Ж. Ж. Аканова А. М. Касенова стандарттау


II тарау. Сертификаттау және сәйкестікті растау негіздері 155



Pdf көрінісі
бет105/183
Дата12.10.2022
өлшемі10,03 Mb.
#42549
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   183
II тарау. Сертификаттау және сәйкестікті растау негіздері 155
Аккредиттеу жөніндегі органдар үшін де және сынақ зертха- 
налары үшін де елеулі жаңалық ретінде зертханалар ИСО/МЭК 
17025 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес болу, өлшеу 
нәтижесінің белгісіздігін бағалаудың құжатталған процедурасына 
ие болу деп біледі.
Тек калибрлеу зертханалары үшін бүл талап жаңалық болып 
табылмайды. Зертханалардың практикалық іс-әрекетіне ИСО/ 
МЭК 17025 стандарт талаптарына сәйкес өлшеу нәтижелерінің бел- 
гісіздігін бағалау процедурасын енгізу үшін зертхана қызметкерлерін 
оқыту жэне нәтижелері белгісіздікті бағалауды қажет ететін сынақ 
эдістемелерінің тізілімін құрастыру керек. Аккредиттеу жөніндегі 
органдар қызметкерлері сондай-ақ өлшеу нэтижелерінің бел- 
гісіздігін бағалау процедурасын түсіну жэне тиісті үлгіде қолдана 
алатындай сәйкес дайындықган өтуге міндетті.
Әрі қарай сынақ зертханаларының іс-әрекеті ИСО/МЭК 17025 
халықаралық стандарт талаптарына толық сәйкестікке келтірілген- 
нен кейін, сараптамалық топ міндетіне үміткер пайдаланатын ак­
кредиттеу бағдарламаларын бағалау кезінде, олардың аккредит- 
телген зертханалар практикасына осы жаңа талаптардың енгізілуі- 
не қаншалықты белсенді түрде көмектесетіндігіне растау кіретін 
болады. ИЛАК мүшелері - аккредиттеу жөніндегі барлық орган- 
дармен бірлесіп қабылданған қорытынды шешімде зертханаларды 
аккредиттеу кезінде ИСО/МЭК 17025 стандартының талаптарын 
толық қолдану стандартты жариялаған күннен бастап үш жылдан 
соң жүзеге асыру шешімі қабылданды. Сынақ зертханаларының 
стандарт талаптарына сәйкестігі әдеттегі жоспарлы инспекциялық 
тексерулер барысында бағаланатын болады.
Аккредиттеу 
жөніндегі 
органның 
ИЛАК 
Келісіміне 
қосылуы туралы шешім қабылдауы. Сараптамалық топ Келісім- 
ге қатысуға үміткер - аккредиттеу органын жан-жақты тексе- 
ру нәтижелері туралы ресми жазбаша есеп қүрады. Тексеру ба­
рысында барлық анықталған кемшіліктерді белгілейтін есеп 
сараптамалық топтың сэйкес қорытындыларынан тұрады жэне 
үміткерге беріледі. Үміткер есептегі бар барлық ескертпелер- 
ге жауап ретінде сараптамалық топ басшысына жазбаша түрде 
түзетуші эрекеттер жоспарын береді. Егер үсынылған түзетуші


156 Стандарттау, сертификаттау жэне метрология негіздері
әрекеттер баламалы болса, сараптамалық топ басшысы үміткерді 
келісімге қосылуға ұсыныс беріп, ұсыным жобасын ИЛАК өңірлік 
кооперациясының шешім қабылдауы жөніндегі комитетке жібе- 
реді. Шешім қабылдауы бойынша комитет Келісім қатысушылары 
болып табылатын аккредиттеу жөніндегі органдардың өкілдерінен 
тұрады. Комитетке сондай-ақ сараптамалық топ есебі мен шешім 
қабылдау үшін қажетті құжаттар беріледі. Комитет дауыстардың 
төрттен үші көпшілік дауыспен үміткер Келісімге қатысушылар 
санына қабылданатындығына немесе қабылданбайтындығы (не- 
месе егер бүл қайталау тексеру болса, тексерілетін аккредиттеу 
жөніндегі орган келісім қатысушысы болып қалатындығы немесе 
қалмайтындығы) туралы шешім қабылдайды. Оң шешім, күшіне 
енгенге дейін қосымша инспекция қажеттігін немесе толық қайта 
тексеруді қарастыратын шарттармен ілестіріле алады. Жалпы 
ережеге сәйкес аккредиттеу жөніндегі органдар төрт жылда бір 
рет қайта толық тексеруден өтуі керек. Теріс шешімді үміткер 
халықаралық деңгейде жалпы қабылданған дауларды шешу про- 
цедураларын пайдаланып қабылдамауы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет