Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет22/56
Дата03.12.2023
өлшемі1,31 Mb.
#134074
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56
Байланысты:
Kazak tili stilistika

Ресми 
құжаттарды
белгілі бір ережелер (стандарттар) бойынша 
ұйымдар немесе лауазымды тұлғалар жасайды. Ресми 
құжаттарға адамның жеке басы мен құқықтарын куәландыратын 
құжаттарды, сондай-ақ биографиялық сипаттағы деректері бар 
құжаттарды да (төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


57 
т.б.) жатқызады. 
Жеке құжаттарды
адамдар өздерінің 
қызметтік міндеттеріне қатыссыз жасайды.
Құжаттар 
жасалу орнына
қарай: с
ыртқы
– мекеме алған 
(
келіп түскен
) немесе олар басқа жаққа жіберген (
жіберілетін

және і
шкі
– осы мекемеде жасалған және оның ішінде 
қолданылатын құжаттар болып бөлінеді. 
Атауы бойынша
басқару құжаттары көптеген түрге 
бөлінеді, мысалы, 
актілер, сауалдамалар, ведомостер, 
хаттамалар, нұсқаулықтар, есептер, бұйрықтар
және т.б.
Ресми стильдің іс қағаздарынан көлемі, мазмұны және 
жазылу формасы жағынан ерекшеліктері бар. Ресми қағаз белгілі 
бір қалыпқа (штампқа) түсіріліп, өзіндік сөз қолданысымен 
ерекшеленеді. Оған заң, қаулы, жарлық, үкім, мұражай 
құжаттары, халықаралық шарт, нота, үкімет хабарлары жатады.
Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай 
сөздері мен сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздары, көбінесе, сол 
үлгі бойынша жазылады. Іс қағаздары мен ресми стильдің өзара 
ұқсастықтары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың 
ұқсастықтары екеуінің де қалыптасқан белгілі бір формада 
жазылатындығы және ресми құжаттар болып есептелетіндігі.
Ерекшеліктері: 1) іс қағаздарының көлемі, негізінен, қысқа 
да шағын, ресми стильдегі саяси-публицистикалық лексика мен 
әкімшілік терминдердің қолданылуы басым, 2) ресми стильмен 
салыстырғанда іс қағаздары стилінде экспрессивті-эмоционалды 
және образды мәндегі сөздер өте сирек пайдаланылады, 
қолданылмайды деуге болады. Ондай сөздер құттықтаулар мен 
үндеулерде кездеседі.
Грамматикалық ерекшеліктер тұрғысынан алғанда да ресми 
стильде 
сөйлемнің 
баяндауышы 
тұжырымдылық 
пен 
нақтылықты білдіру үшін, көбінесе, ырықсыз етістік 
формасында тұрады:
 
орындалсын, өткізілсін, жеткізілсін, 
арттырылсын, міндеттелсін, т.б.
Іс қағаздарын өткен шақ формасында жазу жиі кездеседі: 
берілді, акт жасалды, мәжіліс болды, тапсырылды, жүктелді, 
міндеттелді т.б. Ресми қағаздар, ресми құжаттардың стилі қазақ 
тілінде бұрыннан қалыптасқан стильдік тармақтардың біріне 
жатады, оның ішінде қазақ әдеби тілінде алғаш пайда болған 
стильдік құбылыстардың бірі – кеңсе тілі. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


58 
Іс қағаздары дегеніміз – жеке адамның, ұжымның, 
фирмалардың, мекемелердің атқаратын қызметіне байланысты 
пайда болатын жазбаша (ауызша) қарым-қатынас құралы. 
Іс қағаздарының мынадай түрлері бар: 
1. Әр түрлі мазмұндағы арыздар. 
2. Өмірбаян . 
3. Анықтама, түсінікхат,ақпар, есеп, хабарлау т.б. 
4. Іс жөнінде мәлімет (хат) алысу, келісім жасасу, шешім 
шығару, хабарлау т.б. 
5. Мекемеде өткен мәжілістердің жүрісін, шешімін 
баяндайтын құжат – хаттама. 
6. Бұйрық. Қызметкер жөніндегі мінездеме, ұсыныс т.б. 
Іс жөніндегі қатынас қағаздар бірнеше бөліктен құралады: 
1. Қатынас қағазының жіберілген мерзімі (күні, айы, жылы). 
2. Қатынас қағаз жіберілген мекеменің (фирманың), мекеме 
басшысының аты-жөні. 
3. Қатынас қағазының мазмұны. 
4. Қатынас қағазды жіберуші жөнінде мәлімет және оның 
қолы. 
Қатынас қағаздың композициясына кіретін әр бөлік 
«реквизит» деп аталады. Әр реквизиттің жазылуына, 
пунктуациясына қойылатын талаптар бар. Ол талаптар 
мемлекеттік нұсқауларда айтылған. 
Іс қағаздар стилінің ерекшеліктері: 
1. Мәтін өте жинақы құрылады. 
2. Сөйлемдер, негізінен, номинативті, екі негізді болып 
келеді. 
3. Сөйлемдегі сөздер базистік тәртіпке сай орналасады. 
4. Экспрессивті сөздер қатыспайды. 
5. Мәтін баяндау ретінде келеді. 
Іс қағаздарының басында, соңында қағаздың жіберілу 
мерзімі міндетті түрде цифрмен көрсетіледі. Іс қағазының 
мазмұнына байланысты мазмұнының ішінде келетін сандар 
цифрмен де, әріпті жазумен де көрсетіледі. Бірден онға дейінгі 
сандарды әріпті жазумен таңбалаған дұрыс. 
Ресми стиль, негізінен, жазба тіл арқылы жүзеге 
асатындықтан, зерттеушілер оның негізгі тілдік ерекшеліктеріне: 
- тілдік құралдарды қысқа қолдану; 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


59 
- материалдың стандарт түрде орналасуы; 
- терминдер мен номенклатуралық ұғымдардың мол 
жұмсалуы; 
- баяндаудың жүйелі сипаты; 
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі; 

эмоционалдық-экспрессивтік 
мәні 
бар 
сөздердің 
мүмкіндігінше аз қолданылатындығы; 
- индивидуалдық стильдің әлсіздігін жатқызады. 
Ресми стильдің құрамында үш шағын стиль болады: 
- таза заң шағын ресми стилі; 
- әкімшілік-кеңсе шағын ресми стилі; 
- дипломатиялық шағын ресми стилі. 
Ресми стильдің ауызша және жазбаша түрлері болады. 
Ауызша түрлеріне әр алуан құрылтайларда, конференцияларда, 
семинарларда жасалатын баяндамалар мен жарыссөздер жатады, 
бірақ ресми стиль түгелдей дерлік жазбаша түрде көрініс береді. 
Ауызша сөйленген түрлерінің өзі алдын ала неше түрлі 
редакциялаудан, өңдеуден өтеді. Демек, таза мағынадағы 
ауызекі сөйлеу стилінен мүлдем басқаша сипат алады. 
Ресми стиль екі түрлі тіл қызметін атқарады: бірі – 
информативтік (ақпарат беру), екіншісі – волюнтативтік (іске 
итермелеу) қызмет. Кейде оның екі қызметі жарыса жүреді. 
Ресми стильдегі сөз, сөздің дыбысталуына қоршаған орта 
адресанттың бойынан жинақылықты талап етеді, сондықтан 
дауыс тоны әдеттегі сөйлеу жағдаятынан өзінің ресми стильдік 
тонға ауысуын талап етеді. Әр стильде қоғамдық қарым-қатынас 
аясында дыбыс күші, қарқын, әуен өзгеріп отырады. Ресми 
стильде адамның психологиялық жай-күйі, өзін-өзі ұстауы, 
эмоциясының тұрақтылығы, салқынқандылығы, материалды 
толық меңгеруі, мәдениетті сөйлеу техникасын игеруі стильдік 
фонға ие болады әрі сенімділік пен тұрақты мақсатқа арналады, 
стилистикалық 
тапсырма 
орындалып 
отырады. 
Кейбір 
жағдайларда ресми стильдегі хабарламалар, салтанатты 
құттықтаулар тез, жылдам оқылатындықтан, сөздің дыбыс әуені 
бұзылады. Сондықтан ресми стильдегі мәтіннің құқықтық-
стильдік мән-мағынасы басым тұрады. 
 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


60 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет