалық болып, лирикасы мен поэмасының арасы жақын жатады. Яғни, Сұлтанмахмұттың өлеңдері әлеуметтік лирика болып, сондықтан да көлемді, ұзақ болып келсе, поэмалары сюжетсіз болып, бірақ лирикалы болып, әлеуметтік лирикалы болып келеді» (Ғ.Мүсіреповтің «Әдебиет тілі жайында» деген мақаласындағы талдауы). 2. Тілдік құралдардың стилистикалық мағынасы мен бояуын анықтау Сұрақнама:
1. Тілдік құралдардың стилистикалық мағынасы мен бояуы дегенді қалай түсінесіз? Стилистикалық коннотацияға анықтама беріңіз. 2. Стилистикалық синонимдер дегеніміз не? 3. Тілдің бейнелеу-мәнерлеу құралдарының әрқайсысына (троптар, стилистикалық фигуралар) сипаттама беріңіздер. 1-тапсырма: Төменде қарамен берілген тілдік бірліктердің стильдік
қызметіне талдау жасаңыздар.
Міне, осы атмосфералық қысым қалай анықталды екен, енді соған келейік. Жоғары көтерілген сайын Торичелли қуысы өсе береді, мұның себебі, атмосфералық қысымның азая Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
94
беруінде. Мәселен, сүңгуір қайықтың су астында, кемелердің теңіз беттерінде жүзіп жүруі, снарядтардың, самолеттердің әуеде ұшуы қатты денелердің сұйық зат ішіндегі қозғалысына мысалдар бола алады. Бұлардың құрылыстары және жобаланулары математикалық әдісті, былайша айтқанда, дифференциалдық теңдеулер теориясын қолдануды талап етеді. Айталық, динамикалық система үш денеден тұратын болсын, және олардың біреуі мардымсыз кішкентай болсы. Атап айтқанда, орнықтылық теориясын физика мәселелерінде Л.И. Мандельштам өзінің еңбектерінде тербелістер теориясын зерттеуге қолданды. Оның шешуі былай: 1) Жердің өзіне тарту өрісі жазық параллель және 2) аэродинамикалық күштер атмосфераның жоғарғы қабатындағы ауаның кедергі күштері жоқ деген ұйғарулар (болжаулар) жасау керек.