Ж. молдағалиев атындағы облыстық Ғылыми-ҽмбебап кітапханасы



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата28.02.2017
өлшемі379,37 Kb.
#5080
  1   2   3

Ж.МОЛДАҒАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ  

ҒЫЛЫМИ-ҼМБЕБАП КІТАПХАНАСЫ   

 

 

 



 

 

 



 

«Мен де жүрмін туған жерге нұр 

шашып» 

(Ақын Ж. Набиуллиннің 75 жасқа толуына арналған 

ҽдістемелік-библиографиялық құрал)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал, 2011 жыл 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

     

«Мен  де  жүрмін  туған  жерге  нұр  шашып»:  Ақын 

Ж.Набиуллиннің  75  жасқа  толуына  арнап  шығарылған 

әдістемелік-библиографиялық    құрал  [Ж.Молдағалиев  атындағы 

ОҒӘК]  /  Құраст.:  Г.Қапсанова,  Л.Сатыбалдиева,  С.Иргалиева, 

З.Хайруллина.-Орал, 2011.- 43б. 

 

 



 

Құрастырғандар: Қапсанова Г.Б. 

                                Сатыбалдиева Л.Б. 

                               Иргалиева С.С. 

                               Хайруллина З.Н. 

 

 

Редакторы:             Исатаева Р.Ж. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



АЛҒЫ СҾЗ 

 

Ақ  Жайық  ӛңірі  қашанда  даналар  мен  таланттарға,  ақын-

жырау,  жыр  сүлейлері  мен  шайырларға  кем  болып  кӛрген  емес. 

Асан  Қайғы,  Шалкиіз,  Қазтуған,  Жиенбет,  Махамбеттің  ауызша 

шығармалары бірте-бірте қобыз-домбыра шанағынан түседі де, ақ 

қағазға қалам ұшы таңба болып, XVIII-XIX ғасырда жазба әдебиет 

нұсқаларына айналды. Бұдан соң да Ақжайық XX ғасырда Жұбан 

мен  Қадыр,  Қайрат  пен  Ақұштап  сынды  ақындарды  дүниеге 

әкелді.  Осы  ақындардың  қатарынан  Жанғали  Набиуллинді  де 

кӛруге болады. 

«Жанғали - Нарын құмының перзенті. Жанғали - есте жоқ 

ерте  кездегі  поэзия  ұрығы.  Бұл  дән  қазіргі  поэзия  топырағына 

енеді  де  сыршыл,  әрі  пәлсафашыл  нұрлы  лирика  туғызады»-деп 

филология ғылымының кандидаты,  М.Ӛтемісов атындағы БҚМУ-

нің  доценті  Серікқали  Шарабасов  ӛзінің  мақаласында  Жанғали 

ағаның ақындық шығармашылығына зор баға берген.  

Бұл әдістемелік-библиографиялық құралда ақынның ӛмірі, 

шығармалары,  ақын,  Мемлекеттік  сыйлықтың  иегері  Қадыр 

Мырза  Әлидің  «Осы  жұрт  Жанғалиды  біле  ме  екен?» 

тақырыбындағы  мақаласы,  мерзімді  басылымдар  бетінде  жарық 

кӛрген  мақалалары  бойынша  кітап  кӛрмесінің  жобасы,  поэзия 

кеші,  ақынның  шығармашылығын  насихаттауға  арналған  әдеби-

сазды  композициялық  кешті  ұйымдастырудың  жобалары,  ақын 

шығармашылығы 

туралы 

әдебиеттердің 



библиографиялық 

кӛрсеткіш тізімі беріліп отыр. 

     

   Әдістемелік-библиографиялық 



құралдың  мақсаты  - 

облыс  кітапханашыларына  Қазақстан  Жазушылар  Одағының 

мүшесі,  ақын  Ж.Набиуллиннің  75  жасқа  толуына  орай  ӛмірі  мен 

шығармашылығын насихаттауға әдістемелік кӛмек кӛрсету. 

 

 

 



 

 


 

 



Ж.НАБИУЛЛИННІҢ ҾМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ  

 

Ақын,  Қазақстан  Жазушылар  Одағының  мүшесі  Жанғали 

Набиуллин 1936 жылы 13 желтоқсанда бұрынғы Жаңақала ауданы 

Саралжын ауылында, қазіргі Бӛкейорда ауданының  «Құрманғазы» 

ауылдық округінде дүниеге келген.  

1960 


жылы 

Оралдың 


А.С.Пушкин 

атындағы 

педагогикалық  институтының  филология  факультетін  ойдағыдай 

бітіріп  шықты.  Жаңақала,  Жалпақтал  аудандарында,  Батыс 

Қазақстан,  Маңғыстау  облыстық  газеттерінде  кызмет  істеді. 

Қазақстан  Жазушылар  Одағының  кеңесшісі  болды.  Кейін 

республикалық  «Аққұс»,  облыстық  «Орал  ӛңірі»,  «Серпер» 

басылымдарында қызметте болды.  

Оның алғашқы бір топ ӛлеңдері «Жас дәурен» атты ақын-

жазушылардың  топтама  ӛлеңдер  жинағында  1961  жылы 

жарияланды,  ал  1977  жылы  ӛлеңдері  «Қазақ  кеңес  поэзиясының 

антологиясына» кірген. 

1967  жылы  «Жазушы»  баспасынан  Жанғалидың    «Ақ 

жаңбыр»  атты  тұңғыш  ӛлеңдер  жинағы  жарық  кӛрді.  Ақынның 

тырнақалды  кітабын  «Ақ  жаңбыр»  деп  атауының  ӛзі-ақ  кітаптың 

бүкіл  тынысын,  жас  таланттың  байсалды  ой  түйінін  анықтап 

тұрғандай. 

Жинақ  кітаптарына  енген  ӛлеңдердің  тақырыптары 

негізінен-соғыс,  бейбітшілік,  заман  тағдыры,  туған  жерге  деген 

сүйіспеншілік,  замандастардың  ой-арманы,  еңбектегі  ерлігі, 

жастарға үлгі-ӛнеге боларлық тебіреністер. 

Сондай-ақ  Жанғали  Набиуллиннің  қаламынан  «Таныс 



ҽуендер»  (1968ж),  «Ақ  сҿйле  жүрегім»  (1970ж),  «Орда  - 

қаһармандар  қаласы»  (1972ж),  «Қас  қағым»  (І983ж), 

«Жырлайды  жылдар»  (1985ж),  «Жоғары  кернеу»  (1989ж), 

«Жетінші перне» (2001-2006 жж) атты 5 томдық жинағы жҽне 

«Он  сегіз  жасқа  толмаған  махаббатым»  (2009ж)  ҿлеңдер 

жинақтары жарық кҿрген.  

 

 

 

 



Ақын  Жанғалидың  қаламгерлік  қарымына,  ақындық 

адымына,  ӛмірдің  ӛзіндей  ӛлеңдеріне  ақын-жазушылар,  теорик 

әдебиетші  ғалымдар  тарапынан  бағалар  да  кӛптеп  беріліп  келеді. 

Соның  бір  шоғыры  тӛмендегідей  ой  ӛреді.  Мәселен,  ақын  Ғафу 

Қайырбеков:  «Ақын  диапазоны,  тынысы  кең.  Жалған  айқай  жоқ, 

жан сенетін дауыс бар. Ӛлең ӛрнектері, формасы, техникасы, буын 

ырғақ  –  бәрі  айтар  тақырыпқа  бағынған,  палитрасы  бар. 

Сондықтан да ӛлеңдері ішінде сайран саласың, кеңшілік сезінесің. 

Ауқымды  тақырып,  биік  идеяны  жырлауға  мүмкіндігі  мол, 

алғашқы  ауру-еліктеулерден  алыстап,  ӛз  орбитасына  қарай 

тартқан  ӛзгеше  мінезді  ақынды  кӛремін»,  -  дейді.  Ғафу  ақын 

қалайша  дәл  айтқан  десеңізші!  Тамыршыдай  тапқыр.  Ақынды 

шалқар  шабытқа  шомылдырар  осындай  алдыңғы  толқын  ағалар 

тарапынан берілген орынды бағалар ғой. 

Ақын 

Боранғали 



Ырзабаевтың 

«Жанғали 

ӛмірлік 

тақырыпты  ӛзінше  илейді,  иін  де  ӛзінше  қандырады,  ешкімнің 

сүрлеуіне  түспейді,  ешкімнің  шаңының  астында  да  қалғысы 

келмейді,  ойды  ӛзінше  қорытындылайды,  ӛз  философиясы  бар 

және  ол  қарапайым  да  түсінікті»,-  деуінің  де  бір  артық-кемі  жоқ 

деп білеміз. 

         Қысқасы,  ақын  Жанғали  ӛмірді,  адамды  ӛзінше  жырлайды, 

ойлы  ӛлеңдерімен  оқушысын  еліктіріп,  ӛзіне  ертіп  отыратын 

бірегей  ақын,  тума  талант.  Ақынның  ӛлеңдері  ӛміртану 

иірімдерінің  ӛзгеше  жазылуымен  қызықтырады.  Жанғали  аға  – 

оқырманы бар және бола беретін ақын. 

      Ж.Набиуллин  Жаңақала  ауданының  және  Орал  қаласының 

құрметті азаматы. 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 



ОСЫ ЖҰРТ ЖАНҒАЛИДЫ БІЛЕ МЕ ЕКЕН?  

 

Қаншама  сүйкімді  жырлар  жазып,  қаншама  жүйелі 

топтамалар  берсе  де,  қаншама  қуатты  кітаптың  авторы 

болса да, қазақ әдеби сынының оң көзіне ілігіп, өзіне лайық әділ 

бағасын  ала  алмай  жүрген  әдемі  ақындарымыздың  бірі  – 

Жанғали  Набиуллин.  Белинский,  Добролюбов,  Чернышевскиі, 

тіпті  Писареві  болмаған  пұшайман  әдебиеттің  бейшаралығы 

осында енді. 

   


Қай-қай  жағынан  да  білікті,  ең  алдымен,  әсіресе, 

азаматтығы  биік  Белинскийлер  Пушкиндермен,  Лермонтовтармен 

ғана  шектеліп  қоймай,  астанадан  әбден  аулақта  жатқан  еңбеккер 

де  дарынды  ақындарын  ауыздарынан  тастамай,  үнемі  айтып 

жүрген. Кольцов пен Никитин секілді әбеқоңыр ақындарының ӛзін 

аспанға  кӛтеріп,  әдебиет  тарихына  сүйреп  кіргізген-ді.  Біздің 

сыншыларымыз, кӛңілдеріне келсе де айталық, дарындарын былай 

қойғанда,  кісілігінің  ӛзімен  де  Белинскийлердің  бақайынан 

келмейтін  еңсесіздер,  әдебиеттің  кӛшбастары,  серкесі  болуға 

жарамаған бақай есептің ӛкілдері ғана! 

    

  Біздер,  қазақтар,  талант-дарынға  аса  бай  елміз.  Олар 



үзбей,  үзілмей,  лек-легімен  келіп  жатады,  келіп  жатады.  Әрине, 

оп-оңай  емес,  қысылып-қымтырылып,  жан-жағына  жалтақтап, 

кӛрместі кӛріп, кӛшке ілесіп кетеді әйтеуір! Бірақ олардың біреуін, 

ең  болмаса  біреуін  қолынан  жетектеп,  жалпақ  жұртқа  жария 

қылған  бір  де  бір  қазақ  әдеби  сыншысын  кӛре  алмадық. 

Таланттарды  тауып,  маңдайынан  сипап,  бата  беріп  жүргендер 

әдеби сыншылар емес, ақындар, ақын ағалар, жазушылар: Әбділдә 

Тәжібаев,  Әбу  Сәрсенбаев,  Ғали  Орманов,  Қуандық  Шаңғытбаев, 

Мұзафар  Әлімбаев  сияқты  асыл  ағаларымыз.  Мұқағали 

Мақатаевты  да,  Жұмекен  Нәжімеденовті  де,  Ӛтежан  Нұрғалиевті 

де,  Қанипа  Бұғыбаеваны  да,  Күләш  Ахметованы  да,  тіпті 

Тұманбай  екеумізді  де,  әдебиетке  алып  келген  сыншылар  емес, 

осылар. Біздерді жаңылмай тапқан да, тапқандарына  қуанған да  

 


 

 



сол  ардагер  ұстаздар.  Біз  олардың  алдында  мәңгі-бақи 

қарыздармыз. 

     

  Жанғалидың  жағдайы  басқаша  еді.  Шалғайда  туып, 



шалғайда  тұрақтап  қалды.  Бір-екі  рет  Алматыға  келмек  болып 

әрекет  етіп  кӛріп  еді,  ол  әрекеттен  ештеңе  шыға  қоймады.  Біздің 

басымыздан  сипаған  дуалы  ауыз  қаламгерлерге  оның    қолы 

жетпеді.  Сол  туған  жерінде,  Жайықтың  жағасында  жалғыздан 

жалғын  шауып  жүре  берді.  Бірақ  әдебиет  кӛшінен  қалып  қойған 

жоқ.  Қай  кезде  болмасын  сол  ұзақ  кӛштің  үнемі  жуан  ортасында 

болды.  Сӛйтіп  жүріп-ақ  Әбділдә  ағасының  назарына  ілікті.  Ол: 

«Таяуда менің кӛзіме «Қазақ Совет поэзиясының антологиясында 

жарияланған  «Асыққан  жӛн»  деген  бір  ӛлең  түсті.  Авторы 

Жанғали Набиуллин деген жас ақын екен. Ӛлеңі маған ұнады. Мен 

мұндай  ӛлеңдерді  оқып  қана  қоймай,  дәптеріме  жазып  аламын» 

деді 


республикалық 

жас 


ақын-жазушылардың 

семинар-


мәжілісінде сӛйлеген сӛзінде.  

     


 1968  жылы  әдеби  жыл  қорытындысында    баяндама 

жасаған  Ғафу  Қайырбеков  та  осыған  ұқсас  бір  ірі  сӛз  айтқан-ды. 

«Ауқымды  тақырып,  биік  идеяны  жырлауға  мүмкіндігі  мол, 

алғашқы ауру – еліктеуден алыстап, ӛз орбитасына қарай тартқан 

ӛзгеше мінезді ақынды кӛрдім» деген-ді.  

    


   Ағыл-тегіл,  кӛл-кӛсір  кезінде  айтудайын  айта  білетін 

қайран  Ғафекең  Жанғали  талантының  тамырын  дәл  басқан. 

Шынында  да  әйгілі  әдеби  планеталардың  тартылыс  күшінен  ерте 

құтылып,  ӛлең-жыр  ғарышында  ӛз  орбитасынан  ӛмірі  ауытқып 

кӛрмеген  Жанғалидың  тақырыптарының  ӛзі  ешкімге  ұқсамайды. 

Кӛз жүгіртіп кӛрелік: «Сӛзіме сенбеген әйел», Жауапсыз хаттар», 

«Тілқағыс», «Электрлі білектер», «Шын шақыру», «Ӛзгенің әйелі», 

«Жек  кӛр  мені»,  «Еркектер  үшін  ертегі»,  «Соңғы  шырпы», 

«Қаратпа  сӛйлем»,  «Қара  ниет  туралы  ақ  ӛлең»,  «Әулие 

тыныштық»,  «Тӛрт  миллиардтың  бірі»,  «е2-е4»,    «Тобылғы 

түндер»,  «Бұғымүйізді  ойлар»,  «Ашық  сабақ»,  «Түсірілмеген 

фильмнен  ән»,  «Қауын  тасыған  Жирентӛбел»,  «Нүкте  және  кӛп 

нүкте», «Үркер суға түскен күн»...т.б. 

 


 

 



      

Жанғали  басқа  әріптестеріне  тек  ӛлең  жазғанымен  ғана 

ұқсайды.  Ал  ӛлеңдеріне  үңілер  болсақ,  ол  мүлдем  басқа  ақын. 

Оның ӛмірді кӛруі де, кӛріп қана қоймай, қабылдауы да және оны 

суреттеуі де барынша бӛлек.  

                   ...Қара судай қалғыған қараңғыда- 

                    Жүру қайда!- 

                    Мен ҿзім жүзіп келем. 

                    ...Кідірсе сҽл кідірген шығар күндер 

                    Кешке қарай ҽтештің айдарында. 

                    ...Ойға шомған кҿлдерім қойнаудағы, 

                    Құлыншақтай бой жазған бұлақтарым. 

                    ...Мен ҿтірік айтпаймын 

                    Қара жерді – 

                    Ҿзім жатар моламды басып тұрып. 

                    ...Жұқарды ма тҿзім де бекем-берік, 

                    Сілеусін қар жатқандай бетімде еріп, 

                    Налып кеттім, 

                    Тұрмысқа бір шығудан 

                    Күдер үзген кҽрі қыз секілденіп! 

 

Мұндай-мұндай  мысалдарды  қанша  қажет  болса,  сонша 

келтіруге  болады.    Олар  кӛп.  Ӛйткені  Жанғалидың  табиғаты, 

жазуының ӛзі яки стилі осындай. Антон Чехов «Стиль дегеніміз -

Адам» деп дәл айтқан. 

 

Егер мен «Жанғали-суреткер ақын» десем, онда менің түк 



айтпағаным.  Ӛйткені  суреткер  емес  ақын  -  ақын  емес.  Ал 

суреткерлік  дегеніміздің  ӛзі  –  дарын,  талант,  ерекше  құбылыс 

деген  сӛз.  Ескерте  кететін  бір  нәрсе  -  суреткерліктің  ӛзі  әртүрлі, 

әрқилы болады. 

 

        ...Жүрдік сосын 



        алтын кірпік кҿктемді 

        Бҿліп байлап бұрымына қыздардың. 

 

 

 



         ...Ал күміс күлкің де 

            Бой жетпес 

           сымдарға қалыпты ілініп. 

Бұл  тармақтар  маған  ұнайды.  Ұнағанда  да  жай  ғана  ұнап 

қоймады, қатты ұнайды. Неге? Неге екенін сезем. Бірақ түсіндіре 

алмаймын.  Поэзия  дегеннің  ұлы  қасиетінің  ӛзі  осында  болуы 

керек. Бұл енді барып тұрған құпия! Бұл енді жұмбақ! Бірақ бүкіл 

поэзия  жұмбақтан  тұрады  десек,  онда  қателесеміз.  Анық.  Тіптен 

анық.  Соқырға  таяқ  ұстатқандай  шынайы  бейне-образдар  да 

болады. Оларға да таң қаласың. Оған да таңданасың. 

     Күн туралы Жанғали: 

          ...Бес құрлықты аймалап бес ұлындай 

          Күліп тұрды алтын күн аспанымда- десе,  

қала туралы: 



         ... Бұрын аяз жастанған Бҿрібасар 

         Ҿреді енді 

         Диван мен кереуеттен,-дейді. 

Немесе, қауын тасыған Жирентӛбел жайында 



          ... Тас қорадан ҿрген ол 

          Тас кҿшемен 

          Тас базарға жетеді тастай қатып,-дейді. 

Кӛп  мысал  емес.  Шағын-шағын  үзінді.  Бірақ  шымқай 

кӛріністер. Алғашқы екі жолдағы жарқын кӛрінісі тұтас кӛру үшін, 

автор басқа бір планетаның обсерваториясында отыруға тиіс. Тиіс, 

бірақ нағыз дарын сол суретті ӛзі туған жұмыр жерде тұрып-ақ кӛз 

алдына  келтіре  алған.  Елестетіп  қана  қоймаған,  махаббатқа  толы 

үлкен сомсурет жасай білген. 

Екінші  мысалды  тағы  да  бір  қайыра  оқып  шығып,  сәл 

ойланып  кӛріңізші!  Қалай  кӛремін  десеңіз-  солай  кӛріңіз!  Қалай 

түсінем десеңіз - солай түсініңіз! Ойдың ӛрісі кең. Әттең!  

 


 

 

10 



«Бӛрібасар» деп нақтыламау керек еді. Бӛрібасар ғана ма?! 

Ол  болса  ештеңе  емес.  Иттің  де  бір  абыройлысы,  еңбегі  сіңгені 

ғой!  

Қандендерді  қайда  қоясың?!  Күн  сайын  диван  мен 



керуеттен  ӛріп  жатқан  қандендер  аз  ба?!  О  заман-ай!  Жалпы 

заманның ӛзі иттердің заманына ауып бара жатқан жоқпа па осы?! 

Адамдар  бомж  болып,  босып  кетті.  Ішетін  тамағы,  киетін  киімі, 

жататын  баспанасы  жоқ.  Ал  иттер  қалы  кілем.  Жұмсақ  диван 

үстінде.  Қайсысы  қожайын,  қайсысы  ит?  Әлде  ӛлеңдегі  әңгіме 

ӛтірік  пе?!  Жоқ,  ӛтірік  емес.  Шындық.  Барып  тұрған  шындық. 

Кәдімгі иттер туралы туынды. Бірақ әлеуметтік үлкен дүниені қоса 

кӛтеріп тұрған терең толғау. 

Жанғали  сұмдық  сезінгіш.  Керемет  байқағыш.  Оның 

ақындық  қырағы  кӛзі  ӛзгені  де,  ӛзін  де  қылп  еткізбей  бағып, 

тексеріп  отырады.  Адам  жанының  ықпыл-жықпылын,  ию-қию 

қалтарыстарын ерінбей ақтарады. 



... Елу жылың тебінде жусап жатып, 

Қиын екен жаяулап қусаң бақыт,- дейді ақын.Оқыс ой. 

Жылқың емес, жылың тебінде жусап жатыр. Бір сӛздің орнына бір 

сӛз түсіп кеткендей. Сӛйте тұра дұрысы сол: жылқы емес, жылдар. 

...Бір жҽнтіктің балтыры сыздамаған, 

Ауырмаған басы да бір шыбықтың! 

Ал  керек  болса!  Әдетте адамның ғана балтыры сыздаушы 

еді.  Әдетте  адамның  ғана  басы  ауырушы  еді!  Мына  бір  егіз 

тармақта  адам  емес  –  жәнтік.  Жәнтік  түгіл,  шыбығыңның  ӛзі 

етіңнен  ет  кесіп  беретін  біртуғаның    тәрізді.  Тәрізді  деймін. 

Шынында  да  жақынымыз    емес  пе?  Егер  біздер,  адамдар,  дүйім 

табиғатқа  туысымыздай    қарамасақ,  жақынымыздай  жанымыз 

ашымаса, дүние не болар еді?!  

 

 


 

 

11 



        Ақынның  ертеден  кешке  шейін  бағатыны  –  айналасы  яки 

адамдар.  Оның  аккумуляторы  да  -  сол,  тӛңірегі.  Жинақтап 

айтқанда - Ӛмір. 

 

         ... Бір ғажабы 



 

         Сұлулардың кҿзінше 

 

          Біреулерге ренжи де алмайсың. 

 

Мұндай тармақтарды талдау үшін, бір емес, бірнеше парақ 



керек. Бірақ оқырмандарға сенімсіздік білдірмей, оны аңғарымпаз 

ағайындардың ӛздеріне қалдырдық. 

 

       ...Жауабын да соңынан берейінші, 



 

       Сол «соңынан» бұйырса екеумізге. 

 

       Білмеймін-ау 

 

       Ұмыта алар ма екенмін! 

деген  тармақтардың  тұсында  ӛзіңнен  ӛзің  елеңдеп,  сәл  сасып 

қаласың.  Бұл  психологиялық  сәттер.  Бұл  –  ойдың,  сезімнің  оқыс 

мінез кӛрсетуі. Асығып бара жатып- тоқтау, ұша беріп-қону тәрізді 

құбылыс. Поэтикалық ұтымды тәсіл. 

 

        ... Айна алдына галстук таға барсам



 

        Костюм киіп, 

 

        Тұр екем жалаң аяқ-дейді ақын бір ӛлеңінде. Ӛзін-ӛзі 

қалт  жібермей  қадағалаудың  классикалық  үлгісі.  Әдетте  біздер 

ӛзгенің  кемшілігін  кӛруге  бармыз,  ӛзіміздің  осалдығымызды 

кӛруге  жоқпыз.  Ӛзіңді  ӛзің  бақылау,  ӛз  пенделігіңді  ӛзің  әжуа 

қылғаннан асқан қандай кемеңгерлік болуы мүмкін. Әттең! Әттең! 

Адамдар  соны  түсінбейді.  Түсінгілері  де  келмейді.  Адам-

адамзаттың моделі. Ӛзін ӛзі түбегейлі зерттеген, әбден білген, кӛзі 

жеткен  кісі  кез  келген  характерді  жасай  алады.  Біздің 

әрқайсымыздың бойымызда дәлдір де, данышпан да, адал да, арам 

да,  періште  де,  пері  де  -  бәрі  де  бар.  Тұтас  қалпында  болмаса 

жасауға солар жетіп жатыр. 

Жанғали – тынымсыз ізденіс үстіндегі талант. Ал ізденіс  



 

 

12 



үстіндегі  ақында  ешқашан  тоқырау  болмайды.  Оның  ӛлеңдерінен 

біз осыны байқаймыз. 



Мойындауым үшін мен ҿзімді ҿзім 

Келем маңдай терімді құрғатпастан - дейді ол. 

Жарайсың, Жанғали! Құрғатпа теріңді!!  

Босатпа тізгініңді! 

Ертелі-кеш жаңа ҿлең тумаса да, 

Ертелі  –кеш  орнымда  отырамын!-  деп  едің  ғой  бір 

ӛлеңінде.  Сол  орныңнан  қозғалма!Ең  үлкен  қасиет  -  ӛз  орнынан 

табылу.  Қозғалма!  Безіп  кетпе!  Сені  іздеген  ӛлең-жыр  сені  сол 

орныңнан  табатын  болсын!  Бір  келгенде  болмасаң,  екінші 

келгенде  болмасаң-  ӛлең  мен  шабыт  іздегенін  қояды.  Кӛңілі 

қалады. Құдай оның бетін аулақ қылсын! 

 

Қадыр Мырза Әли 

         // Жас алаш.- 2001.- 22 желтоқсан 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

13 



ЖЫРЛАЙДЫ ЖЫЛДАР 

Кітап көрмесінің жобасы 

 

«Биіктік пен тереңдік»  

І бҿлім. 

Дәйексӛз: «...Жанғали - үлкен ақын. Оның ӛлеңдері    

                   Заман температурасына тәуелді емес.                     

                   Ӛйткені олар қай заман үшін де актуальды,      

                   тақырыбы да тақырыбының ӛрімі де -    

                   мәнді, маңызды, мәңгілік». 



Қ.Мырза-Әли. 

 

Кітап  кӛрмесінің  бұл  бӛліміне  ақынның  ӛміріне 



байланысты  деректер,  елі,  жері  туралы  мәліметтер  беретін 

ақынның ӛз шығармалары қойылады. 



 

«Жұлдызды Жайық»  

П  бҿлім. 

Дәйексӛз: «Ақ Жайығым ӛзіндей жанар жастың! 

                              Сертім берік жүзіндей ақ алмастың:  

                              Жан жүрегім лүпілдеп тұрған кезде

                              Мен сенімен сырласпай қала алмаспын." 

Ж.Набиуллин. 

 

Кітап  кӛрмесінің  ІІ  бӛліміне  ақынның  ӛлеңдері,  толғау-



дастандары,  әзіл  әңгімелері  қойылады.  Оның  ӛзі  жазған 

туындылары 

кӛрмеге 

хронологиялық 

тәртіп 

бойынша 


орналастырылады. 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

14 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет