I тарау. Стапдарттау 47
қана стандарттарға келтірілсе «Осы стандартта келесі
стандарттарға сілтемелер пайдаланылған».
8. Анықтамалар. Анықтамалар элементінде стандартта
пайдаланылатын терминдерді белгілеу жэне тағайындау үшін
қажетті анықтамалар бар. Стандартта әрекет етуші заңнамалық
актілер, стандарттар жэне басқа техникалық регламенттерде кел-
тірілген терминдер мен анықтамаларды пайдалану қажеттілігі
болса, терминге берген анықтама соңында жақшаның ішінде оны
тағайындаған стандарт көрсетіледі.
9. Белгіленулер жэне қысқартулар. «Белгіленулер жэне
қысқартулар» элементінде осы стандарт пайдаланылған бел-
гіленулер жэне қысқартулар тізімі беріледі. Белгіленулер мен
қысқартуларды стандарт мәтінінде келтірілген ретімен, қажетті
түсініктеме жэне мағынасын ашып көрсетеді. Талаптар. Стан-
дарттау объектілеріне қойылатын талаптар, олардың арнайыла-
нуына байланысты, бір-біріне қайшы келмейтін негізгі стандарттар
түрлерінде тағайындалады: өнім және көрсетілетін қызмет стан-
дартында, негіз қалаушы стандартта, бақылау әдісі стандартында,
процестер стандартында.
10. Қосымшалар. Стандарт ережелерін толықтыра түсетін
материалдарды қосымша арқылы беруге болады. Мұндай
қосымшаларға, мысалы, графикалық материал, үлкен формат-
ты кестелер, есептеулер, аппараттар мен қүралдардың сипат-
тамалары, электрондық есептегіш машиналарда шығарылған
алгоритмдердің сипаттамалары мен есептердің бағдарламалары,
экономикалық іс-эрекет түрлері бойынша өнім кодтары, азықтық
және энергетикалық бағалығы туралы деректер жэне т.б.
11. Библиографиялық деректер. Библиографикалық дерек-
терде болуы қажет:
1 Стандартты тіркеуші орган беретін ӘОС белгіленуі;
2 Стандарттардың мемлекетаралық жіктеуіші бойынша
коды (МК( ИСО/ИНФКО 1-96);
3 Мемлекеттік стандарттар жіктеуіші бойынша коды ( МСК);
4 Өнім, процес, қызмет стандарттарының жалпы жіктеуіші
ОКП жэне экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуіші
(ЭҚТӨЖ) бойынша коды,
48 Стандарттау, сертификаттпу жэне метрология негһдері
5
Негізгі сөздер. Негізгі сөздер катарында стандарттау объ-
ектісін бір жақты сипаттайтын, қүжатты жіктеуіштерден, каталог-
тардан, нүсқаулықтардан, базалар мен деректер банкінен іздеуді
жеңілдететін негізгі сөздер көрсетіледі.
Стандарттарды баяндауга қойылатын талаптар
1 Стандарт мәтініне қойылатын талаптар
Стандарттың ерекшеліктері мен мазмұнына карай талаптар
мәтін, кесте, графикалық материал түрінде баяндалады. Стандарт
мэтіні стандартты қолдану саласына сәйкес қолдануға қажетті
жэне жеткілікті, қысқа, дэл, әртүрлі түсініктерге мүмкіндік бер-
мейтін, логикалық түрғыдан бірізді болуы қажет. Стандартқа объ-
ективті әдіспен тексеруге болатын сипаттамалар жэне талаптарды
гана енгізу қажет.
Стандартта әрекет ету ші заңнамал ық актілер және стандарттар-
мен тағайындалған терминдер, анықтамалар, белгілеулер жэне
қысқартуларды қолданған жөн. Егер стандартта қабылданған тер
миндер, анықтамалар, белгілеулер жэне қысқартулар басқа стан-
дарттармен тағайындалмаса, немесе бүл терминдердің бекітілген
тэртіппен жаңа анықтамалары қабылданған болса, онда оларды
стандарттың «Анықтамалар», «Белгіленулер» жэне қысқартулар
құрылымдық элементерінде ресми ақпарат көздеріне (бар болтан
жагдайларда) сілтемелермен беріледі.
Стандарт мэтінінде міндетті талаптарды баяндауда «тиіс»,
«керек», «қажет», «үшін талап етіледі», «тек рүқсат етіледі», «бол-
майды», «рұқсат етілмейді», «тиіс емес» сөздерді қолданган жөн.
Үсынылганга жататын басқа талаптар мен ережелерді баяндауда
«болуы мүмкін», «әдетте», «қажет болса», «болады», «мүмкін болса»,
«рұқсат етілуі мүмкін», «ұсынылады» және т.б. сөздерді қолданған
жөн. Бүл жағдайда стандарт мэтінінде хабарлап айту түрін қолдануга
болады, мысалы «қолданады», «көрсетеді» және т.с.с.
Шаманың ең үлкен және ең кіші мэнін келтіргенде «үлкен (кем)
болмауы керек» сөз тіркесін қолдану керек. Стандартта көрсетілген
нормалар мен талаптарда рүқсат етілген ауытқулар мэнін келтірген-
де «үлкен (кем) болмауга тиіс» сөз тіркесін колданады.
Мысалы
1) Кальцийленген техникалық содадагы көміртекті патрийдің
массалық үлесі 99.4%-дан кем болмауы тиіс.
|