Ж. М. Адилов академик, доктор экономических наук, профессор



Pdf көрінісі
бет26/51
Дата31.03.2017
өлшемі38,33 Mb.
#10662
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51


 Технические науки 
 
                                                    
№2 2014 Вестник КазНТУ  
                    
154 
Сілемдегі  қол  тимеген  тау-кен  жыныстарындағы  көмірдің  газөткізгіштігін  зерттеген  Бобров 
И.В. мәліметтері  бойынша, тақта препарацияның жоғары типтері газөткізгіштің  учаскелеріне сәйкес 
келеді; қауіпті тақта қауіпсіз тақтаға қарағанда төмен газөткізгіштігмен ерекшеленеді. 
Кейбір 
зерттеушілер 
кенеттен 
лақтырысты 
геологиялық 
тектоникалық 
бұзылыспен 
байланыстырады, басқалары бұл байланысты әлсіз және тек тектоникалық, яғни дизъюнктивті типті 
бұзылысқа  ғана  жатқызады.  Кенеттен  лақтырыстың  геологиялық  бұзылыс  аймағымен  тікелей 
байланысы,  Қарағанды  көмір  бассейніндегі  (ресми  тіркелген)  көмір  және  газдың  лақтырыстары 
геологиялық  бұзылыс  аймақтарында  болғаны  деген  дергі  бойынша  айқындалады.  Оның  ішіндегі  23 
лақтырыстар  негізгі  лақтырыс  алдындағы,  жарылу  бұзылыстары  бар  қазбалардың  жақындасуы 
аймағында,  19  лақтырыстары  –  ұсақ  тектоникалық  бұзылысы  аймағында  және  11  –  тақта  қуатының 
өзгеру  аймағында  және  көмір  бумасының  қарқынды  жапырылуы  немесе  жапырылған  біркелкі  емес 
әлсіз жыныстар болғанда байқалды. 
Көмір мен газдың кенеттен лақтырысының маңызды ерекшелігіне келсек, тау-кен жұмыстарын 
жүргізген  кезде  лақтырыстар  жер  бетінен  белгілі  бір  ара  қашықтықта  жүзеге  асырылады;  жеке 
бассейндер, кен орындары, шақтылары үшін және шақты тақталары жер үстіне дейінгі ара қашықтық 
сан  алуан  болып  табылады.  Кенеттен  лақтырыстың  байқалу  тереңдігінің  минималды  шамасы 
болжаудық мәнінің зор болуына әсер етеді. 
Көмір  мен  газдың  кенеттен  лақтырысының  қауіпті  тақталардың  ерекшелігі  жайлы  баяндалып 
өткен  мәліметтер,  әлдеқайда  толық  емес  болып  табылады  және  [3]  атап  өтілгендей,  әдебиет 
көздеріндегі  бұл ерекшеліктер туралы деректер көп жағдайда бір-біріне қарама-қайшы болып келеді. 
Сондықтан  да  танымның  берілген  кезеңінде  тақтаның  лақтырысқа  қауіптілігін  бір  немесе  бірнеше 
қасиеттер бойынша және ұсынуға мүмкін емес ерекшеліктері бойынша нақты бекітуге болады. 
Қауіпті,  қауіп-қатерге  бейім  және  қауіпті  емес  тақталардың  арасындағы  қасиеттердің  мәнді 
айырмашылығының  болмауы,  бір  тақтаның  жағдайындағы  өзгерісімен  тақтаның  бір  учаскесінде 
байқалады,  ал  басқаларында  байқала  қоймайды.  Бұл  ахуал  өз  уақытында  тақталардың  емес, 
уачскелердің бойынша қасиеттерін салыстыруға мәжбүр еткізеді [2]. 
Учаскелердің  қауіптілігі  немесе  қауіпті  еместігі  кенеттен  лақтырыстың  фактілік  болуына 
байланысты бекітіледі. 
Мұндай  көзқарас  жағымды  нәтижелер  берді:  көмір  тақталары  учаскелерінің  (аймақтарының), 
Кузбасс,  Қарағанды  көмір  бассейндері,  Егоршинск  және  Партизан  кен  орындары  жағдайындағы 
көмір  және  газ  бойынша  кенеттен  лақтырысының  қауіпті  және  қауіпті  еместігі  бойынша  шек  қою 
әдістерін өндіріске кең түрде енгізуді жеткізуге әзірленді. 
Көмір  мен  газдың  кенеттен  лақтырысының  аймақтық  таралу  сипатына  бірнеше  рет  көптеген 
зерттеушілер нұсқады. 
Карпов  А.М.  Донбасс  шақтысының  орталық  аймағындағы  кенеттен  лақтырыстың  таралуын 
сараптай  келе  келесі  нәтижеге  қол  жеткізді:  кенеттен  лақтырыс  тақтадағы  белгілі  бір  аймақтарға 
ұштастырады және бұл аймақ шегінде лақтырыстарға мүлдем орын болмайды. 
Быков  Л.Н.  көмір  мен  газдың  кенеттен  лақтырысы  геологиялық  бұзылыстар  аймақтарына,  не 
болмаса  сол  бұзылыстарға  тікелей  жақын  аймақтарына  қарай  ұштастырылғаны  туралы  атап  өтті. 
Лақтырыстар  ірі  бұзылыстардың  орнын жою  шамасында  не  мүлдем  тоқталады, немесе  айтарлықтай 
әлсіздене  түседі.  Печук  И.М.  тұжырымдамасына  сәйкес,  кенеттен  лақтырысқа  бейім  учаскелердің 
аймақтығы аз шамалыларды ескермесек Донбасстың барлық дерлік тәжірибесімен дәлелденеді. 
Бобров  И.В.,  Кричевский  Р.М.  және  Михайлов  В.И.  келесі  тұжырымдаманы  атап  өтті: 
«Донбасстың  орталық  аймағында  көмір  мен  газдың  кенеттен  лақтырысы  15  түрлі  тақталарда  орын 
алған, бұл кезде 8 тақтада лақтырыстар, бір-бірінен кей жағдайда ондаған шақырымға қалып жүрген 
бірнеше  шақтыларда  байқалды.  Сирек  емес  жағдайда  қауіпті  тақталардағы  лақтырыстар  шақтының 
бір  қанатында  ғана  байқалған.  Жиі  жағдайда  лақтырыстар  тақтаның  белгілі  бір  учаскесінде 
топтастырылады.. Осындай жағдай Донбасс шақтыларының барлығында дерлік байқалған» [5]. 
Аса  сирек  емес  үзілді-кесілді  нысанда  қозғалып  отырған  мәселе  бойынша  бірқатар  геологтар 
өздерінің пікірлерін білдірді (Иейте Е.С., Кравцов А.И., Эз В.В., Шатилов В.А. және басқалары). 
Эз В.В. көмір тақталарының геологиялық құрылымын зерттей  отырып «кенеттен лақтырыстар 
жиі  жағдайда  топ-топпен  орналасқан;  лақтырысқа  қауіпті  тақта  бірнеше  жүздеген  метр  және  тіпті 
километрлер ара қашықтығында лақтырыс бермейді, сонан соң біраздан кейінгі учаскелерде бірнеше 
лақтырыстар  береді»  және  «кенеттен  лақтырыс  аймағының  хабардарлығы  айтарлықтай  алуан  түрлі 


 Техникалық ғылымдар 
 
ҚазҰТУ хабаршысы №2 2014  
 
155
және  оны  әлдебір  геологиялық  құрылымның  элементінің  хабардарлығымен  заңдылықты  түрде 
байланыстыруға әлі де болса мүмкін емес болып табылады» деген нәтижеге қол жеткізді [7]. 
Шпаккелер  Г.  [8]  Англияның  кен  орындарындағы  кенеттен  лақтырыстың  таралуын  сараптай 
келе,  шақты  алаңының  шекарасында  кездесетін  алаңның  жергілікті,  шектелген  учаскелерінде  қатты 
кенеттен  лақтырыс  болатынын  атап  өтті.  Бельгиядағы  Льежск  бассейніндегі  кенеттен  лақтырысқа 
бейім  тақталар,  жиі  жағдайда  белгілі  бір  периметр  шекарасында  ғана  бұл  ерекшелікке  ие  болады, 
периметрден тыс аймақта бұл ерекшелік өз күшін жояды [9]. 
Кенеттен  лақтырысқа  әсер  ететін  үрдістердің  негізгі  факторларына  шолу  жасай  отырып, 
әрқайсысының рөлін заманауи тұрғыдан қарастыру керек. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Ходот В.В. Внезапные выбросы угля и газа. Москва, Госгортехиздат, 1961. 
2.  Бирюков  Ю.М.,  Пименов  А.А.,  Ходжаев  Р.Р.  Научные  основы  техногенной  газодинамической 
безопасности ведения горных работ в  угленосной толще: монография. – 2-е изд., испр. и доп. – Калининград: 
Изд-во ФГОУ ВПО «КГТУ», 2009, 316 б.  
3.  Фейт  Г.Н.  Изменчивость  прочностных  свойств  угольных  пластов.  В  кн.  Борьба  с  внезапными 
выбросами в угольных шахтах. Москва, Госгортехиздат, 1962. б. 571-581. 
4.  Эттингер И.Л. Свойства  углей, влияющие  на безопасность труда в шахтах. Москва, Госгортехиздат, 
95 б. 
5.  Бобров И.В., Кричевский Р.М., Михайлов В.И. Внезапные выбросы  угля и газа на шахтах Донбасса. 
Москва, Углетехиздат, 1954. 
6.  Премыслер Ю.С. Структура угля как показатель выбросоопасности угольных пластов. В кн. Борьба с 
внезапными выбросами в угольных шахтах. Москва, Госгортехиздат, 1962. 582-590 б. 
7.  Эз  В.В.  Микротектоника  угольных  пластов  и  внезапные  выбросы.  В  кн.  Борьба  с  внезапными 
выбросами угля и газа в шахтах. Москва, Недра, 1956. 
8.  Spackeler. Gasausbrüche. “Kohle und Erz”, 1932, №№ 9-14. 
9.  Kuff  O.,  Ascher  E.,  Bresle  F.  Die  Wirkung  der  Sprengschüssen  in  Kohlensäurenden  Steinkohlenflözen. 
“Zeitschrift für Berg – Hütten – und Salinenwesen”, 1932, № 5. 
 
                                                                                  REFERENCES 
            1. Hodot V.V. Vnezapnyie vyibrosyi uglya i gaza. Moskva, Gosgortehizdat, 1961. 
2.  Biryukov  Yu.M.,  Pimenov  A.A.,  Hodzhaev  R.R.  Nauchnyie  osnovyi  tehnogennoy  gazodinamicheskoy 
bezopasnosti vedeniya gornyih rabot v uglenosnoy tolsche: monografiya. – 2-e izd., ispr. i dop. – Kaliningrad: Izd-vo 
FGOU VPO «KGTU», 2009, 316 b. 
3.  Feyt  G.N.  Izmenchivost  prochnostnyih  svoystv  ugolnyih  plastov.  V  kn.  Borba  s  vnezapnyimi  vyibrosami  v 
ugolnyih shahtah. Moskva, Gosgortehizdat, 1962. b. 571-581. 
4. Ettinger I.L. Svoystva ugley, vliyayuschie na bezopasnost truda v shahtah. Moskva, Gosgortehizdat, 95 b. 
5.  Bobrov  I.V.,  Krichevskiy  R.M.,  Mihaylov  V.I.  Vnezapnyie  vyibrosyi  uglya  i  gaza  na  shahtah  Donbassa. 
Moskva, Ugletehizdat, 1954. 
6.  Premyisler  Yu.S.  Struktura  uglya  kak  pokazatel  vyibrosoopasnosti  ugolnyih  plastov.  V  kn.  Borba  s 
vnezapnyimi vyibrosami v ugolnyih shahtah. Moskva, Gosgortehizdat, 1962. 582-590 b. 
7.  Ez  V.V.  Mikrotektonika  ugolnyih  plastov  i  vnezapnyie  vyibrosyi.  V  kn.  Borba  s  vnezapnyimi  vyibrosami 
uglya i gaza v shahtah. Moskva, Nedra, 1956. 
8. Spackeler. Gasausbrüche. “Kohle und Erz”, 1932, №№ 9-14. 
9.  Kuff  O.,  Ascher  E.,  Bresle  F.  Die  Wirkung  der  Sprengschüssen  in  Kohlensäurenden  Steinkohlenflözen. 
“Zeitschrift für Berg – Hütten – und Salinenwesen”, 1932, № 5. 
 
Хуанған Н. 
Көмір мен газдың кенеттен лақтырысы бойынша қауіпті шақты тақталарының қасиеттері 
Түйіндеме.  Мақала  көмір  шахталарындағы  орын  алған  жыныс,  көмір  мен  газдың  кенеттен  лақтырыс 
мәселелеріне  арналған.  Бұл  мәселелерді  зерттеп  мәселелерін  шешу  жолдарын  қарастыру  –  гипотеза, 
құбылыстың жаратылу табиғаты және пайда болу механизмі, күрес, болжау, газодинамикалық құбылыстардың 
жіктелуі  мен  жүйеленуін  қалыптастыруда  оқымыстылардың  еңбектері  орасан  зор.  Осы  мәселенің  қазіргі 
деңгейдегі  шешімін  қарастыратын  мәселелердің  бірі,  көмір  шахталарындағы  жоғарғы  өнімді  және    қауіпсіз 
жұмыстарды қамтамасыздандыру үшін геотехнологиялық тиімді күрес, қазбаларды және тазартпа жұмыстарын 
жүргізу сұлбасын жасау. 
Негізгі сөздер: көмір мен газдың кенеттен лақтырысы, геотехнология, тазалау және даярлау жұмыстар. 
 
 
 


 Технические науки 
 
                                                    
№2 2014 Вестник КазНТУ  
                    
156 
Хуанган Н. 
Свойства шахт опасных по выбросам угля и газа 
Резюме. Статья посвящена проблеме внезапных выбросов пород, угля и газа, происходящих на угольных 
шахтах. Важное место отведено вкладу известных ученых, которые занимались изучением и решением данной 
проблемы  –  разработке  гипотез,  выявлению  природы  и  механизма  этого  явления,  борьбы,  прогнозирования, 
систематизации  и  классификации  газодинамических  явлений.  Одной  из  задач  научных  исследований  в  этой 
области  на  современном  этапе  является  разработка  и  использование  эффективных  геотехнологических 
способов борьбы, совершенствование технологических схем ведения очистных работ и проведения выработок, 
обеспечивающих высокопроизводительную и безопасную разработку газоносных угольных шахт.  
Ключевые слова: внезапные выбросы угля и газа, геотехнология, очистные и подготовительные работы. 
 
Khuangan N. 
Properties mines hazardous emissions of coal and gas 
Summary.  Article  is  devoted  to  the  problem  of  sudden  rocks,  coal  and  gas  occurring  in  coal  mines.  An 
important  place  is  given  to  the  contribution  of  famous  scientists  who  were  engaged  in  the  study  and  solution  of  this 
problem  -  the  development  of  hypotheses,  identify  the  nature  and  mechanism  of  this  phenomenon,  the  struggle, 
forecasting,  ordering  and  classification  of  gas-dynamic  phenomena.  One  of  the  goals  of  research  in  this  area  at  the 
present  stage  is  the  development  and  use  of  effective  ways  to  combat  geotechnical,  improvement  of  technological 
schemes of extraction works and workings of providing high-performance and secure development of gassy coal mines.  
Key words: sudden coal and gas, geotechnology, cleaning and preparatory work. 
 
 
ӘОЖ 517.518.1:681.5.015.28 
 
А.С. Қоңырбаев  
(Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
Қызылорда қаласы, Қазақстан Республикасы) 
 
ЖОБАЛАУ МЕН БАСҚАРУДЫҢ ИНТЕГРАЛДАНҒАН ЖҮЙЕСІ 
 
Аңдатпа.Технологиялық үдерістермен, өндіріспен және халық шаруашылығымен комплексті автоматты 
басқару  экономикадағы  стратегиялық  дамуы  бағытындағы  маңыздыларының    бірі  болып  табылады.  Жаңа 
материалдар  мен  технологияларды  құрумен  қатар,  технологиялық  үдерістер  мен  өндірісті  автоматтандыру 
экономикалық дамудағы бағыты болып табылады.  
Негізгі сөздер: автоматты басқару, технологиялық үдерістер 
 
Өндірістегі  қызметтің  өндіріс  пәнін  алу  мақсатындағы  бастапқы  шикізаттың  өзгеріс  әсерінен 
тұратын барлық түрлері технологиялық үдеріс деп аталады.  
Мұндай үдерісті автоматтандыру реттелген температураны, қысымды, газды сұйықтық энергия 
тасығыштың шығынын қажет етеді. Басқару берілетін жүйелердегі парметрлерді өлшеу, мәліметтерді 
өңдеу, бақылау және үдеріс режимін оптимизациялау арқылы жүргізіледі.  
Технологиялық  үдерістерді  автоматтандыру  өндіріс  мәдениетін  арттыруға  және  адамның 
еңбегін  жеңілдетуге,  ауыр  физикалық  жұмысты  автоматикаға  жүктеуге  мүмкіндік  береді. 
Автоматтандырылған жүйелерді ендіру кезінде жұмыс функциясы машина жұмысын бақылайды.  
Автоматтандырудың есептерінің алдына қойған сәтті шешімі кәсіпорын жұмысын дамыту мен 
жақсартуда жаңа белестерге жол ашады.  
ТҮ  АБЖ  көп  жағдайда  ұйымдастырушы  техникалық  жүйелері  болып  табылады,  ол  адаммен 
орындалатын  функцияның  бар  болуын  береді.  Оператор  мен  технологиялық  үдерістер  арасындағы 
өзара  әсері  SCADA  жалпы  бағытталуынан  алынған  бағдарламалық  қамтамасыз  етілуі  арқылы 
жүргізіледі.  
«SCADA-жүйесі» (Supervisory Control And Data Acquisition System) – деректерді жинақтау және 
жедел  әдіскерлік  басқару    жүйесі.  Атауына  SCADA-жүйесіне  жүктелетін  екі  негізгі  функциясы 
болады:  
-/бақыланатын технологиялық үдерістер туралы деректерді жинақтау; 
-/технологиялық үдерістерді басқару. 
SCADA-жүйесі  оператормен  интерфейсті  қамтамасыз  ететін  технологиялық  үдеріс  туралы 
ақпаратты  жинайды,  үдерістегі  тарихты  сақтайды  және  қажет  көлемде  үдерістің  автоматты 
басқаруын жүргізеді.   


 Техникалық ғылымдар 
 
ҚазҰТУ хабаршысы №2 2014  
 
157
Алдында  көрсетілген  функциялар  жалпы  қолданыстағы  жоғары  жеңгейлі  кез  келген  тілде 
жасалатын  қолданбалы  бағдарламалардың  жиынын  орындай  алады.  Тіпті,  жоғары  әсерлілігімен, 
ресурсты  сыйымдылығымен  және  бағдарамалық  қамтамасыз  етілудің  басқа  да  әсерлілігімен  мұндай 
бағдарламалар  арнайыланған  құрал-жабдықты  SCADA-жүйелері  арқылы  құрылатын  ұқсас 
бағдарламалық  жабдықтауды  озып  шығады.  Бірақ,  құрал-жабдықталған  SCADA-жүйелері  ТҮ  АБЖ 
жоғары  деңгейлі  бағдарламалық  жабдықтаудағы  үдерісті  жалпы  пайдаланудағы  заманауи 
процедуралы бағдарламалық тілдер туралы біліктілікті өңдеушіден талап етпей-ақ, жеделлете алады.  
Бұдан 
басқа, 
SCADA-жүйелері 
енгізу-шығару 
аппаратурасы 
бар 
арнайыланған 
механизмдерінің жиыны арасында мәлімет алмасу және енгізу-шығару қондырғыларын ішкі қолдауы 
болады, ол нысанадағы қолдауды жеңілдетеді [2].  
SCADA-жүйелері  автоматтандырылған  үдерістерді  өңдеуде  кең  таратылған.  SCADA  жүйесі 
қазіргі  кезде  үдерістерді  басқарудың  заманауи  автоматтандырылған  жүйесінің  ажырамас  бір  бөлігі 
болып  табылады.    20-шы  ғасырдың  басында  кең  таралған  ол  автоматтандыру  нысанында  SCADA 
жүйесін  орнатусыз  мүмкін  емес.    SCADA  жүйесін  ендіру  ірі  объектілерде  екінші  ретті 
қондырғыларды  пайдалануда  арзаншылығына  АРМ  әдіскерінің  пультіне  технологиялық  ақпараттың 
жинақталуына әкеледі.   
SCADA жүйелерінің нарықтағы үлкен айырмашылықтарына қарамастан, олардың көбісінің ТҮ 
АБЖ  жоғары  деңгейіне  қойылатын  негізгі  талаптарын  орындай  алатындай  бірдей  жинақты 
функционалдық  мүмкіндіктері  болады.  SCADA  жүйелерінде  қалыпты  функциялар  жиыны 
автоматизаия  жүйелерін  өңдеуде  жалпы  шеңберлі  есепке  негізделеді.  Автоматизация  бойынша 
толықтай жобаны орындай алатын негізгі функциялардың құрамын анықтаймыз.  
Қандай  да  болсын  SCADA  жүйесінде  технологиялық  үдерісті  құру  мен  бейнелеу  есебін 
жеңілдетуге  мүмкіндік  беретін  интерфейсі  болады.  Графикалық  бөліміне  технологиялық  үдерістегі 
объектілерді  жеңілдетілген  немесе  графикалық  бөлшектей  бейнелеу  мүмкіндігін,технологиялық 
объектілердің  физикалық  параметрлерін  өлшеу  құралдарын  жатқызуға  болады.  Бұдан  басқа,  ол 
батырмалар,  индикаторлар,  сілтемелі  немесе  цифрлық  индикаторлар  панелдерін,  регуляторларды 
және  басқа  да  автоматизациялау  панелінде  орналасқан  екінші  қондырғыларды  бейнелей  алады. 
SCADA  жүйесінің  графикалық  панелінде  өңдеушілердің  графикалық  ақпараттарын  шығаруға 
мүмкіндік  беретін  суреттер  мен  бейне  материалдар  кітапханаларына  қолдау  жасауға  мүмкіндік 
береді.  
SCADA  жүйесі  уақытша  тренд  терезесіндегі  ақпараттың  өзгерісін  бейнелейтін  өзгерістер, 
оқиғалар мен апаттық жағдайлар мұрағаттарын жүргізуге мүмкіндік береді.   
Математикалық есептеулердегі ТҮ басқарудың алгоритмдерін құрудың жеңілдетілген тілі.  
SCADA жүйесімен келісілген жұмысында қондырғылардың драйверлері  ҮБ АБЖ төменгі және 
орташа деңгейлерінде орналасады.  
Жоғары деңгейдегі басқа да бағдарламалау тілдеріне қолдау жасалады (Visual C++, VBA, VB). 
SCADA жүйесінің негізгі функцияларының бірі файлдар мен компоненттерге санкцияланбаған 
рұқсат етілуді қорғау құралы.  
ТҮ  АБЖ  нарығында  SCADA  жүйесінің  үлкен  таңдауы  тұрады,  өте  танымал  және  SCADA 
ұсынғандарын қарастыруға тырысамыз.   
TRACE MODE – өнеркәсіптік өндірісті басқарудағы бірінші итегралданған ақпараттық жүйесі, 
ол түгелдей SOFTLOGIC-SCADA / HMI-MES-EAM-HRM класс өнімі. SCADA жүйесі TRACE MODE 
1992 жылы жасалып шықты және қазіргі уақытқа дейін ТҮ АБЖ қазіргі уақытта нысандарды көп рет 
ендіру жүргізілді. Қазіргі сәтте өзекті нұсқасы TRACE MODE 6 жүйесінде  SCADA болып табылады. 
TRACE MODE қорында жасалған жобалар энергетикалық, металлургиялық, атомдық, мұнайлы, 
газдық, химиялық, космостық және басқа да өнеркәсіп салаларында қолданысқа ие. 
TRACE  MODE®  6  [4,5]  құрал-жабдық  жүйелерінен  (құрал-жабдықталған  ортасы)  және 
орындаушы модульдер жиынынан тұрады.  
TRACE MODE® орындаушы модульдер арқылы АБЖ жобасы нақты уақыт ішінде орындалуда 
іске  қосылады.  TRACE  MODE  жобаны  бірнеше  орындаушы  модульдер  –  жоба  түйіндері  үшін 
жобаны бірден құруға мүмкіндік береді.  
Құрал-жабдық  жүйесі  ТҮ  АБЖ  өңдеу  құралдарының  толық  жиынын  береді,  ал  дәлірек 
айтқанда құру құралдары:  
- операторлық интерфейс (SCADA/HMI);  
- таратылған басқару жүйесі (РСУ);  
 


Технические науки
 
№2 2014 Вестник КазНТУ 
158 
- нақты уақыт ішіндегі өнеркәсіптік мәліметтер қоры; 
-  өнеркәсіптік  бақылаушылар  үшін  арналған  бағдарлама  (SOFTLOGIC),  ал  сонымен  бірге 
өндірістегі бизес үдерістерді басқару құралдары; 
- қондырғыны негізгі қорлар мен техникалық қызмет көрсетуді басқару жүйесі (EAM);  
- персоналды басқару жүйесі (HRM);  
- өндірісті басқару жүйесі (MES).  
ТҮ  АБЖ  мен  ҮАБЖ  үшін  орындаушы  модульдер  әртүрлі.  ТҮ  АБЖ  үшін  модульдер 
(SOFTLOGIC  және  SCADA/HMI  кластары)  TRACE  MODE®  жиынына  кіреді,  ал    ҮАБЖ  үшін 
орындаушы модульдер (EAM, HRM, MES класы) - T-FACTORY.exe™ жиынына кіреді.  
TRACE MODE® және T-FACTORY™ орнына технологиялық үдерістер мен өндірістік бизнесті 
нақты  уақыт  аралығында  комплексті  басқару  үшін  шешімді  береді,  ол  өндірісті  басқаруды 
интегралданған платформасын құрады.  
TRACE  MODE®  6  қарапайым  және  қолдануға  ыңғайлы.  Дегенмен,  жүйенің  сәулеті  он 
мыңдаған сигналдардың корпоративті деңгейдегі ірі АБЖ құруға мүмкіндік береді.  
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
Анзимиров Л.В. 2005–2006: Развитие технологий TRACE MODE. // Материалы XII Международной
конференции «Управлние производство в системе TRACE MODE» – М.: «AdAstra Research Group», Ltd, 2007. 
2.
Нестеров  А.  Л.  Проектирование  АСУТП.  Методическое  пособие.  Книга  1.  –  СПб:  «ДЕАН»,  2006.
– 552 с.
3.
Ганжерли А.П. Как избежать ошибок при подборе программного обеспечения SCADA TRACE MODE
6  для  проекта  АСУТП.  //  Материалы  XIII  Международной  конференции  «Управлние  производство  в  системе 
TRACE MODE» – М.: «AdAstra Research Group», Ltd, 2007. 
4.Глухов  Ф.В.  Новые  графические  возможности  TRACE  MODE  6.  //  Материалы  XII  Международной
конференции «Управлние производство в системе TRACE MODE» – М.: «AdAstra Research Group», Ltd, 2007. 
5. Глухов  Ф.В.  Новые  технологии  разработки  операторского  интерфейсав  SCADA  TRACE  MODE  6.
//  Материалы  XI  Международной  конференции  «Управлние  производство  в  системе  TRACE  MODE»  –  М.: 
«AdAstra Research Group», Ltd, 2007. 
6.Trace  Mode  6.  Руководство  пользователя.  Интегрированная  SCADA/HMI-SOFTLOGIC-MES-EAM-
HRM-система для разработки АСУ ТП, АСКУЭ и систем управления  производством. 8-е изд.  – М.: «AdAstra 
Research Group», Ltd, 2006. – 619 с. ил. 
7.Деменков  Н.  П.  SCADA-системы  как  инструмент  проектирования  АСУ  ТП:  Учеб.  пособие.  –  М.:
«МГТУ им. Н. Э. Баумана», 2004. – 328 с.: ил. 
8.Клюев  А.С.,  Глазов  Б.В.,  Дубровский  А.Х.  Проектирование  систем  автоматизации  технологических
процессов. – М.: Энергия, 1980. – 512 с. 
9. Клюев  А.С.,  Минаев  П.А.  Наладка  систем  контроля  и  автоматического  управления.  –  Л.:
«Стройиздат», 1980. – 208 с. 
10. Куцевич Н. А. SCADA-системы и муки выбора// Мир компьютерной автоматизации. 1999. № 1. с. 72-78.
Қоңырбаев А.С. 
Жобалау мен басқарудың интегралданған жүйесі 
Түйіндеме.  Өндірістік  үдерістері  бар  басқарудың  заманауи  әдістері  компьютерлік  технологиялар 
негізінде әр түрлі ірі өндіріс салаларындағы үлкен өндіріс мекемелерінде кеңінен тарала бастады.  SCADA (от 
Supervisory  Control  And  Data  Acquisition)  басқаруы  мен  деректердің  жиыны  қазіргі  уақытта  күрделі 
динамикалық  жүйелер  мен  процестерді  автоматтандырылған  басқарудың  негізгі  әдістері  болып  табылады. 
Басқару  принциптері  өндірісте,  энергетикада,  көлікте,  космоста,  түрлі  мемлекеттік  құрылымдар  мен  жеке 
мекемелерде ірі автоматтандырылған жүйелер құрылады.  
Негізгі сөздер: автоматты басқару, динамикалық 
жүйелер, құрал жабдықталған ортасы. 
Конирбаев А.С. 
Автоматизация различных видов производств 
Резюме.  Автоматизация  различных  видов  производства  является  важным  направлением  научно-
технического  развития  общества.  Автоматизация  ведет  к  повышению  производительности  труда,  устранению 
человека из производственного процесса, к повышению качества процесса и к более полному удовлетворению 
потребностей общества. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет