Ж. Ж. Аканова А. М. Касенова стандарттау


Ill тарау. Метрология негіздері 189



Pdf көрінісі
бет128/183
Дата12.10.2022
өлшемі10,03 Mb.
#42549
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   183
Ill тарауМетрология негіздері 189
Бүл 
кездерде Қазақстанда тек қарапайым 
приборлар 
тексерілігі, таңбаланды: таразылар, гирлер, пуркалар, ұзындық 
және сыйымдылық өлшемі манометрлер.
Мэдени-экономикалық өмірдің жақсаруымен, Қазақстанда 
өнеркәсіптің дамуымен бірге салыстырып тексеретін ұйымдарда 
көбейе бастады, тексерілетін приборлардың қатары кеңейді.
1931 жылы Қазақаймақтық палата Қазақаймақтықстандарттау 
бюросы болып қайта аталды. Аймақтық бюроға стандарттау мен 
метрологияны барлық салаларда өндірістің деңгейін көтерудің 
жэне сапаны жақсартудың тиімді қүралдары ретінде кеңінен 
пайдалануды тапсырды.
Қазақ аймақтық бюросы 1933 жылы Қазақ ССР-нің ХКІІ 
жанындағы өлшем жэне таразылар орталық басқармасының 
өкілетті Басқармасы болып қайта аталды. Содан соң Қазақ ССР- 
нің ХКІІ жанындағы Өлшем жэне таразы бөлімі болды, ал 1938 
жылы - Қазақ ССР-нің Халық Комиссарлар Кеңесінің жанындағы 
өлшем және өлшеу приборлары жөніндегі өкілетті комитеттің 
Басқармасы болды.
Басқарма құрылымы орталық аппараттан жэне 14 облыстық 
басқармадан тұрды. Қызметкерлер құрамы, облыстарды қосқанда, 
124 адам болатын.
Соғыстан кейінгі жылдары халық шаруашылығын қалпына 
келтірген сайын, өлшеу приборларының қатары кеңи түсті.
1955 жылы 
1-дәрежелі Алматы мемлекеттік бақылау 
зертханасы Республикалық мемлекеттік қадағалау зертханасы 
болып қайта аталды.
Қазақстанда метрологияның өте қарқынды дамуы 60-жылдары 
басталды. Бұл уақытта 2, 3-дәрежелі тиісті үлгілі қүрал-жабдық- 
тармен жэне қосалқы қондырғылармен жабдықталған облыстық 
зертханалар салына бастады.
Алматы мемлекеттік бақылау зертханасында салыстырып 
тексеру бөлімі құрылды, оның құрамына өлшеу түрлері 
жөніндегі сектор кіретін: механикалық, үзындықты - бүрышты, 
жылутехникалық, электрикалық.
КСРО Мемлекеттік стандартының Қазақ республикалық 
басқармасы 1971 жылы ақпанда қүрылды. Басқарманың қызметін


190 Стандарттау, сертификаттау жэне метрология негіздері
анықтайтын жаңа ережелер қабылданды. Бұнда КСРО Мемлекеттік 
стандартының мақсаты мен міндеті бекітіліп, стандарттау мен 
метрология саласында құқы кеңейтілді.
Оның басты мақсатының бірі еліміздегі стандарттау жэне 
метрология жүйесінің даму бағытын анықтау, олардың қолданылу 
аясын кеңейту болатын.
70-жылдары Алматыда физикалық шама бірлігін сақтау жэне 
ұдайы қайталанулығы үшін жэне оларды эталондықта үлгілі 
өлшеу құралына ауыстыру, ал одан жүмыс өлшеу құралына беру 
үшін арнайы ғимарат салына бастады.
Қүрылыс біткен соң жэне жаңа салыстырып тексеру 
қүралдарымен жабдықтаған соң, 1974 жылы жаңа зертхана 
ашылды.
Акустикалық өлшеу құралдары жоғары қуат өлшеу құралдары, 
жылдамдық пен төменгі температура, қысым, 100 тс дейінгі 
күштер, жоғары жиілік салыстырып өлшеуі бойынша.
Бүл 
салыстырып 
өлшеулермен 
тек 
Қазақстанның
кәсіпорындары, ұйымдары емес, сонымен қатар Орта Азия 
республикалары және Батыс Сібір қамтамасыз етілді.
1972 жылы Қапшағай қаласында Радиациялық бақылау 
приборларын салыстырып тексеру зертханасы салынды. Зертхана 
үлгілі қондырғыларымен жабдықталғанды. Сондықтан альфа-, 
бета-, гамма сәулелерін өлшеу қүралдарын салыстырып тексеруге 
және изотоптарды сақтауға жағдай жасалынды.
1996 
жылға 
дейін 
дозиметрлік 
және 
радиометрлік 
аппаратураны мемлекеттік салыстырып тексеруді қамтамасыз 
ететін жалғыз зертхана еді.
70-жылдардың 
басында 
Өскеменде, 
Целиноградта, 
Шымкентте, Жамбылда зертханалар салынды, олар 2,-дәрежедегі 
жаңа салыстырып тексеру қондырғыларымен жабдықталды.
1995 жылы Қазақ Республикасының стандарттар мен 
өлшеу техникаларын мемлекеттік қадагалау зертханасы Қазақ 
республикасының метрология жэне стандарттау орталыгы болып 
қайта қүрылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет