90 Стандарттау, сертификаттау жэне метрология негіздері • кедендік тарифті құру жэне ортақ жүйедегі белгілі тарифті
бақылау, белгілеу;
■ сауда айналымында жэне ішкі рынокқа енуінде ортақ ере-
желер құру;
қатысушы мемлекеттердің ДС¥ жэне басқада халықаралық
ұйымдармен келісімді қарым-қатынасы;
кедендік жүйеге унифициялық бақылауды енгізу
бірыңғай экономикалық кеңістік құру.
Ал Кеден органдары Кеден Одағының кедендік аумағында
мынадай негізгі міндеттері болса, олар:
1) Кеден Одағының бірыңғай сауда саясатын іске асыруға
жәрдемдесу;
2) орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген, Ке
ден Одағының кеден заңнамасын жэне Кеден Одағына мүше
мемлекеттердің өзге де заңнамаларын орындауды қамтамасыз ету;
3) кедендік операцияларды жасау жэне оның ішінде, өзара
экімшілік көмек көрсету шеңберінде кедендік бақылауды жүргізу;
4) кедендік төлемдерді, сондай-ақ арнайы, демпингке
қарсы жэне өтемақылық баждарды өндіріп алу, оларды есептеу
дүрыстығын жэне уақытында төлеуді бақылау, өз құзыреті шегін-
де оларды мэжбүрлеп өндіріп алу бойынша шаралар қабылдау;
5) өз құзыреті шегінде кедендік-тарифтік реттеу шараларын
жэне кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты тый-
ым салулар мен шектеулерді сақтауды қамтамасыз ету;
6) өз қүзыреті шегінде кедендік реттеу саласындатүлғалардың
құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету
және кедендік шекара арқылы тауар айналымын жеделдету үшін
жағдай жасау;
7) өз құзыреті шегінде Кеден Одағына мүше мемлекеттердің
үлттық қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен
өсімдіктер әлемін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды
қамтамасыз ету;
8) Кеден Одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес
әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау, ал-
дын алу жэне жолын кесу;