Ж. Ж. Аканова А. М. Касенова стандарттау



Pdf көрінісі
бет38/183
Дата12.10.2022
өлшемі10,03 Mb.
#42549
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   183
тарау. Стандарттау 51


52 Стандарттау, сертификаттау жэне метрология негіздері
Кесте ( нөмірі)
-
( кесте аталуы)
так ы р ы п
т а к ы р ы п
та к ы р ы п ш а
Б аған д ар
так ы р ы б ы
ж о л д ар
б аган д ар
1.2-сурет
Кесте тақырыбы оның мазмүнын аша отырып қысқа эрі нақты 
болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, сол жағына 
және келесі түрде орналастыру қажет:
Мысалы: 1-кесте. Механикалық қасиеттер 
Кесте бөлігін өзінің бастапқы орналасқан бетіне немесе басқа 
бетке тасымалдаған кезде, атауын тек бірінші бөлігінде орналасты- 
рады. Кестелерді, қосымшалар кестелерін қоспағанда, толассыз 
нөмірлермен араб сандарымен нөмірлеу қажет. Әрбір қосымша ке- 
стелерін жеке нөмірлеп, араб сандарымен цифр алдында қосымша 
белгілерін көрсетеді.
Бағандар мен кесте жолдарыныңтақырыптарын бас әріппен, ал 
бағандардың тақырыпшаларын кіші әріппен жазу керек, егер олар 
тақырыппен бір сөйлем құрастырса, егер оларда дербес мағына 
болса, бас әріптен жазу керек. Кестелердің тақырыптары мен 
тақырыпшаларының аяғында нүкте қойылмайды. Бағандардың 
тақырыптары мен тақырыпшаларын жекеше түрде көрсетеді. 
Баған мен бүйір тақырыптары мен тақырыпшаларын диагональ 
сызықтармен белуге болмайды. Кесте жолдарын шектейтін го­
ризонталь жэне вертикаль сызықтарын жүргізбеуге болады, 
егер олардың жоқтығы кестені пайдалануды қиындатпаса. Баған 
тақырыптарын кесте жолдарына параллель жазады. Қажет бол­
са, баған тақырыптарын перпендикуляр орналастыруга рүқсат 
етіледі. Кестенің басы кестенің басқа бөлігінен сызықпен бөлінуі 
керек. Кесте тақырыптарын перпендикуляр жэне параллель алма- 
стыра орналастыруга болмайды.
Графикалық материал. Графикалық материалды стандарт 
мәтінінде (сүлба, диаграмма, суреттер, т.б.) оны жақсы түсіну


үшін жэне объект қасиеттерін немесе сипаттамаларын белгілеу 
мақсатымен орналастырады. Графикалық материалға сілтеме 
стандарт мэтінінде берілуі тиіс.
Кестелік материал мәтінде бірінші рет ескерілген соң, тікелей 
мәтіннен кейін келесі бетте, ал қажет болса, қосымшада орнала- 
суы тиіс. Мэтінде орналаскан суреттер, сүлбалар, диаграммалар, 
т.б. құрылымдық құжаттамалардың бірыңғай жүйесінің мемлекет- 
тік стандарттары талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Стандартта графикалық материалды толықтыратын кестелер 
болса, оларды графикалық материалдан кейін орналастырған жөн. 
Графикалық материалдың тақырыптық атауы болуы мүмкін, олар­
ды графикалық материалдың астына, келесі түрде орналастырады:
Мысалы: 1-сурет. Аспап бөлшектері
Қажет болган жағдайда, графикалық материалдың асты­
на түсіндірме деректері орналасады. «Сурет» сөзімен атауын 
түсіндірме деректерден кейін қояды. Графикалық материал
қосымша графикалық материалын қоспағанда, толассыз араб 
сандарымен нөмірленеді. Егер сурет біреу болса, онда ол «1 су­
рет» деп белгіленеді. Графикалық материалды бөлім шегінде 
нөмірлеуге рұксат етіледі. Сурет нөмірі бүл жағдайда бөлім нөмірі 
мен суреттің реттік нөмірінен тұрады.
Мысалы: 1.1-сурет, 1,2-сурет т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет