Ж. Ж. Аканова А. М. Касенова стандарттау



Pdf көрінісі
бет60/183
Дата07.02.2023
өлшемі10,03 Mb.
#66012
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   183
Байланысты:
сис

тарау. Стандарттау 85
жөнінде дайындықжұмыстарыбасталды. 2007 жылдыңб қазанында 
Кеден Одағын қалыптастырудың 2008-2010 жылдарға арналған іс- 
қимыл жоспары бекітілді. 2009 жылдың 9 маусымында бірыңғай 
кедендік аумақ құрудың кезеңдері мен мерзімі мақүлданды. Осы 
шешім бойынша Кеден Одағының әрекет етуі 2010 жылдың 1 
қаңтарынан басталып, одақтың толыққанды жұмысын жолға 
түсіретін барлық қажетті үдерістер 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін 
аяқталуы тиіс деп белгіленді. Беларусь Республикасы, Қазақстан 
Республикасы жэне Ресей Федерациясы 2007 жылы қазан айында 
Душанбе қаласында Кеден Одағы комиссиясы туралы шартта қол 
қойылды. Осы жоғары үлттық орган қүрамына үш тараптардың 
өкілдері кіреді, оның шешімі үш мемлекеттердің аумағында 
орындалу міндетті. Комиссия отырысы эр ай сайын өткізіледі. 
Беларусь, Ресей және Қазақстан Кеден Одағы комиссиясы Ке­
ден Одағының институционалды жүйесін, жаңа экономикалық 
кеңістік, тауарлардың еркін айналымын қалыптастыру, үлттық 
өндірістегі тауарлармен өзара саудадағы кедендік процедураларын 
жою үшін құрылды. Бүдан басқа Кеден Одағы әрекеті шеңберінде 
арнайы қорғау, демпингті және компенсацияға қарсы шараларды 
есептемегенде, кедендік баждар мен экономикалық сипаттағы 
шектеулер қолданылмайды. Кеден Одағы шеңберінде үшінші ел- 
мен тауар саудасын реттеудің бірыңғай кеден тарифі жэне басқа да 
бірыңғай шаралар қолданылады.
2009 жылдың 27 қарашасы күні мемлекет басшыларының Минск 
қаласындағы кездесуінде Кеден Одағының Кеден кодексі туралы 
шартқа қол қойылды. Бүл кодекс 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап 
қолданысқа енгізілетін болды. Сөйтіп, жоғарыда айтып кеткені- 
міздей, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы одақты қалыптас- 
тырудың нақты қадамы ретінде үш мемлекеттің кедендерінен өтетін 
тауарлардың бірыңғай тарифы жүмыс істеуге кірісті.
Бұл одақтың өмірге келуі аталған үш мемлекеттің сауда- 
экономикалық саясатына елеулі өзгерістер енгізуді қажет етеді. 
Соның ең бастысы осы үш елдің ортасында тауарлар экспорты 
мен импортының баж салығынсыз жүргізілетіндігі. Яғни осы үш 
ел шығаратын жэне бір-біріне сататын тауарлар мемлекеттік ше- 
каралардан өткен түста олардан бүдан былай кедендік алым алын-


86 Стандарттау, сертификаттау жэпе метрология негидері
байтын болды. Сонымен қатар осы үш ел Кеден Одағына біріккен 
соң өздерінен тыс үшінші бір елге қатысты бірыңғай сауда саяса- 
тын жүргізуге тиіс. Бүл саясат төмендегідей бағыттардан түрады: 
бірыңғай кеден тарифтерін қарастыратын бірыңғай кеден- 
дік тарифтік саясат;
■ тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын бірлесе оты- 
рып қабылдап, өмірге енгізу;
елдердің ішіндегі кеден заңдылықтарының біріздендірілуі.
Кеден Одағын құру барысында аталған үш мемлекет 
басшыларының алдын ала жасалынған келісіміне сәйкес онда 
Қазақстанға өтпелі кезең қарастырылған. Осы өтпелі кезең бойын- 
ша Қазақстан еліміз үшін неғүрлым қажетті деп табылатын 400- 
ге тарта импорттық тауар түрі бойынша неғүрлым төмен кедендік 
баж салығын белгілеу қүқығын өзінде қалдырып отыр. Мұның 
өзі дәрі-дермек секілді бірінші кезектегі қажетті болып табыла­
тын тауарлардың Кеден Одағына кірмейтін шет мемлекеттерден 
елімізге бүрынғысынша арзан бағамен келуіне мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет