46 Стандарттау, сертификаттау жэне метрология пегһдері 5. Аталуы. Стандарт таратылатын объект дэл және қысқа
сипатталуы қажет, оны жылдық жэне ақпараттық стандарттар
көрсетілімдеріне кіргізу үшін құжаттың дұрыс жіктелуін
қамтамасыз ету керек.
Мысалы - Еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесі. Терминдер
және анықтамалар.
Топтық тақырып, тақырып және тақырыпшалар:
Мысалы - Конструкторлық қүжаттардың бірыңғай жүйесі. ОҚУ-
ТЕХНИКАЛЫҚ ПЛАКАТТАРЫ. Жалпы техникалық шарттар.
6. Қолдану саласы. «Қолдану
саласы»
элементін
стандарттың тағайындалу саласын анықтау жэне стандарттау объ-
ектісін белгілеп алу үшін келтіреді. Қолдану саласын стандарттың
бірінші бетіне орналастырады жэне 1 санымен нөмірлейді. Стан
дарттау объектісін белгілеуде келесі түжырымдауды қолданады:
«Осы стандарт.....таратылады»
Мысалы - Осы стандарт шпинделі консоль түрінде орналасқан
жонгыш білдектерге таратылады.
Стандарттың мазмұнын белгілеуде келесі түжырымдауды
қолданады:
«Осы стандарт.....бекітеді»
Мысалы - Осы стандарт мойынтіректердің радиалдық және
өстік саңылауларының өлшемдерін бекітеді.
Қолдану саласын белгілеуде келесі тұжырымдауды қолданады:
«Осы стандарт...... қолданылады»
Мысалы - Осы стандарт түтынушыға жеткізілетін барлық
полиграфиялық бүйымдар үшін қолданылады.
Егер стандарттау объектісінің қолдану жэне жеткізу саласы
шектеулі болса, онда келесі түжырымдауды қолданады:
«Осы стандарт тек қана атом станцияларына жеткізілетін ....
таратылады».
7. Нормативтік сілтемелер.Нормативтік сілтемелер эле-
ментінде стандарт мэтінінде сілтемелер берілген нормативтік
қүжаттардың тізімі беріледі. Сілтемелік құжаттардың тізімі мына
сөздерден басталады:
- «Осы стандартта келесі нормативтік құжаттарга сілте-
мелер келтірілген:» немесе, стандартта сілтемелер тек