Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет55/56
Дата03.12.2023
өлшемі1,31 Mb.
#134074
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
Kazak tili stilistika

ІІІ нұсқа 
 
1. Ғылыми мәтіннің синтаксистік құрылысына тән ерекшеліктер:
A) Тақырып пен мәтін арасындағы үзіліс, сөйлемдегі сөздердің 
жігі анық белгіленеді 
B) Ой күрделі беріліп, анықтамалар мен дәлелдемелерге 
негізделеді 
C) Ой құрастыруға, сөйлем құрауға негіз болған сөздер 
сөйлемнің дербес мүшелері қызметін атқарады 
D) Сөздерге сөйлемде түрлі мағына үстеу үшін грамматикалық 
қызметте қолданылатын көмекші сөздер жиі қолданылады 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


129 
E) Күрделі құрылған сөйлемнің сөздері бір лексикалық 
мағынаны білдіріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметінде 
қолданылады
2. Термин емес сөз дегеніміз не? 
A) Деректі заттардың атауы 
B) Дерексіз заттардың атауы 
C) Бір тектес заттардың ортақ атауы 
D) Жалпы қолданыстағы бейтарап сөз 
E) Жанды және жансыз заттардың атаулары 
3. Стилистика нені зерттейді? 
A) Әдеби тілдің ғылымға қызмет ететін саласын 
B) Табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын 
C) Қоғамның сан саласындағы тілдің қолданыс қызметінің 
ерекшелігін 
D) Бір сөзден немесе грамматикалық байланысқа түскен бірнеше 
сөздердің тіркестерінен жасалған сөйлемді 
E) Сөйлемдегі сөздердің тіркесу тәсілдері мен түрлерін 
4. Ғылым тілінің және терминологияның «орыстану» 
(«ұлтсыздану») кезеңі: 
A) ХХ ғасырдың бас кезі 
B) ХХ ғасырдың аяғы 
C) ХХ ғасырдың 30-90 жылдары 
D) ХХ ғасырдың екінші жартысы 
E) Қазіргі кезең 
***** 
5. Қазіргі қазақ тіліндегі терминологиялық лексиканың жасалу 
принциптері: 
A) Қазақтың байырғы сөздеріне терминдік сипат беру 
B) Түбірі бір түркі тілдерінің сөз қазынасын пайдалану
C) Халықаралық терминдердің аударуға келмейтінін қазақ 
тілінің ерекшеліктеріне үйлестіре қабылдау 
D) Жоғарыда аталған ұстанымдардың барлығы
E) Орыс тілі арқылы енген халықаралық терминдерді сол 
күйінде қабылдау 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


130 
6. Тіл біліміндегі «клише», «штамп», «стандарт», «шаблон» 
сияқты стереотипті бірліктер көбіне қай стильде кездеседі? 
A) көркем әдебиет стилі 
B) ресми-іскери стиль 
C) ауызекі сөйлеу стилі 
D) публицистикалық стиль 
E) ғылыми стиль 
7. Тіл біліміндегі «штамп» дегеніміз не? 
A) Кез келген сөйлеудегі қажетті заңды компонент; 
B) дайын күйінде қолданылатын тіл бірлігінің шектен тыс, 
орынсыз, ретсіз, ойсыз, талғамсыз қолданылуынан, тіл мәнерін 
бұзушы ретінде жағымсыз бағаланатын құбылыс; 
C) белгілі бір бөлігі алдын ала дайындалып, қағаздың тек бос 
жері ғана толтырылатын, бланк түрінде болып келетін құжат 
түрі; 
D) қандай да бір құбылыстың адам санасында бірыңғайланып, 
дайын күйінде меңгерілетін үйреншікті, дағдыға айналған 
белгісі; 
E) тек ресми стильде жазылатын мәтін түрі; 
8. Ғылыми стильге тән стереотипті бірлікті көрсетіңіз: 
A) денсаулығыма байланысты; 
B) отбасы жағдайыма байланысты; 
C) штаттағы кесте бойынша; 
D) Сәлем! 
E) Зерттеу жұмысының тақырыбы ... болып табылады; 
9. Ауызекі сөйлеу стиліне тән стереотипті бірлікті көрсетіңіз: 
A) сынақ мерзімімен қабылдансын;
B) денсаулығыма байланысты; 
C) Сәлем, қал қалай? 
D) штаттағы кесте бойынша; 
E) белгілі ғалым 
10. Ресми-іскери стильге тән сөйлем клишелерін табыңыз: 
A) белгіленген жалақы көлемінде қабылдансын; 
B) менің қалым жақсы; 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


131 
C) негізгі міндеті...
D) жоғарыда айтқанымыздай:
E) ... болып табылады;
11. Ғылыми стильде жазылған сөйлемді табыңыз:
A) Қантқа тәтті дәм беретін химиялық элемент – сахароза;
B) Қарсымын;
C) Мақұлдаймын;
D) Қолхат үш дана етіп жасалады;
E) Бекітемін;
12. «Ақпараттар ағыны», «жүзеге асыру», «тіл мәртебесі»
сияқты тілдік бірліктер қай стильге тән? 
A) публицистикалық стиль
B) ғылыми стиль
C) ауызекі сөйлеу стилі
D) ресми стиль
E) көркем әдебиет
13. Публицистикалық стильдің негізгі екі қызметін атаңыз:
A) ақпаратты жеткізу, әсер ету;
B) ғылыми мәлімет беру, көпшілікпен сұхбат құру;
C) заң жобаларымен таныстыру, әсер ету;
D) ғылыми-техникалық мәлімет беру, әсер ету;
E) әсер ету, мақала жазу;
14. Ғылыми стильдің жанрларын көрсетіңіз:
A) көркем шығарма, монография
B) мақала, реферат, ертегі, эссе
C) очерк, әңгіме, диссертация, реферат
D) реферат, диссертация, монография, мақала, рецензия
E) реферат, диссертация, ғылыми мақала, әңгіме, очерк
15. Ғылыми стильге жатпайтын жанрды көрсетіңіз:
A) әңгіме
B) реферат
C) диссертация
D) монография
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


132 
E) энциклопедия 
 
16. 
Жоғарыда айтқанымыздай, мақала басында, ойымызды 
жалғастырайық 
сияқты тілдік бірліктер қай стильге тән? 
A) ғылыми стиль 
B) публицистикалық стиль 
C) ауызекі сөйлеу стилі 
D) ресми стиль 
E) көркем әдебиет стилі 
17. «Көсемсөздер лексикасы», «элита лексикасы» сияқты
қабаттар қай стильде кездеседі?
A) публицистикалық стиль 
B) ғылыми стиль 
C) ресми стиль 
D) көркем әдебиет стилі 
E) ауызекі сөйлеу стилі 
 
18. 
Қымбатты әріптестер!
клишесі қай стильге тән? 
A) көркем әдебиет стилі 
B) ғылыми стиль 
C) ресми стиль 
D) публицистикалық стиль 
E) ауызекі сөйлеу стилі 
19. Құжат мәтіндері қай стильде жазылады? 
A) көркем әдебиет стилінде 
B) ғылыми-көпшілік стильде 
C) ресми стильде 
D) эпистолярлық стильде 
E) ситуациялық стилде 
20. Ресми стильге тән шылаулы клишені табыңыз: 
A) хаттама жүргізу, ұсыныс енгізу 
B) рұқсат етуіңізді өтінемін, көмек беруіңізді өтінемін 
C) келісім-шарт жасау, баяндама жасау 
D) виза қою, бұрыштама соғу 
E) бұйрық бойынша, шешім бойынша
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


133 
21. Ресми стильге тән бұйрық райлы етістікті клишені табыңыз:
A) қатаң қадағалансын, атағы берілсін
B) рұқсат етуіңізді өтінемін
C) виза қою, бұрыштама соғу
D) құқық беру
E) материалдық көмек беру
22. Ресми әдеп клишелерін көрсетіңіз:
A) Бұйырамын!
B) Қаулы қабылданды
C) Қадірлі ханымдар мен мырзалар!
D) жеке еңбек келісімі
E) штаттық кесте
23. Терминдер, терминдік атаулар көбіне қай стильде кездеседі?
A) публицистикалық стиль
B) ғылыми стиль
C) ресми стиль
D) көркем әдебиет стилі
E) ауызекі сөйлеу стилі
24.
Публицистикалық стильдің подстилін (шағын стилін)
атаңыз: 
A) кітаби стиль
B) ғылыми-көпшілік стиль
C) бірыңғай ғылыми стиль
D) таза публицистикалық шағын стиль
E) ғылыми-ақпараттық стиль
25.
Эмотивті-экспрессивті лексика стильдің қай түрінде
қолданылады? 
A) публицистикалық стильде, ғылыми стильде
B) ғылыми стильде, ресми стильде
C) ресми стильде, көркем әдебиет стилінде
D) көркем әдебиет стилінде, ауызекі сөйлеу стилінде
E) стильде барлық түрлерінде қолданылады
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


134 
26. Өтіну, тілек білдіру мағынасындағы ресми стильге тән 
етістікті клишелерді көрсетіңіз: 
A) қатаң қадағалансын, атағы берілсін 
B) рұқсат етуіңізді өтінемін, орын беруіңізді сұраймын;
C) виза қою, бұрыштама соғу 
D) құқық беру 
E) қаулы қабылданды 
27. Есімді клишені көрсетіңіз: 
A) атақ берілсін 
B) кезектен тыс мәжіліс 
C) виза қою 
D) құқық беру 
E) қаулы қабылау 
 
28
. Ерте, ерте, ертеде...
стереотипі қай стильге тән? 
A) публицистикалық стиль 
B) ғылыми стиль 
C) ресми стиль 
D) көркем әдебиет стилі 
E) ауызекі сөйлеу стилі 
 
29.
 Бір байдың ай десе аузы, күн десе көзі бар қызы болыпты ...
стереотипі қай стильге тән? 
A) көркем әдебиет стилі 
B) ғылыми стиль 
C) ресми стиль 
D) публицистикалық стиль 
E) ауызекі сөйлеу стилі 
 
30.
 Аса қымбатты ... мырза!
клишесі қай стильге тән? 
A) көркем әдебиет стилі 
B) ғылыми стиль 
C) ресми стиль 
D) публицистикалық стиль 
E) ауызекі сөйлеу стилі 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


135 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет