Ж. М. Бердыбекова 6B01210 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын білім алушыларға арналған «Жас балаларды дамыту және білім беру»


-тақырып. Бейімделуде баланың балабақшада болу мерзімі



бет8/19
Дата31.12.2021
өлшемі64,57 Kb.
#21796
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
3-тақырып. Бейімделуде баланың балабақшада болу мерзімі.

Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды оқыту физикалық тұрғыдан дамыған, қызығушылығын тудыратын, белсенді, эмоционалды түрде жауап беретін, коммуникациялық құралдарды меңгерген және мектептегі қажетті дағдылар мен дағдыларды меңгерген ересектер мен жастармен қарым-қатынас жасау жолдарын табуға көмектеседі.

Бейімделуде баланың балабақшада болу мерзімін дұрыс ұйымдастыру керек:

• 1, 2-күні – 2-3 сағат болу;

• 3, 4, 5, 6-күні – баланы балабақшадан түскі астан кейін, яғни ұйқыға дейін алып кету;

• 2-жұмадан бастап баланы түстен кейін әкету;

• 3-жұмадан соң баланы балабақшада толық күнге қалдыру;

Бейімделу кезінде балада болатын психоэмонациональды күйзелістің белгілері:

• Ұйқыға жатқысы келмеу;

• Бұрын көрмеген, іс-әрекеттерден шаршау;

• Себепсіз ренжігіштік, жылағыштық немесе ызалану;

• Зейіні тұрақсыз, ұмытшақтық;

• Алаңдаушылық;

• Өзіне сенімсіздік;

• Қырсықтық таныту;

Ұдайы саусақ сорғыштық;

• Қарым-қатынасқа түсуден қорқу;

• Бұрын байқалмаған, түскі және түнгі ұйқыда зәр шығару.

Бейімделудің үш түрі болады:

1. Жеңіл бейімделу – баланың мінез құлығы 10-15 күнде қалпына келеді;

2. Орташа бейімделу – 1айдың ішінде;

3. Ауыр бейімделу – 2 айдан 6 айға дейін созылады.

Жеңіл бейімделу кезінде бала 10-15 күнде өз қалпына келеді. Бірінші аптаның аяғында тамаққа деген тәбеті орнына келеді. Екінші аптаның аяғында ұйқысы қалпына келеді. Мектепке дейінгі балалардың сезімі әр түрлі болады. Біреуі көңілді, біреуі тұйық, біреуі салмақты. Көңілді балалар мен салмақты балалар ересектермен яғни тәрбиешілерімен, құрбыларымен қоршаған ортаға тез бейімделеді. Тұйық балалардың сөйлеу қабілеттерінде, қылықтарында ұяңшылдық байқалса да, тәрбиешінің айтқанын бұлжытпай орындауға тырысады. Жеңіл бейімделуде бала 1 немесе 2 рет ауырып қалуы мүмкін.

Орташа бейімделу кезінде ұйқысы мен асқа деген тәбеті 20-40 күнде бір жүйеге келеді. Бір ай бойы баланың сезімі тұрақсыз болады. Ата-анасымен, туыстарымен қоштасарда және кездесерде долданып, айғайлап жылайды. Құрбыларына деген қарым-қатынасы немқұрайлы болады. Сөйлеу белсенділігі төмен болады. Ересектер мен балалар арасынан қарым- қатынасқа түсу үшін таңдай бастайды және белгілі жағдайда ғана қатынасқа түседі. 2 апта бойы балада екі бетінің қызаруы, терлеуі, тері аурулары т.б. өзгерістер болады.

Күрделі бейімделуде баланың дұрыс ұйықтамауынан байқауға болады. Ол түсінде айқайлап, тұрған кезде жылап тұрады. Тәбеті болмай тамақ ішпейді, сонымен бірге іші өту, құсу, кекештену, қорқыныш, үрей пайда болады. Тәрбиешілерді тыңдамай, жұлынып, долданып айғайлай бастайды. Бала белсенділік танытпайды. Құрбылырымен қарым-қатынас болмайды. Күрделі бейімделу кезінде аурулары асқынады. Сөйлеу қабілеттері нашар болады.

Баланың балабақшаға бейімделгені туралы келесі жағдайлардан байқауға болады:

• Бала тәбетінің жақсы болуы;

Тез ұйықтауы;

• Дәл уақытында тұруы;

• Айналадағы балалармен жағымды қарым-қатынаста болуы;

• Салмақ қосуы;

• Ойыншықтармен ойнауы.

Тәрбиешіге нұсқаулық:

• Әр баланы таңертеңгі қабылдауда жылы қабақпен қабылдау.

• Балаларды қабылдау мерзімін дұрыс ұйымдастыру.

• Жаңа балаларды бейімделуге уақыт өте келе қабылдау, яғни жұмасына 2 баладан көп емес.

• Балалармен жеке әңгімелесу, тіл таба білу;

• Топта жағымды эмоционалды орта құрай білу;

• Баланың көңілінен шыға білу;

• Ата-аналармен әрдайым қарым-қатынаста болу;

• Баланың қолынан ұстап, құшақтап, басынан сипап қамқорлық көрсету;

• Топта кейбір уақыт аралықтарында тыныш, баяу өлең қосу;

• Баланың көп күлімдеп көтеріңкі көңіл күйде болуына жағдай жасау;

• Балаға бекер дауыс көтеріп ұрыспау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет